Мессбауэр (гамма-резонанстық) спектроскопия. Орындаған: Омарова. А


физиктердің анықтауы бойынша Мессбауэр эффекті арқылы қозған ядролардың өмір сүру уақытын және ядролардың көлемін,дәл магниттік мөлшерін анықтауға болатынын айтты



бет4/4
Дата09.05.2022
өлшемі168 Kb.
#33168
1   2   3   4
физиктердің анықтауы бойынша Мессбауэр эффекті арқылы қозған ядролардың өмір сүру уақытын және ядролардың көлемін,дәл магниттік мөлшерін анықтауға болатынын айтты.

Химиктер ушін 2 параметр маңызды болып табылды. олар резонанстық сигналдың химиялық қозғауы мен квадрупольдік жарылу.

Мессбауэр сызықтары өте жіңішке және ондағы ядро-сіңіргіштің энергетикалық күйінің болмашы өзгерісі резонансты сіңіру жиілігін сәулелендіруші ағым энергиясы резонанс шартына сәйкес келмейтіндей дәрежеге ығыстырады. Сол сияқты атомның ядро деңгейіне химиялық қоршау ықпалымен байланысты химиялық ығысу да резонанс жағдайының ауытқуына келтіреді. Сондықтан да байқау және оны өлшеу үшін осы ауытқуларды нақтылы теңестіру керек. Ондағы бөлшек жылдамдығы аса жоғары емес және оны іске асыру оңай. Мессбауэр спектрометрінің блок-схемасы 1-суретте көрсетілген.

Мессбауэр спектрометрінің блок-схемасы

1-сурет. Мессбауэр спектрометрі:

a - торап жүйе; б - өлшемдердің өзгеру реті.

Іс жүзінде сәуле шығару көзін ғана ауыстырып отырады, ал қалғандары көбіне өзгеріссіз қалады, өйткені үлгіні әдетте тербеліс торды қатыру үшін салқындатады. Сәуле шығару көзін жылжытуды, ондағы үдеуді әуелі бір бағытта, сосын екінші бағытта өзгерге отырып, тұрақты болатындай сигнал генератор сигналын бағдарлама арқылы басқаратын двигатель көмегімен жүргізеді. Бір цикл ішінде барлық жылдамдық диапозоны қамтылады. Ығысу квазипарабола кисығы бойынша алынған уақытқа тәуелді өзгереді. Детектордан шыққан сигнал бір каналды анализаторға түседі, одан бұйрық беретін басқару двигателімен байланысқан, генератормен синхронды көп арналы анализаторға беріледі. Бұл канал мен жылдамдықтардың жіңішке аралығына сәйкес. Ондағы осцилографта дыбыс берудің жылжу жылдамдығына тәуелділігі кескінделеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет