Илемдеудегі үйкеліс коэффицентін - қарпу бұрышын, озып кетуді және ұлғаюды анықтау үшін ғана емес, сонымен қатар энергокүштік параметрлерді есептеу үшін де білу қажет. Бір жағынан илемдеу процесі үйкеліс болғанда ғана жүзеге асса, екінші жағынан үйкеліс шамасының жоғары болуы энергия шығындарының көп болуына әкеп соғады. Сондықтан жаншу шамасы қарпу бұрышымен шектелетін жерлерде пішінбілікті кертулер мен балқытып қаптастыру шаралары арқылы үйкеліс коэффициентін өсіруге тура келеді, ал жаншау шамасын жабдық беріктігі немесе жетек қуаты шектейтін болса, онда үйкеліс коэффициентін жақсы ажарланған пішінбіліктер мен әртүрлі майларды қолдана отырып кемітеді.
Илемдеу кезіндегі үйкеліс коэффициентінің ақиқат мәнін эксперимент жүзінде дәл анықтау өте қиын, өйткені үйкеліс коэффициентінің шамасы пішінбілік бетінің күйінен, майлануынан, илемдеуегі қысым мен температурадағы, илемдеу жылдамдығынан, пішінбілік материалы мен илемделетін металлға және т.б. тәуелді.
Әдебиеттердегі үйкеліс коэффициентін анықтау әдістері әрбір нақтылы илемдеу жағдайы үшін жанама анықтауға ғана мүмкіндік береді.
Тілкемдер мен пішіндерді ыстықтай илемдегенде үйкеліс коэффициентін μ Экелунд формуласы бойынша анықтауға болады:
m = n1 × n2 × n3 (1,05 – 0,0005 t°) , (3.15)
мұндағы t – металл температурасы, С;
n1- пішінбілік беттерінің күйін сипаттайтын коэффициент; болат пішінбілктер үшін n1=1, шойын үшін n1=0,8;
n2- илемдеу жылдамдығын ескеретін коэффициент, v=1;5;10;15;20 м/с болғанда n2= 1,0; 0,9; 0,8; 0,75; 0,7;
n3-илемделетін металдың химиялық құрамын ескеретін коэффициент, мысалы, көміртекті болаттар үшін (Ст.3) n3=1,0; Р-18 үшін n3=1,10; ШХ15-1,30; 12Х18Н10Т-1,40; 15Х25Т-1,55 және т.с.с. (3.15) формуласы t>7000 C болғанда ғана дұрыс.
Табақты және тілкемді металдарды салқындай илемдеудегі үйкеліс коэффициентін анықтау үшін теориялық есептеулер мен эксперименттер нәтижесінде алынған анықтамалық мәліметтерді пайдалануға болады.