Қосымша тапсырма
Үш тәсілмен:
а) темір(ІІІ) хлоридін; ә) алюминий хлоридін алыңдар.
Сұйылтылған күкірт қышқылы мен мына заттардың: Cu, АІ, NaCI, Cu(OH)2, ZnO, NaOH,
Na2CO3 қайсысымен әрекеттеседі? Іске асатын реакцияларды орындаңдар.
Лабораторияда мынадай реактивтер бар:
а) калий гидроксидінің ерітіндісі; ә) қатты натрий карбонаты; б) азот қышқылының ерітіндісі; в) концентрациялы күкірт қышқылы; г) мыс (ІІ) хлоридінің ерітіндісі; ғ) мыс;
Осы реактивтерді пайдаланып, қанша жаңа заттар алуға болады? Мүмкін болатын реакция
теңдеулерін жазыңдар.
Жұмысты орындаудың қысқаша жоспарын құрып, байқағандарыңды сол реттілікпен
қорытындылап жазыңдар.
Мақсаты: Металдардың сапалық құрамын анықтауды, реакция теңдеуін жазуды, заттарды бір - бірінен ажыратуды үйрену. Ойлау қабілетін қалыптастыру, қызығушылығын арттыру.
Қажетті құралдар мен реактивтер:
Қажетті құралдар: сынауықтар, тұрғы, Д.И.Менделеевтің кестесі, ерігіштік кесте.
Қажетті реактивтер: FeCl3, AlCl3, CaCl2, FeSO4, Na2SO4, Al2(SO4)3, CaO, Ca(OH)2, FeCl2, CaCO3, Ca(HCO3)2
Жұмыстың барысы:
І-нұсқа
1.есеп
Темір (ІІІ) хлориді, алюминий хлориді, кальций хлориді, ерітінділерінің әрқайсысы қай сынауықта екенін анықтаңдар.
Шешуі:
1. FeCl3 + 3NaOH → Fe(OH)3↓ + 3NaCl
Fe3+ + 3Cl- + 3Na+ + 3OH- → Fe(OH)3↓ + 3Na+ + 3Cl-
Fe3+ + 3OH- → Fe(OH)3↓
2. AlCl3 + + 3NaOH → Al(OH)3↓ + 3NaCl
Al3+ + 3Cl- + 3Na+ + 3OH- → Al(OH)3↓ + 3Na+ + 3Cl-
Al3+ + 3OH- → Al(OH)3↓
3.CaCl2 + Na2CO3 → CaCO3↓ + 2NaCl
Ca2+ + 2Cl- + 2Na+ + CO32- → CaCO3↓ + 2Na+ + 2Cl-
Ca2+ + CO32- → CaCO3↓
2.есеп
Темір (ІІ) сульфаты, натрий сульфаты, алюминий сульфаты ерітінділерінің әрқайсысы қай сынауықта екенін анықтаңдар.
Шешуі:
1.FeSO4 + BaCl2→ BaSO4↓ + FeCl2
Fe2+ + SO42- + Ba2+ + 2 Cl- → BaSO4↓ + Fe2+ + 2Cl-
Ba2+ + SO42- → BaSO4↓
2.Na2SO4 + BaCl2 → BaSO4↓ + 2NaCl
2Na+ + SO42- + Ba2+ + 2Cl- → BaSO4↓ + 2Na+ + 2Cl-
Ba2+ + SO42- → BaSO4↓
3.Al2(SO4)3 + 3BaCl2 → BaSO4↓ + 2AlCl3
2Al3+ + 3SO42- + 3Ba2+ + 6Cl → BaSO4↓ + 2Al3+ + 6Cl
3Ba2+ + 3SO42- → BaSO4↓
3.есеп
Мына сызбанұсқа бойынша: CaO → Ca(OH)2 → CaCl2 кальций оксидінен кальций хлоридін алыңдар.
Шешуі:
CaO + H2O → Ca(OH)2
Ca(OH)2 + 2HCl → CaCl2 + 2H2O
ІІ - нұсқа
1.есеп
Темір (ІІ) хлориді, калий хлориді, алюминий хлоридтері ерітінділерін бір реактивпен анықтаңдар.
Шешуі:
1.FeCl3 + 3AgNO3 → 3AgCl↓ + Fe(NO3)3
Fe3+ + 3Cl- + 3Ag+ + 3NO3- → 3AgCl↓ + Fe3+ + 3NO3-
3Ag+ + 3Cl- → 3AgCl↓
2.KCl + AgNO3 → AgCl↓ + KNO3
K+ + Cl- + Ag- + NO3- → AgCl↓ + K- + NO3-
Ag- + Cl- → AgCl↓ -
3.AlCl3 + 3AgNO3 → 3AgCl↓ + Al(NO3)3
Al3+ + 3Cl- + 3Ag- +3NO3- → 3AgCl↓ + Al3+ + 3NO3-
3Ag+ + 3Cl- → 3AgCl↓
3.есеп
Темір (ІІ) хлориді, натрий сульфаты, алюминий сульфаты ерітінділерін бір реактивпен анықтаңдар.
Шешуі:
1.FeCl3 + 3NaOH → Fe(OH)3↓ + 3NaCl
Fe3+ + 3Cl- + 3Na+ + 3OH- → Fe(OH)3↓ + 3Na+ + 3Cl-
Fe3+ + 3OH- → Fe(OH)3↓
2.Na2SO4 + BaCl2 → BaSO4↓ + 2NaCl
2Na+ + SO42- + Ba2+ + 2Cl- → BaSO4↓ + 2Na+ + 2Cl-
Ba2+ + SO42- → BaSO4↓
3.Al2(SO4)3 + 3BaCl2 → BaSO4↓ + 2AlCl3
2Al3+ + 3SO42- + 3Ba2+ + 6Cl → BaSO4↓ + 2Al3+ + 6Cl
3Ba2+ + 3SO42- → BaSO4↓
4.есеп
Төмендегі айналымдарды тәжірибе жүзінде іске асырып, химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар:
Ca(OH)2 → CaCO3 → Ca(HCO3)2 → CaCO3
Ca(OH)2 + СО2 → CaCO3 + Н2О
CaCO3 + Н2О + СО2 → Ca(HCO3)2
Ca(HCO3)2 → CaCO3↓ + Н2О + СО2
№
|
Тексерілетін икемділіктер
|
1.
2.
3.
|
Заттарды ажырата білу
Металл иондарын жалынның түсінің боялуы бойынша ажырату
Металл иондарын сапалық реакция бойынша ажырату
Ерітінділердегі қоспаны ажырату
Металл тұздарының сапалық құрамын анықтау
Берілген затты химиялық жолмен алу
Алюминий (III) сульфатын алу.
Темір (II) сульфатын алу
Химиялық реакциялардың теңдеуін жазу
Молекулалық теңдеуін жазу
Толық иондық теңдеуін жазу
Қысқарған иондық теңдеуін жазу
| Металдар тақырыбы бойынша есептерді шешу тапсырмалары:
1-есеп. Индикаторды қолданып, мырыш сульфаты натрий карбонаты, натрий хлориді ерітінділерін анықтаңдар.
2-есеп. Мырыштан мырыш гидроксидін алыңдар.
3-есеп. Темірден темір (III) гидроксидін алыңдар.
4-есеп. Сендерге берілген тұз натрий карбонаты екенін дәлелдеңдер.
5-есеп. Сендерге берілген тұз натрий сульфаты екенін дәлелдеңдер.
6-есеп. Ерітіндісі бар сынауықтардың қайсысында мынадай тұздар: темір (III) хлориді, мыс хлориді, кальций хлориді бар екенін аныұтаңдар.
7-есеп. Ерітіндісі бар сынауықтардың қайсысында мынадай тұздар: темір(III) сульфаты, натрий сульфаты, мырыш сульфаты бар екенін анықтаңдар.
11-есеп. Сендерге берілген судың карбонатты кермектігін жойыңдар.
12-есеп. Сендерге берілген кермек суда кальций сульфатының бар екенін дәлелдеңдер.
13-есеп. Берілген темір (II) сульфатының ерітіндісінде темір (III) сульфатының қоспасы бар екенін дәлелдеңдер.
14-есеп. Сендерге берілген натрий гидроксиді ерітіндісі ашық банкіде сақталғанда біртіндеп натрий карбонатына айналатынын дәлелдеңдер.
15-есеп. Басқа реактивтерді қолданбай, ерітіндісі бар 3 сынауықтың қайсысында: мырыш хлориді, магний хлориді, натрий гидроксиді бар екенін табыңдар.
16-есеп. Басқа реактивтерді қолданбай, ерітіндісі бар 3 сынауықтың қайсысында темір (II) сульфаты, калий гидроксиді, магний сульфаты бар екенін анықтаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |