Металдың жалпы сипаттамалары және құрылымын оқу тәсiлдерi


Қатты күйінде бір-бірінде шексіз еритін қорытпалардың диаграммасы



бет10/12
Дата24.12.2022
өлшемі2,75 Mb.
#59391
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Тема 1

4.3 Қатты күйінде бір-бірінде шексіз еритін қорытпалардың диаграммасы

4.3.1 Диаграммалар салу тәсілдері


Диаграмма салу үшін арнаулы тәжірибе жүргізіледі. Балқыған қорытпаны суытып, онда өтетін фазалық өзгеру температуралары (кризисті нүктелер) анықталады. Кристалдану процесіндегі кризистік нүктелерге сүйеніп, суыну графигі тұрғызылады да, алынған қорытпаның диаграммасы салынады.
Диаграммалардың сырт көрінісі қорытпаларды құраушы компоненттердің әрекеттесуіне байланысты қалыптасады.
Диаграмма салу тәсілін бір-бірінде қатты күйінде шексіз еритін қорытпаның (Cu – Ni) мысалында қарастыралық. Cu – Ni қорытпасы сұйық және қатты күйінде бір-бірінде толық ериді. Алдымен координаталар жүйесі тұрғызылады (20,б - сурет).
Ордината өсінде температура, абсцисса өсінде қорытпаның құрамы көрсетіледі. Оң жақ ордината бойын таза никель, сол жақ ордината бойын таза мыс алып жатыр. Cu және Ni аралығындағы кез келген нүкте қорытпаның белгілі құрамына сәйкес қорытпа концентрациясын көрсетеді.
Корытпаның фазалық өзгеру температурасын анықтау үшін келесі дайындықтар жүргізіледі:
1. Әрбір компоненттен 100 % - дан өлшем алынады.
I -ші қорытпаға 75 % Cu + 25 % Ni;
II -ші қорытпаға 35 % Cu + 65 % Ni;
III -ші қорытпаға 25 % Cu + 75 % Ni алынады.
2. Балқытылған қорытпалар баяу суытылып, суыну уақытына қарай температураның төмендеу шамасы анықталынады.
3. I, II, III, IV, V қорытпалардың суыну сызығы 20,а-суретінде көрсетілген.
Қорытпалар 1, I’, I’’, I’’’, 2 нүктелерінен жоғары температурада толығымен сұйық күйде, 1-ші нүктеде таза мыс, 2-ші нүктеде таза никель және I’,2’, I’’, 2’’, I’’’, 2’’’ нүктелері аралықтарындағы қорытпалар екі фазалы күйде болады, демек, сұйық фаза (L) және  - кристалдары қатар кездеседі. 1, 2’’, 2’’, 2’’’ 2 нүктелерінен төменгі температурада қорытпалар бір фазалы қатты кристалды күйге ауысады. Демек, 1, 2’’, 2’’, 2’’’, 2 нүктелеріндегі температура осы жүйедегі қорытпалардың кристалдануының аяқталу температурасына жатады. Фазалық өзгерудің басталу және аяқталу температуралары межелі немесе кризистік температуралар деп аталады.
4. Табылған кризистік температуралар (нүктелер) қорытпаның концентрациясына сәйкес ординаталарға тасымалданады (20, б - сурет).
5. Физикалық мәні бірдей нүктелер сызықпен қосылып, мыс-никель диаграммасы құрылады. I, I’, I’’, I’’’, 2 нүктелерінен жоғары температурада қорытпа сұйық күйде. Бұл нүктелерді қосатын сызық ликвидус (сұйықтық) сызығы деп аталады.
1,2’, 2’’, 2’’’, 2 нүктелерінен төменгі температурада қорытпа қатты күйде. Бұл нүктелерді қосатын сызық солидус (қаттылық) сызығы деп аталады. Қаралған қорытпалардың кристалдық торларының сұлбалары 20,б-суретінде көрсетілген (қара түсті-мыс атомдары, ақ түсті-никель атомдары).

а) I - V қорытпаларының салқындату графигі, б) Cu- Ni қорытпасының диаграммасы және мыс - никель атомдарының кристалдық торда орналасу схемасы.
20-сурет. Қатты күйінде бір-бірінде шексіз еритін қорытпалардың диаграммасы.

Диаграммалардың көмегімен фазалардың құрамы мен санын анықтап, құрылған кристалдық фаза қатты ерітіндіге, химиялық қосылысқа немесе таза компонентке жататынын анықтауға болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет