Қаттылық дене деп бір денеге екінші дененің енуіне қарсы тұру қасиетін айтады. Материалдың қаттылығын Бриннель, Виккерс, Роквеллер әдістерімен анықтайды.
Беріктілік деп материалжың сыртқы күшке бұзылмай және өзгеріске ұшырамай қарсыласу қасиетін айтамыз. Беріктікпротез жасалатын кез-келген материалға қойлатын талаптардың бірі. Сонымен қатар материалдардың біріктігін жоғарлату үшін оны термиялық тұрғыдан өңдейді, созады және легирлейді.
Легирлеу– металға басқа металды қосып арнайы қасиет беру. Қолданылатын ондай материалдарды легирленген депайтады.
Серпімділік деп материалдардың сыртқы күш әсерінен пішінін өзгертуі және күштің әсері тоқтаған дағдайда өз пішініне қайта келуі қасиетін айтамыз.
Иімділік деп материалдың әлдеқандай сыртқы күш әсерінен бұзылмай пішінін өзгертіп, күштің әсері тоқтағаннан кейінсол пішінді сақтап қалу қасиетін айиамыз. Мұндай қасиеттерге қалыптық материалдар, балауыздар ие.
Технологиялық қасиеттері. Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын матеиалдардың ең керекті технологиялық қасиеттеріне соғу (ковка), аққыштық, отыру жатады.
Соғу – материалды қысыммен кез келген үлгіге өңдеу.
Оның өңдеуге икемді болуы және бұл кезде материал күштің әсерінен өзінің тұтастығын жоймай, жаңа мөлшер мен көлемге ие болу қасиеті. Соғу, тек металдарға болады.
Аққыштық – материалдардың еріген, сұйық күйінде құйма пішіндері мен қысымдау пішіндерінің ұялы толтыруқасиеті.
Отыру – материалдың құйылғаннан соң қатқан кезіндегі көлемінің кішіреюі. Тіс протездерін дайындаған кезде материалдың отыруын есепке ала отырып құю керек.
Физикалық қасиеті. Оған материалдың түсі, тығыздығы, балқуы, жылу әсерінен ұлғаюы жатады.
Материалдың түсі. Ортопедиялық стоматологияда материалдың түсіне көп көңіл бөлінеді. Материалдар тістің немесе шырышты қабаттың түсіне сәйкес келуі керек. Пластмасса мен фарфордан басқа кез-келген металдар мұндай талапқа жауап бере алмайды.
Хром – кобальт, титан, алтын негізіндегі және күміс –палладий құймалары. Стоматология тәжірибесінде хром-больат құймасы 1933 жылы Vitаllium деген атпен қолданылған. Оны Erde және Prange енгізген. Хром-кобальт құймасының негізгі элементтері – хром, кобальт, никель, сонымен қатар олардың құймадағы проценттік мөлшері 85% кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, хром-кобальт құймасына мынадай легирленген элементтер: молибден, никель, темір, кремний, көміртегі, ваннадий, мыс, беррилий, альюминий қосып,оның қасиетін жақсартуға болады. Хром құйма бетінде тотығуға қарсы тұрақты қабат түзіп, құйманың тотығуға ұшырауына жол бермей. Ал кобальт құймаға қаттылық береді. Құйманың ұсақ кристальды құрлысы мен жоғарғы беріктілігін алу үшін молибден қосады. Металдың әр түрлі өңдеуден соң қасиетін сақтап қалу үшін көміртегі қажет. Карбид түзуші элемент ретінде, яғни артық көміртегіні қосу үшін вольфрам қажет. Марганец, темір, кремний құйманың аққыштық қасиетін жоғарылатып, құйылудың сапасын жақсартады.
Хром – кобальт құймасы балқу температурасына қарай екіге бөлінеді:
Балқу температурасы 13160С-дан төмен.
балқу температурасы 13160С-дан төмен.
Кобальт – хром құймаларының құйылу сапасы жақсы болғанмен, оның құрамындағы кейбір компоненттер кей адамдарда аллергиялық реакция туғызады.
Қазіргі кезде стоматологияда хром-кобальт құймасын кеңінен қолдануы, оның физикалық және механикалық қасиеттерінің артықшылығына, меншікті салмағының жеңілдігіне жәнесұйық күйіндегі тез аққыштығына байланысты. Оның бұл қасиеттері әр түрлі тіс протездерін құюға мүмкіндік береді.
Хром кобальт құймасының тотығуға тұрақтылығы жоғары болғандықтан, оны сүйек тіндеріне енгізіп, тіс протездеріне тірек ретінде де қолданады. Хром-кобальт құймасы құйылғанна кейін 1,8-2% дейін кішірейеді. Сонымен қатар хром-кобальт құймасын стоматологияда, көбінесе жоғарғы дәлділікті қажет ететін протездерді құю үшін қолданады. Мысалы, көпір тектес протездердің қаңқасын және барлық мүмкін болатын шендеуші конструкцияларды металдан құю үшінқолданады. Ал шет елдерде металлокерамикалық протездің қаңқасын мынадай құрамдағы: никель 70% –ға дейін және хром 15-20% –дейін, құймалардан дайындайды. Сонымен қатар, оның құрамында молибден, алюмений, марганец т.б. элементтер кіреді. Мұндай құймалардың атаулары мынадай:Женени-И керамика; (АҚШ) микробонд (Франция); хромикс; Р-2 ультратек (Лихтенштейн); Вирон, Вирон-5, Вирон-77, Вирон-88 (Германия) және т.б.