Мысты алу әдісі: Негізгі мыс өндіруде қолданылатын шикізат - сульфидтік кендер. Оларға жататындар: халькопирит CuFeS2, борнит Cu5FeS4, ковеллин CuS, халькозин Cu2S. Мыс кендері құрамында басқа да бағалы металдар болады: мырыш, қорғасын, никель, кадмий, молибден, күміс, алтын. Оларды өндіру кенді өңдеудің маңызды технологиялық міндеті болып табылады.
Мыс кендерін алдымен флотация әдісімен байытып, гидрометаллургиялық немесе пирометаллургиялық әдістердің бірімен металл өндіреді.
Мыс алуды алдымен кенді ізбес тас пен кварцты қосып өртеуден бастайды. Өртеу мақсаты мыс сульфидін оксидке айналдыру, ондағы күкірт мөлшерін кеміту. Техникалық процесс химизмі күрделі, дегенмен халькопирит мысалында сызбанұқасын келесідей етіп көрсетуге болады:
4FeS2+7O2=2Fe2O3+4SO2
Cu2S+2O2=2CuO+SO2
6CuO+FeS=FeO+3Cu2O+ SO2
2CuFeS2= Cu2S+FeS+1/2S2
Cu2S+2Cu2O=6Cu+SO2
2FeS+6Fe2O3+7SiO2= 7Fe2SiO4 + 2SO2
Осындай жолмен алынған «шикі мыс» электролиздік жолмен тазаланады. Темір оксидтері мен сульфидтері кремний оксидімен шлак түзеді.
Мырышты алу.
Мырышты мырыш оксидінен алады. Бастапқы шикізат ретінде мырыш карбонаты немесе мырыш сульфиді алынады. Мырыш карбонаты шахта пештерінде қақтау арқылы мырыш оксидіне айналдырылады.
ZnCO3 = ZnO+CO2
Мырыш сульфиді жалынды немесе муфельді пештерде күйдіру арқылы мырыш оксидіне айналдырылады.
2ZnS + 3O2 = 2ZnO +2SO2
Cоңынан мырыш окиді кокспен тотықсыздандырылады.
C + ZnO = CO + Zn
Қызыл мырыш кені мен сусыз мырыш силикатын көміртекпен бірден қосып қыздырған кезде тотықсызданады.
Мырыш буының біраз бөлігі ерекше темір ыдыстарда мырыш ұнтағы түрінде ұсталады, ал келесі бөлігі сұйық металл түрінде конденсацияланады. Алынған шикі мырыш әрі қарай басқа металл қоспаларынан тазартылады.
Мырышты электролиз әдісімен де алуға болады:
2ZnSO4 +2H2O электролиз 2Zn(катод) + O2(анод) +2H2SO4
Немесе азот ағынында (850-880 С) келесі реакция арқылы аламыз.
ZnS +2ZnO = 3Zn +SO2
Достарыңызбен бөлісу: |