Хіх ғасырдың І жартысындағы қазақ елінің саяси әлеуметтік хал – ахуалын сипаттаңыз



бет1/13
Дата29.12.2023
өлшемі93,05 Kb.
#145027
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

  1. ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ елінің саяси - әлеуметтік хал – ахуалын сипаттаңыз

Қазақ даласында ХІХ ғасырда патшалық Ресей отарлаушылары жүргізген саяси әлеуметтік реформалар сол кезеңдегі шығармашылық өкілдерінің өзекжарды тақырыбына айналды. Хандық басқару жүйесі ыдырағаннан кейін, үздік-создық ұлт-азаттық қозғалысқа ұласқан наразылықтың жалпы халықтық қуатты күшке айналып кетуіне түрлі ішкісыртқы жағдаяттар кедергі болды. Бұрқ етіп басталып, күшпен басылып, кайта өршіп отырған ұлт-азаттық қозғалыс тарихының қандай кезеңдерінде болсын ақын мен жыраулардың сөзі, әдебиет мұраты ғана жолынан да, жүрісінен де жаңылмады. ХІХ ғасыр адамзат тарихында мәдениеттің, ғылым мен білімнің, әдебиет пен өнердің дамуына ерекше орын алды. Әлемдік тарихтың және мәдениеттің бір бөлігі ретінде Қазақстан мәдениеті де бұл дамудан шет қалған жоқ.
Жалпы 19 ғ-дағы әдеби тіл екі сапалы белекке белініп түрады. 19 ғ-дың 1-жартысы патша үкіметінің Қазақстан жерін отарлау әрекетінің ең бір шешуші көзеңі болды. Қазақ даласының көптеген жері Ресей империясының қүзырына кіріп, ел басқару билігін патша үкіметі толықтай өз қолына алды. Ол үшін 20 жылдары хандық басқару жүйесін жойды да, ел басқару мен сот-билік жүргізудің жаңа тәртібін енгізді. Бұл жаңа устав бойынша қазақ елі әкімш. округтерге, округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінетін болды. Бұрынғы ата-бабаның әдет-ғурпымен билік айтып шешім қабылдайтын билермен бірге ауыр қылмыстар мен саяси істерді қарайтын жаңа сот жүйесі пайда болды. Елеулі экономикалық өзгерістер енді. Әсіресе сауда- саттық күшейді. Саудаға қазақ байлары араласа бастады. Қазақжерінде ашылған жәрмеңкелердің саны көбейді. Егіншілік кәсібі етек жайып, егіс қуралдары қолданыла бастады. Сауданың жедел дамуына байланысты саудагерлер, алыпсатарлар, өсімқорлар шықты. Қулдардың әлеуметтік тобы жойылып, төлеңгіттер султандар жанынан кетіп, жеке руға айналды. Батырлар мен билердің әлеуметтік сипаты біраз өзгерді, жатақ, усақ қоленершілер пайда болды. Бұл көзде қазақ даласында ана тіліндегі мектептер, баспасөз, кітап шығару ісі болған жоқ. 1822 жылғы Устав бойынша қазақтарға балаларын орыс мектебіне беруге рүқсат берілгенімен, онда оқитын қазақ балаларының саны тым аз болатын. Россияның Қазақстан территориясын отарлауы аяқталуымен байланысты халықтың патриархалдық тұрмыс-тіршілігі бірте-бірте өзгеріп, көшпелі ел отырықшылыққа ауысып, мал ш-мен қатар егіншілік кәсіппен де айналыса бастады, сауда-саттық күшейді. Қалалар саны көбейді, әр жерден кен көздері ашылып, өндіріс орындары пайда бола бастады. Қазақ қоғамының қүрылысына да өзгерістер ене бастады, жаңа әлеуметтік топтар пайда болып, кенөлері тарих сахнасын босатты. Рухани өмірде де жаңалықтар орын алды. Қазақ халқы оқу-біліммен етене жақындаса бастады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет