Ванадийді алу әдісі: Техникалық жолмен ванадий алу үшін, патронитті руданы флюс қосып жалынды пеште балқытады. Ауыр қоспалар тұнбаға түсіп, ванадий шлакқа өтеді. Техникалық мақсат үшін қолданылатын феррованадий алынады. Оны алу әдісі алюминотермияға негізделген:
V2O3+2Al→AI2O3+2V
98-99%-тік метал ванадий алғандар Руфф және Мартин.
Ванадий магнезия тигельдерде, көмір қосып тотықсыздандырып алынады. Алынған зат әрі қарай вакуумде доғалды пеште балқытылады:
V2O5 + Fe2O3 + 8C кокс → 2(V,Fe) + 8CO 1000оС
1934 Деринг таза ұнтақ ванадийді сутек ағынында қыздырып алады. Комплектілі өте таза ванадий ван Аркель және де Бур әдісімен алынған.
VCl3 + KCl →K[VCl4]
[V(CO)6] = V + 6CO (60-70оС N2 атм)
Э2О5 + 5Са → 2Э + 5СаО
K2[ЭF7] + 5Na → Э + 2KF + 5NaF
Э2O5 → K2[ЭF7] - электролиз. Өте таза металдар гидрид, галогенидтерін айыру арқылы алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |