Металл құймаларының физико – механикалық қасиеттері, қолданылуы. Ортопедиялық стоматологияда протездерді дайындау үшін әр түрлі металл құймалары қолданылады. Металдар таза түрінде қолданылмайды, өйткені олардың қасиеттері негізгі материалдарға қойылатын талаптарға сай келмейді.
Металл дегеніміз – атомдарды геометриялық тәртіппен дұрыс орналасқан кристалды дене.
Стоматолгияда қолданылатын металл мен металл құймаларына қойылатын талаптар.
Ауыз қуысында тотығуға тқрақтылығы өте жоғары болуы керек.
Жоғарғы механикалық қасиетке ие болуы керек (мықтылық, пластикалық, серпімділік).
Жоғарғы технологиялық қасиетке сай келуі керек (оңай штампталуы, құйлуы, жылтыратудың мүмкіндігі, созылуға оңай болуы).
техникалық сипаттамасы жақсы болуы қажет (түсі,балқу температурасы, отырғыштығы төмен болуы керек.
Металдардың құрлысы: металдар қатты күйінде анық байқалатын кристалдық түрде болады. Оны металдың бет қабатын жылтыратып, содан соң активті химиялықзаттармен улай отырып микроскоппен қарағанда, оның құрлысының кристалды екеніне көруге болады. Кристалдық құрлыстың кемшіліктерінің бірі – атомдар арасындағы қуыстардың болуы, басқаша айтқанда, викансия. Торлардың бұл кемістіктері құймалардың балқу кезіндегі бір-біріне енуі үшін өте маңызды және термиялық өңдеуге байланыстыболады. Кристалдық құрлыстың екінші бір кемістігі – дислокация. Бұл жағдайларда кристалдардың шоғырлануына байланысты жартылай жазықтық түзіледі де, жиектік дислокациялы кемістікке әкеледі.
Барлық металдар екіге бөлінеді: қара металдар және түсті металдар.
Қара металдар –қара сұр түсті, тығыхздығы мен балқу температурасы жоғары, салыстырмалы түрде жоғары мықтылыққа ие. Оларға негізінен теміо және олардың құймалары жатады.
Түстік металджардың өзіндік түсі бар, жоғары иімділікке ие, тығыздығы және балқу температурасы салыстырмалы түрде төмен болады.
Қара металдар өз кезегінде былай бөлінеді.
темір металдарды – темір, кобальт, никель жатады.
Қиын балқитын металдар – балқу температурасы темірден жоғары элементтер. Болатқа ерекше қасиет беру үшін қорлданылады.
Уранды металдар – актиноидтар. Олар атом энергетикасында қолданылады.
Сирек кездесетін металдар – лантан, цезий, яғни лантоноидтар.
Құйма деп екі немесе одан да көп элементтерді балқытып, ерітіп алынған затты айтамыз. Құймалар сұйық күйден қатты күйге көшкен кезде кристалдық тор түзеді. Осы қату кезінде құйма құрамындағы компоненттердің бір – бірімен өзара әрекетке түсуін:
механикалық қосылыс
қатты ерітінді
химиялық қосылыс деп үш түрге бөлінеді
Механикалық қосылысқа бір бірімен әрекеттескенде ерімейтін металл қосылыстарын жатқызады. Мұндай қосылысқа, мысалы, қорғасын мен висмут және кадмий қосылыстарын жатқызуға болады. Құйманың әрбір компоненті өзіне тән кристалдық торын сақтайды және қасиеттері негізінен құрамдық бөліктерінің қатынасына байланысты болады. Компоненттерінің өзара әлсіз байланысы осы құймаларды тез балқғыш жасағынымен, қолданғанда олардың қаттылығы сақталады.
Қатты ерітінді деп негізгі еріткіштің металл торларына еріген заттың атомдары кірген біркелкі кристалдардан тұратын денені айтамыз. Қатты ерітінді кезінде құймалардың элементтері өзара сұйық күйде де, қатты күйде де бір – біріне ерігіштік қасиет көрсетеді. Рентгендік тексерудің нәтижесі қатты ерітіндінің бір ғана торы болатындығынанықтағына ғылымға белгілі. Қатты ерітіндіде заттың атомы екінші бір заттың кристалдық торындағы атомдардың орнын басуы мүмкін, ал атом аралық кеңістігінде металл емес заттар ораналасады (көміртегі және т.б.). Осы қосылыстарға мысал ретінде ортопедиялық стоматологияда кеңінен қолданылып жүрген хром – никель, хром – кобальт құймаларын жатқызуға болады. Құймаларға бірнеше клиникалық – технологиялық талаптар қойылады. Олар:
механикалық қасиетінің жоғары болуы (иімділік, серпімділік, қаттылық, қозғалысқа төзімділік)
технологиялық өңдеуінің оңай болуы (штамптау, құю, дәнекерлеу, жалтырату, созу)
Отыруының аз болуы
Физикалық қасиетінің жоғары болуы (балқу температурасы төмен)
Жоғары химиялық тұрақтылыққа ие болуы.
Материалдардың механикалық қасиеті дегеніміз сыртқы өзгеріске, құраушы механикалық күшке және кез келген материалдың механикалық күшке төтеп беруі. Оны арнайы аппараттармен анықтайды.