"Металлургия өндірісі үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы "Әділет" АҚЖ



Pdf көрінісі
Дата31.01.2023
өлшемі209,84 Kb.
#64016
Байланысты:
Металлургия өндірісі үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламентін бекіту туралы - Әділет АҚЖ



Қазақстан Республикасы 
Қазақстан Республикасы 
нормативтік құқықтық актілерінің
нормативтік құқықтық актілерінің
ақпараттық-құқықтық жүйесі
ақпараттық-құқықтық жүйесі
Ақпарат Статистика
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017
№ 29
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап
қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан
Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы 
Заңына
сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ
ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Металлургия өндірісі
үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар"
техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған
күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа
енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 23
қаңтардағы
N 41 қаулысымен
бекітілген
"Металлургия өндірісі үдерістерінің
"Металлургия өндірісі үдерістерінің
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар"
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар"
техникалық регламенті
техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Қолданылу саласы
1. Осы "Металлургия өндірісі үдерістерінің
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" Техникалық
регламенті (бұдан əрі — Техникалық регламент)
"
Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркəсіптік
қауіпсіздік туралы
" Қазақстан Республикасының 2002
жылғы 3 сəуірдегі жəне "
Техникалық реттеу туралы
"
2004 жылғы 9 қарашадағы Заңдарына сəйкес
əзірленген.
Адамның өмірі мен денсаулығына жəне қоршаған
ортаға залал келтіру мүмкіндігімен байланысты
металлургия өндірісі үдерістерінің (ұсақтау, ұнтақтау,
жіктеу, шихтаны күйдіру, қатты қыздыру жəне
күйежентектеу, пирометаллургиялық,
гидрометаллургиялық, электролиздік, тазарту жəне
таратып құю) қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға
қолданылады.
2. Металлургия өндірісі үдерістері адам өмірі мен
денсаулығын қауіп-қатерге тəуекел етуі, қоршаған
ортаны ластау мүмкіндігімен байланысты қауіп-қатер
келтіруі мүмкін.
3. Қауіпті жағдайларды бірдейлендіруді жəне
қызмет көрсететін қызметкерлер құрамы үшін кез
келген жасырын қауіптілікті қоса алғанда қауіпті
заттармен əсер ету болжамалы қауіп-қатерді
бағалауды металлургия өндірісі үдерістерінде
қолданылатын жабдықты əзірлеуші жүргізеді.
4. Қауіпті заттар кез келген физикалық жағдайда
(газдар, сұйықтықтар, қатты заттар) болуы жəне
адамға мына жолдармен əсер етуі мүмкін:
демді ішке тарту;
асқазанға түсу;
теріге жəне көздің, мұрынның, ауыздың шырышты
қабығына тиген жағдайда;
тері астына кіру.
5. Металлургия өндірісі үдерістерінде қауіпті
затпен əсер етудің қатерлі қайнар-көздері ретінде
болатын ауада тасымалданатын жəне
тасымалданбайтын эмиссиялар қалыптасады.
6. Ғылыми-техникалық əдістерді жəне осы заттың
шекті əсер ету маңызын жəне қоршаған орта
жағдайларын көңілге ала отырып, өнеркəсіптік
қауіпсіздік 
талаптарына
сəйкес келетін технологиялар
мен жабдықты қолдана отырып қауіпті затпен əсер ету
қауіп-қатері мүмкіндігінше төмендетілуі тиіс.
2. Терминдер мен анықтамалар
2. Терминдер мен анықтамалар
7. Техникалық регламентте "
Техникалық реттеу
туралы
" жəне "
Қауіпті өндірістік объектілердегі
өнеркəсіптік қауіпсіздік туралы
" Қазақстан
Республикасының Заңдарында пайдаланылған
терминдер, сондай-ақ мынадай терминдер мен
анықтамалар қолданылады:
1) автогендік үдеріс - өңделетін материалдың
химиялық энергиясынан алынатын жылудың есебінен
жүретін металлургиялық үдеріс;
2) агломерация - аглоқондырғыларда
(агломашиналарда) жүзеге асырылады, балқытуға
қажетті қасиеттер мен пішін беру үшін ұсақ кендер мен
концентраттарды кесектеу;
3) балқыту - материалдарды металлургиялық
агрегаттарда өңдеп, соңғы өнімді сұйық түрде алу
үдерісі;
4) вельцтеу - бағалы металдарды қосымша бөліп
алу мақсатында металлургия өндірістерінің
полиметалдық қалдықтарын (қождар, қойыртпақтар,
кектер) пирометаллургиялық өңдеу үдерістері;
5) гидрометаллургиялық үдеріс - металдарды
кендерден, концентраттардан жəне əртүрлі
өндірістердің қалдықтарынан химиялық реагенттердің
сулы ерітінділерінің көмегімен бөліп шығару жəне
соңынан осы ерітінділерден металды бөліп алу;
6) конверттілеу — сұйық мыс, қорғасын немесе
никель штейндерін тотықтырғыш газбен үрлеу арқылы
өңдеудің пирометаллургиялық тотықтыру үдерісі;
7) күйдіру — материалды дайындау үдерісі:
күкірттен арылту, металл сульфидтерін тотықтарға
өткізу, концентраттарды қоспалдардан айдап, арылту,
ірі кесектер алу немесе кеуекті құрылымдағы кесектер
алу (өртенділер, күйежентектер);
8) металлургиялық өндіріс - металдарды
кендерден немесе басқа материалдардан алу
үдерістерін жəне олардан жартылай өнімдер немесе
химиялық құрамы, құрылымы, қасиеттері, пішіні жəне
өлшемдері берілген бұйымдар дайындауды қамтитын
өндіріс саласы;
9) металлургиялық үдерістер - металдар,
қорытпалар сондай-ақ өңделетін шикізаттан
металдардың химиялық қосындыларын алатын
технологиялық үдерістер;
10) пирометаллургиялық үдеріс - материалдарды
толық немесе жартылай балқыту арқылы жоғары
температурада жүргізілетін, материалдарды
агрегаттарда өңдеудің металлургиялық үдерісі;
11) тазарту — сұйық металдар мен қорытпаларды
бейтарап немесе зиянды қоспаларда тазарту үдерісі;
12) ұнтақтау - диірмендердің стержендік, шарлық
жəне басқа түрлерінде жүзеге асырылатын, талап
етілетін іріліктегі (2 мм ондық микрондарға дейінгі) ала
отырып, қатты материалдарды механикалық бұзу
үдерісі;
13) ұсақтау - жүзеге асырылатын, қатты
материалдар (минералдық шикізат немесе оны өңдеу
өнімдерінің - өртенділер, кектер жəне басқалары)
кесектерін механикалық жолмен бұзу үдерісі,
нəтижесінде талап етілетін іріліктегі (2 мм-ге дейінгі)
материал алынады;
14) шихтаны дайындау - концентраттарды, кейбір
жағдайларда қоспаға (шихтаға) оларды өңдеуді
жақсартатын белгілі технологиялық қасиеттер беру
үшін отынды да араластыру үдерісі;
15) электролиз - электр тогы өткен кезде
электролитке батырылған электродтарда жүретін
электрохимиялық тотығу-тотықсыздану үдерістерінің
жиынтығы, көптеген металдарды алуда, тазалау
кезінде пайдаланылады.
3. Өнімнің Қазақстан
3. Өнімнің Қазақстан
Республикасының нарығындағы
Республикасының нарығындағы
айналым шарттары
айналым шарттары
8. Металлургия өндірісі үдерістері жабдықтың
қауіпсіздігіне, өнеркəсіптік жəне экологиялық
қауіпсіздікке, сонымен қатар осы Техникалық
регламентпен қойылатын талаптарға сəйкес болуы
тиіс.
9. Егер іздестірушіден, жобалаушыдан,
əзірлеушіден немесе тəуелсіз сарапшылардан
қауіпсіздік талаптарына өнімнің сəйкес келмеуі туралы
мəлімет болса, нарықта үдерістердің орындалуына
жол берілмейді.
4. Жобалау мен құрылыс салу
4. Жобалау мен құрылыс салу
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
10. Металлургия өндірістерін жобалау жəне
құрылысын салу Қазақстан Республикасы аумағында
қолданылатын МСТ 12.3.002-92 талаптарына,
құрылыс жəне санитарлық ережелер мен нормаларға,
технологиялық жобалау нормаларына сəйкес
жүргізілуі қажет жəне осы Техникалық регламенттің,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6
наурыздағы N 227 қаулысымен бекітілген
"Ғимараттардың, имараттардың жəне оған іргелес
аумақтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар"
техникалық регламентінің
талаптарына сəйкес болуы
қажет.
Жобалау кезінде нақты өндірістік (технологиялық)
үдерістердің қауіптілік межесі жабдықтардың,
автоматтандыру құралдарының істен шығуы, қызмет
көрсететін құрамның дұрыс емес əрекеттерін есепке
алғандағы болуы мүмкін қауіп-қатерлерді талдау
негізінде анықталады.
11. Металлургия өндірістерін жəне олармен бірге
салынатын құрылыстар мен объектілердің орналасу
орындарын анықтау, олардың іс-əрекеттерінің
экологиялық салдарлары есепке алынып, қоршаған
ортаны қорғау ережелері мен шарттары сақтала
отырып жүргізілуі тиіс.
12. Металлургия өндірістерді орналастыру кезінде
қорғау, санитарлық-қорғау жəне басқа да қорғау
зоналары анықталады.
13. Металлургия өндірістерінің құрылысын салу
тек қана жобалау құжаттары бойынша өнеркəсіптік
қауіпсіздік сараптамасы, мемлекеттік экологиялық
жəне санитарлық-эпидемиологиялық
сараптамалардың оң қорытындылары болған
жағдайда ғана жүзеге асырылады.
14. Металлургия өндірістерін жобалау кезінде
өндірістік ғимараттарды жоспарланғанда,
технологиялық үдерістердің реттілігі мен есептілігін
ескере отырып жүргізілуі тиіс. Өтетін жəне жүретін
жерлер ҚР СТ МСТ 12.4.026-2002 бойынша көрсеткіш
белгілермен жабдықталуы тиіс.
15. Қандай да бір ғимарат корпустарының бүйір
жақтарының арасында корпустар арасындағы
ауланың желдетілуіне бөгет жасайтын құрылыстар
салуға тыйым салынады.
16. Металлургия өндірістерінің технологиялық
корпустарын жобалау жəне құрылысын салу кезінде:
1) подвалдар үстіндегі сыртқы қабырғалардан,
корпустың бағаналарынан, негізгі арқалықтар мен
тірегіш құрылымдардан темір бетон жабуылдардың;
2) 3,0 м-ден кем емес биіктікте қабырғалардың ішкі
беттері жəне корпустың ішкі бағаналардың;
3) тіреуіш бағандардың, электролизерлер
іргетастарының жəне жер асты арықтарының;
4) корпус бағаналарының негізін жəне жердегі
қабырғаларының электрлік оқшаулауы алдын-ала
қарастырылуы жəне қамтамасыз етілуі тиіс.
Көрсетілген құрылымдар электрлік
оқшаулағыштарының кедергісі 500 кОм кем болмауы
тиіс.
17. Электролиз корпустарының терезелеріне
металдық қапсырмаларды еден деңгейінен кемінде 2
м биіктікте орнатуға рұқсат етіледі. Еден деңгейінен
кемінде 2 м биіктікте орналастырылатын терезе
қапсырмалары электр өткізбейтін татқа төзімді
материалдан жасалуы тиіс.
Ауа кіретін ойықтардың төменгі қабаты еден
деңгейінен 0,5 - 1,0 м биіктікте орналасуы тиіс.
18. Өндірістік корпустардың фрамугалар,
жармалар жəне фонарьлардың құрылымдары олар
ашық болған жағдайда атмосфералық жауын-
шашынның корпусқа кіру мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
Терезе ойықтарының фрамугалары жəне
фонарьлар оларды ашатын немесе талап етілетін
күйге қоятын еденнен немесе алаңшадан
басқарылатын механикаландырылған
айлабұйымдармен жабдықталуы тиіс. Көрсетілген
айлабұйымдар татқа төзімді материалдардан
даярлануы, ал механизмдер электрлік оқшаулайтын
материалмен қапталған болуы тиіс.
19. Өндірістік корпустар қабырғаларының ішкі
беттері оларда шаң жинамайтын, ал электролиз
цехтарында сулы жинастыруға болатын, сіңіргіштік
қабілеті төмен химиялық тұрақты материалдармен
қапталуы тиіс.
20. Сутегін пайдаланатын өндіріс орналасқан
ғимарат элементтерінің құрылымдарында
желдетілмейтін учаскелер мен ауа іркілетін аумақтар
болмауы тиіс.
21. Едендер төмендегідей орындалуы тиіс:
1) технологиялық үдерістерде сұйықтықтар
пайдаланылатын жайларда ылғал өткізбейтін,
тайғанамайтын жабындысы бар жəне олардың ағуын
қамтамасыз ететін, басқышқа немесе зумпфқа қарай
еңіс орналасуы;
2) агрессиялық заттар қолданылатын жайларда
олардың əсеріне тұрақты;
3) электролиз цехтарында - электр өткізбейтін,
ылғал өткізбейтін жəне жылуға төзімді;
4) металлургиялық агрегаттардың жұмыс
алаңшаларында жəне цехтардың құю аралықтарында
- шұңқырлар жəне шығынқыларсыз, беті
тайғанамайтын, тозбайтын берік материалдардан;
5) бөлмелердің жарылыс қауіпті жəне өрт қауіпті
аумақтарында ұшқын шығармайтын.
22. Айтарлықтай ылғал бөлінуімен,
гидроскопиялық шаңдардың бөлінуімен, хлор жəне
хлорлы сутегінің бөлінуімен сипатталатын өндірістік
жайларда төбедегі жабындылар конденсат қалыптасу
мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
23. Металлургия өндірістердің ғимараттары мен
құрылыстары найзағайдан қорғағышпен қамтамасыз
етілуі қажет.
24. Агрессиялық орта əсер ететін ғимараттар мен
құрылыстардың барлық құрылыстық құрылымдарын
тоттанудан қорғау қажет.
25. Электролиз корпусында темір бетонды
құрылымдармен қосылған жəне еденнен 3,0 м төмен
биіктікте орналасқан барлық металдық құрылымдар
(кронштейндер, баспалдақтар жəне б.) одан электрлік
оқшаулануы тиіс.
26. Тұздар мен сұйық металл балқытпаларын бір
цехтан (бөлімшелер), екінші цехқа тасымалдау,
белгіленген жол бойынша жабық, қосылатын
дəліздермен жүргізілуі тиіс.
27. Электролиз корпустарының іргетастары мен
ауа сору жəне тартпа желдетпе арналары оларға
нөсер, еріген қар, жер асты жəне басқа сулардың
кіруінен қорғалуы тиіс.
28. Карналлитті сусыздандырудың бірінші жəне
екінші кезеңдерінің, электрлік металл құю цехтарының,
түрлендіргіш подстанцияларының, сондай-ақ
электролиз корпустарында ішкі суағарлар орнатуға
рұқсат етілмейді.
29. Электролиз корпусынан жалпы цехтық
əкімшіліктік бөлмелерге кіріс есіктері ауа артық
қысыммен берілетін тамбур-шлюздер арқылы
жүргізілуі тиіс.
30. Түрлендіргіш подстанциялардан электролиз
корпусына шиналық сымдар тартылатын тоннельдік
жолдардың қабырғалары, едендері жəне
жабындылары су өткізбейтін, ал ішкі беттері -
электрлік оқшаулау материалдармен жабылған болуы
тиіс. Шиналық тоннельдердің құбырлармен
қиылысуына тыйым салынады.
31. Іргетастардың жер астындағы бөліктері жəне
хлорлық компрессорлардың рамалары қышқылға
төзімді материалдармен қорғалған болуы тиіс;
компрессорлардың іргетастарында суларды
канализацияға бағыттайтын құрылғылар болуы тиіс.
32. Хлорлық компрессорлар жайлары ішіндегі
қабырғалардың беттері мен бағаналары еден
деңгейінен кемінде 1 м биіктікте қышқылға төзімді
материалдармен қапталған болуы тиіс.
33. Өндірістік ғимараттар (үй-жайлар) мен
құрылыстарды желдету, жылыту жəне ауаны баптау
құрылыс нормалары мен ережелеріне жəне
өнеркəсіптік кəсіпорындарды жобалаудың санитарлық
нормаларына сəйкес болуы қажет.
34. Қорғасын жəне мырыш өндірістік цехтарда
жəне өндіріс бөлімшелерінде ауаның айналымда
болуына рұқсат етілмейді.
35. Сумен немесе су буларымен қатынасқа
түскенде жарылып, ыдырайтын немесе тұтанатын
заттар өндірілетін, қолданылатын немесе сақталатын
жайларда сумен қамтамасыз ету, канализация жəне
жылыту жүйелерін орнатқанда технологиялық өнімге
су тию мүмкіндігін жою қажет.
36. Қауіптілігі жоғары учаскелерде (электрлік
пештер, диірмендер, құрғақ, шаңданатын өндіріс
өнімдерін түсіру жəне б.) жабдықтарды қашықтықтан
басқару қалқаншасында тəуелсіз ток көзіне қосылған
апаттық жарықтандыру болуы тиіс.
37. Металлургия өндірістерін өртке қарсы қорғауды
2002 жылғы 3 сəуірдегі "Қазақстан
Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі 
ережесінің 
" жəне
МСТ 12.1.004-91 талаптарына сəйкес қолдану қажет.
Жарылысқауіпті заттарды, сондай-ақ 1 класты
қауіпті зиянды заттарды өндіру, сақтау жүргізілетін
немесе олардың пайда болуы мүмкін жайларда ауа
ортасының күйі ауада жарылысқауіпті газдардың
немесе булардың тұтанудың төменгі шекті
қосылымның 20 % артпайтын қосылымдарында, ал
зиянды жарылыс қауіпті газдар, булар мен
аэрозольдер үшін, сондай-ақ əрекеттері. Тікелей
бағытталған газдардың қосылымдары шектік мəнге
жақындағанда іске қосылатын автоматтандырылған
жарықты жəне дыбысты дабылдағыштары бар
газдалдағыштардың көмегімен бақыланып отырылуы
тиіс.
38. Коммуникация немесе аппараттардың
зақымдануы кезінде ауаға үлкен мөлшерде зиянды
заттар аэрозольдердің түсуі мүмкін өндірістік
жайларда бір сағат ішінде ауаның шаңдануын
гигиеналық нормаларға дейін төмендетуге мүмкіндік
беретін еселікті қамтамасыз ететін қосымша
желдеткіштер мен газ тазалау аппараттары
қарастырылады.
39. Агрегаттармен аппараттарды жұмыс істейтін
жабдықтың бекітілген режимнің тоқтатылуы немесе
бұзылуы, іске қосылуы туралы хабар беретін бақылау
жəне дабыл беретін жүйемен жабдықтау жобамен
қарастырылуы тиіс.
40. Денсаулық орындары адамдардың ең көп
немесе зақым алу тұрғысынан ерекше қауіпті цехтарға
жақын орналасуы тиіс. Жұмыс орнынан денсаулық
тексеру орнына дейінгі ара қашықтық 1000 м артық
болмауы тиіс.
41. Өндірістік жайларға кіру тек санитарлық-
тұрмыстық бөлмелер арқылы болуы тиіс. Санитарлық-
тұрмыстық бөлме-жайлардың құрамына үй, жұмыс
киімдері жəне арнайы аяқ киім, алдыңғы бөлмесі бар
душ, кезекші құрам үшін жəне жинастыратын аспаптар
үшін сақтау бөлмелері бар əртүрлі бөлімді гардероб
кіруі тиіс.
5. Сақтау үдерісіне қойылатын
5. Сақтау үдерісіне қойылатын
қауіпсіздік талаптар
қауіпсіздік талаптар
42. Бастапқы материалдарды, əзірлемелерді жəне
жартылай өнімдерді сақтау жəне тасымалдау
төмендегідей жүргізілуі тиіс:
тиеп-түсіру жұмыстары жəне тасымалдау
операциялары қауіпсіз əдістер мен құралдарды
пайдалану арқылы;
қауіпті жəне зиянды өндірістік факторлардың
тууын болдырмайтын қоймаға салу əдістерін қолдану
арқылы.
43. Металлургия өндірістерінің барлық жартылай
өнімдері мен əзірлемелер шаңдануды болдырмайтын
арнайы ыдыстарда сақталуы тиіс.
44. Қышқылдарды, сілтілерді сақтау бөлек арнайы
бөлме-жайларда жүргізіледі.
45. Бастапқы (технологиялық) материалдарды
сақтау қоймаларда, бөлімдерде, шанаптарда жəне
арнайы жабдықталған алаңдарда жүргізіледі. Бұл
кезде олардың араласу мүмкіндіктері болмауы тиіс.
46. Бастапқы (технологиялық) материалдарды
(шикізат, флюстер, өндіріс қалдықтары, "айналымдар",
отын жəне б., бұдан əрі - Материалдар) түсіру жəне
тиеу, оларды ары қарай өңдеу кезеңіне тасымалдау,
сондай-ақ қаптау, қоймаға салу, дайын өнімді жөнелту
жұмыстары механикаландырылған болуы тиіс.
47. Металлургия өндірістері үшін материалдарды
тасымалдау қоршаған ортаның ластануына жол
берілмейтін ыдыстарда жүргізілуі тиіс.
48. Материалдарды сақтау үшін жабық түрдегі
қоймалар қарастырылуы тиіс.
49. Шихтаны дайындау үдерісінде шихталық
материалдарды беру жəне түсіруді механикаландыру
қажет. Негізгі жəне аралық шаңданатын қатты
материалдарды бір цехтан екінші цехқа тасымалдау
пневмотасымалдағышпен, діріл тасымалдағышпен
немесе қымталған ыдыста (қапта) жүргізілуі тиіс.
50. Металлургия өндірістерінің жартылай өнімдерін
технологиялық үдерісті жүргізуге лайықталмаған
ыдыстарда жинауға рұқсат етілмейді.
51. Материалдарды кез келген жұмыстарға
арналған жұмыс орындарында сақтау əдістері ауаның
жəне өндірістік жайлардың ластану мүмкіндіктерін
болдырмауы тиіс.
52. Технологиялық үдерістерде қолданылатын
флюстер тығыздалып жабылған ыдыстарда арнайы
бөлінген орындарда сақталуы тиіс, ал балқытпаға
тиер алдында қажет болған жағдайларда кептірілуі
тиіс.
53. Дайын өнімді құю бөлімшелерінде тек қана осы
үшін арнайы бөлінген алаңдарға қоюға рұқсат етіледі.
54. Дайын өнімдерді сақтауға арналған қойма
жайлары жылытылатын жəне құрғақ болуы тиіс. Бұл
жайларда пешпен жылыту, шаң жиналуын, жеңіл
тұтанатын материалдарды (бензин, керосин, майлар
жəне б.) жəне химиялық белсенді заттарды
(қышқылдар, сілтілер жəне б.) қолдануға рұқсат
етілмейді.
55. Металл құймаларын қорғау үшін жүргізілетін
өңдеулерге арналған бастапқы материалдар арнайы
бөлінген орындар мен жайларда фабрикалық
қаптарда сақталуы тиіс.
56. Өндірістік алаң жерінде өндіріс қалдықтарын
қысқа мерзімге жинау, сұрыптау жəне сақтауға
арналған орындарды арнайы бөлінген жəне
жабдықталған учаскелерде немесе осы жерлерге
бөтен тұлғалардың кіруіне, сондай-ақ өндіріс
қалдықтарымен топырақ, жер асты сулары жəне
ауаның ластануына жол берілмейтін оқшауланған
жайларда орналастыру қажет.
57. Өндірістің қалдықтары мен жартылай өнімдерін
қоятын орындар қоршалған жəне қоршауларға осы
жерлерге бөтен тұлғалардың кіруіне тыйым салатын
сəйкес плакаттар немесе белгілер ілінуі тиіс.
58. Өндіріс қалдықтарын тасымалдау үшін жолдың
жəне өндіріс алаңының өндіріс өнімдерімен
ластануына жол берілмейтін ыдыстар мен көліктер
қолданылуы тиіс. Бұл мақсатта жабдықталмаған
көлікті пайдалануға тыйым салынады.
59. Өндіріс қалдықтарын жоюда шаң тұту жүйесі
жəне тиеу мен түсіру үдерістері
механикаландырылған арнайы жабдықталған пеште
жандыру жолы ұсынылады, немесе қатты
қалдықтарды арнайы сақтайтын қоймаларға
тасымалдау қажет.
60. Өндірістің қатты жəне сұйық қалдықтары
құбырлармен немесе арнайы машиналармен арнайы
қоймаларға (үйінді алқапта, қалдықтарды сақтау
қоймасы) шығарылуы тиіс.
61. Ерекше жағдайларда өндіріс қалдықтарын
жұмыс орындарынан арнайы қымталған
жүксауыттармен шығаруға рұқсат етіледі.
62. Қорғасын өндірісінің қалдықтарын қоймаға салу
негізгі жəне қосалқы цехтардан кемінде 300 м
қашықтықта орналастырылуы тиіс жəне
террикондарға қойылатын талаптарға сəйкес
жабдықталуы тиіс.
6. Жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік
6. Жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік
талаптары
талаптары
63. Металлургия өндірістерінің технологиялық
үдерістерінің жабдығы "Машиналар мен
жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі 
Заңының
жəне МСТ 12.2.003-91 талаптарына жəне Техникалық
регламентке сəйкес болуы қажет.
Металлургия өндірістерінің технологиялық
жабдықтары технологиялық үдерісті бақылап, реттеуді
жəне апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін
автоматтандырылған жəне механикаландырылған
басқару тетігімен жабдықталуы тиіс.
64. Металлургия өндірісінде пайдаланылатын
негізгі жəне қосалқы жабдықтар олардың сəйкестігін
қамтамасыз ететін жəне олардың əрекеттегі
техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарға
сəйкестігін куəлəндіретін құжаттары, сондай-ақ
монтаждау сұлбасы, эксплуатациялау жəне
техникалық қызметтер көрсету жөніндегі нұсқаулары
болуы тиіс.
65. Жарылысөртқауіпті жəне зиянды булармен,
газдармен жəне шаңдармен жұмыс істеуге
тағайындалған технологиялық жабдықтар, аппараттар
жəне құбырлар қымталған болулары тиіс, толық
қымталған мүмкін болмаған жағдайда зиянды
бөлінулер болуы мүмкін орындар МСТ 12.1.005-88
талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін жергілікті
соруғыштармен жабдықталуы тиіс.
66. Өндірістік жабдықтардың құрама бөлшектері,
оның ішінде энергетикалық құбырлар, табиғи газ,
оттегі, мазут, ауа, май, суды жіберетін жеңдер жəне
электрлік кабельдер оларға балқытпаның тию
мүмкіндігінен қорғалуы тиіс.
67. Өртқауіпті үдерістер жабдықтары, шулы діріл-
генераторлайтын жəне шаңгаз бөлетін жабдықтар
оқшауланған жайларда орналастырылуы тиіс. Толық
қымталуы мүмкін болмаған жағдайда технологиялық
жабдықтар сынап бағанынан ауаның сиретілуі кемінде
5 мм мəндегі каньондарда орнатылады. Көрсетілген
жайлар қысымның өзгеруін бақылайтын
аппараттармен қамтамасыз етіледі.
68. Жабдықтарды каньондарда, камераларда,
бокстарда орнатқан жағдайда бөлмелердің
арасындағы қатынас бөлме-жайдың қажетті қорғаныс
дəрежесіне байланысты тек қана тұрақты санитарлық
шлюздер немесе тамбурлар арқылы жүзеге
асырылады.
69. Пайдалану зиянды заттардың, аэрозольдердің
тасталуымен, жоғары жиіліктегі электромагниттік өріс,
жылулық сəулелену, шу жəне діріл байланысты
барлық технологиялық жабдықтар көрсетілген
факторлардың қызмет көрсететін құрамға зиянды
əсері тимеу үшін қорғаныстық құрылғылармен
қамтамасыз етіледі.
70. Қауіпті жабдықтың жабындыларының ашық
жерлерін 1,5 м/сек кем емес ауа қозғалысының
жылдамдығын есепке ала отырып жобалайды.
71. Сүзгіш жабдықтар құрамында зиянды заттары
бар булардың өндірістік жайларға түсуіне жол
берілмейтін тиімді сорғылармен қамтамасыз етіледі.
72. Ыстық пресстеу пештері пешке тиегенде жəне
одан түсіргенде қосылатын бірге орнатылған
сақиналық сорғылармен, ал дистилляция пештері -
ашық жердің, төменгі бөлігіндегі жылдамдықты 2 м/сек
кем емес жылдамдықты қамтамасыз ететін бірге
орнатылған жергілікті сорғылармен жабдықталады.
73. Инерттік газдың артық қысымымен ұнтақтау
жүргізілетін діріл диірмендер жергілікті сорғылармен
жабдықталған металдық кабиналарға орнатылады.
Кабиналардан əкетілетін ауаның мөлшерін кабинаның
есігін ашқан кезде ашылған ойықтағы ауаның
жылдамдығына байланысты анықтайды, 1,5 м/сек кем
емес мəнді қабылдайды.
74. Агрессиялық, жарылысқауіпті немесе жанғыш
заттармен əсер етілетін аппараттар осы ортаға
тұрақты материалдармен қорғалады.
75. Химиялық өңдеу учаскелерінде қолданылатын
барлық жабдықтар қарау люктері аз, жабық түрде
орындалады. Көлемдік жабдықтар ондағы чаттарға
байланысты қойыртпақтар мен ерітінділердің төгілуін
болдырмайтын ауыстырып құю құбырларымен
жабдықталады.
76. Жабдықтарды пайдалану жəне техникалық
қызмет көрсету өндірістік шарттарды есепке ала
отырып, техникалық құрылғының пайдалану
құжаттарына сəйкес əзірленген технологиялық
регламенттің талаптарына сəйкес жүргізіледі.
77. Диэлектриктер болып табылатын
сұйықтықтарды жəне сеппелі заттарды қабылдау,
өңдеу жəне тасымалдау жұмыстарымен байланысты
резервуарлар, технологиялық жабдықтар, құбырлар,
құю-төгу құрылғылары жəне басқа жабдықтар
статикалық электр зарядының жинақталуынан
қорғалады.
78. Тексеру-өлшеу аспаптарын, сондай-ақ еден
деңгейінен 2 м жəне одан да жоғары биіктікте
орналасқан бекіткіш, реттеу, тиеу жəне басқа,
арматураларына қызмет көрсету үшін тұрақты
алаңдар мен оларға шығатын баспалдақтар
орнатылуы тиіс.
79. Еден деңгейінен 0,6 м артық биіктікте
орналасқан барлық қызмет көрсету алаңдары, өтпелі
көпірлер, зумпфтар, баспалдақтар биіктігі кемінде 1м,
астынан биіктігі 0,14 м кем емес тұтас қаптамасы жəне
0,5 м биіктікте көлденең салмасы бар сүйеніштермен
қоршалуы тиіс.
80. Егер машиналардың атқарушы органдары
адамдар үшін қауіпті жəне қоршалмауы тиіс болса,
онда машинаның іске қосылғаны туралы ескертетін
дабылы жəне оны тоқтататын жəне энергия
көздерінен ағытатын құрылғылар қарастырылуы тиіс.
81. Машиналардың жəне механизмдердің
қозғалыстағы ашық бөлшектері (белдік (қайысты),
тісті, шынжырлы берілістер жəне басқалар) тұтас
қаптамалармен немесе ұяшықтарының өлшемдері
20x20 мм артық емес торлармен қоршалуы тиіс.
82. Тісті, белдік (қайысты) жəне шынжырлы
берілістер үшін олардың орналасу биіктігі мен айналу
жылдамдығына байланыссыз тұтас қоршау талап
етіледі. Алынатын, берік жəне таттану мен
механикалық əсерлерге тұрақты қоршауды қолдану
қажет.
Кептіргіш пештердің айналмалы тісті берілістері
үшін оларға қызмет көрсетуге ыңғайлы болуын
қамтамасыз ететін жалпы қоршаулар қолдану қажет.
83. Қиын жерлерде орналасқан агрегаттардың
қозғалмалы бөлшектерін оларға қызмет көрсетуге
ыңғайлы болуын қамтамасыз ететін, бекіткіш
құрылғысы бар жалпы қоршаумен қоршауға рұқсат
етіледі.
84. Жабдықтың қозғалыстағы элементтеріне
жақындауға жол бермейтін алынатын қоршауларды,
сондай-ақ қоршауларда қарастырылған есіктерді
жабдықтың жұмысын қоршаудың қорғаулық
жағдайында ғана қамтамасыз ететін, іске қосу
құрылғыларымен автоматты түрде жауып тастау
қажет.
85. Су құбырларының құрылымдары мен олардың
ғимараттарда орналасуы балқытпаларға ылғал тию
мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
86. Тұтынушы цехтарға берілетін қысылған ауа
құрғақ болуы тиіс: ылғалдың мөлшері минус 20 
о 
С
температурада тепе-теңдік мəннен артпауы тиіс.
87. Отын, ауа жəне оттегі беру жүйенің ауаның
қысымы кенеттен төмендеген жағдайда пешке оттегі
мен отын беруді тоқтататын автоматты қорғанысы
болуы тиіс. Оттекті-ауа қоспасындағы оттегінің
берілген концентрациясы автоматты түрде ұсталып
тұруы тиіс.
7. Технологиялық үдерістерге
7. Технологиялық үдерістерге
қойылатын қауіпсіздік талаптары
қойылатын қауіпсіздік талаптары
7.1. Жалпы талаптар
7.1. Жалпы талаптар
88. Қолданысқа енгізілетін жаңа технологиялар
жəне жабдықтар үшін технологиялық үдерістерді
қауіпсіз жүргізу жəне жабдықтарды қауіпсіз
пайдалануды қамтамасыз ететін уақытша
технологиялық, жұмыстық нұсқаулар, қауіпсіздік жəне
еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулар əзірлеп,
белгіленген 
тəртіпте бекіту қажет.
89. Жабдықты тұтастырған кезде пайдалану,
қызмет көрсету жəне жөндеу жұмыстарын жүргізуге
ыңғайлы болуын жəне үдерістердің талаптарына,
санитарлық-гигиеналық талаптарға жəне өндірістік
жабдықтарды орналастыру талаптарына сəйкестігін
қамтамасыз ету қажет.
90. Қауіпті жəне зиянды заттарды қолдану немесе
олардың қалыптасуына байланысты үдерістерді
олардың өндірістік жайларға бөлінуін шектейтін
технологиялық параметрлермен жүргізу қажет, бұл
жағдайда жұмыстық операцияларды барынша қол
жұмыстарынсыз шешу қажет.
91. Үдерісті механикаландыру мүмкін болмаған
жағдайда шаңданатын, ашық өнімдермен қол
жұмыстарын жүргізуді қолғаптық бокста немесе жеке
бөлмеде, немесе арнайы каньондарда, камераларда
тыныс алу органдарын қорғаудың жеке құралдарын
қолдану арқылы орындауға рұқсат етіледі, камералар,
каньондар мен бокстарда ауа сиретілген болуы тиіс.
92. Əрбір камера, каньон немесе бокстар үшін
пневмокостюмдерге, скафандрларға, тыныс алу
органдарының шлангтық жеке қорғаныс құралдарына
таза ауа əкелу қарастырылады. Қызмет көрсету жəне
жабдықтарды жөндеу үшін бұл камералар, каньондар,
бокстарға тек қана белгіленгені жеке қорғаныс
құралдарында кіруге рұқсат етіледі.
93. Технологиялық үдеріс жəне оның
аппаратуралық рəсімделуі қызмет көрсететін
құрамның ең аз саны қарастырылады, бұл жағдайда
оның жабдықтың орналасқан аумағында болу уақыты
барынша қысқартылады. Көрсетілген талаптарды
орындау үшін тиісті автоматтандыру жəне үдерістер
мен аппараттарды қашықтықтан басқару жүйелері
қарастырылады.
94. Буландыру жəне кристалдандыру үдерістері
үшін тұйықталған циклде жұмыс істейтін, автоматты
түрде бақыланатын жəне технологиялық параметрлері
реттелетін жабдықтар қолданылады.
95. Кристалдарды сусыздандыру жəне кептіру үшін
автоматты центрифугалар, діріл кептіргіштер немесе
өнімді тиеп-түсіру автоматтандырылған басқа да
аппараттар қолданылады.
96. Балқыту пештеріне, ыдырату жəне
тотықсыздандыру пештеріне тиеу жəне одан түсіру
үдерістері барынша механикаландырылады.
Технологиялық үдерісті басқару операторлық жəне
тетік бөлмелерден қашықтықтан жүргізілуі тиіс.
97. Басқару қалқандарында, тетіктерде жəне
панельдерінде орналасқан бақылау-өлшеу
аспаптарын басқару, дабыл беру жəне ток беру
сұлбаларында оларда кернеу бар екендігін көрсететін
дабылдатқыштары болуы тиіс.
98. Қашықтықтан басқарылатын агрегаттар жəне
аппараттар технологиялық үдерістердің
параметрлерін көрсететін бақылау-өлшеу
аспаптармен агрегаттың тұрған орнында жəне басқару
қалқаншасында жабдықталуы тиіс. Бақылау-өлшеу
аспаптары ыңғайлы жəне бақылау жəне реттеу үшін
қауіпсіз орында орнатылуы тиіс.
99. Үдерісті автоматтандыру кезінде апаттық,
ескерту, жəне технологиялық дабыл беру жəне блок
қою, сондай-ақ технологиялық параметрлер шектік
рұқсат берілетін мəндерге жеткен кезде қорғаныс
шаралармен жəне технологиялық жабдықты апаттық
тоқтатуды қарастыру қажет.
100. Өндіріс үдерістерінде жобамен
қарастырылған барлық негізгі ауа беру-сору
желдеткіштері жəне аспирациялық желдету
қондырғыларының үздіксіз жұмыс істелуі қамтамасыз
етілуі тиіс.
7.2. Ұсату, ұнтақтау жəне жіктеу
7.2. Ұсату, ұнтақтау жəне жіктеу
101. Ұсату жəне ұнтақтау машиналарының тиеу
жəне түсіру саңылаулары жабылған, қымталған жəне
аспирациялық қондырғыларға қосылған немесе сулы
шаңсыздандыру қондырғыларымен қамтамасыз
етілген болуы тиіс.
102. Ұсату жəне ұнтақтау машиналарына
материалды тиеу, сондай-ақ ұсатылған (ұнтақталған)
материалды тасымалдау механикаландырылған
болуы тиіс.
103. Ұсату жəне ұнтақтау машиналарын қосу
қондырғысы тиегіштердің қосу қондырғыларымен бірге
қосылатын болуы тиіс. Мұндай блоктар материалды
кездейсоқ тоқтап қалған жұмыс істемейтін
машиналарға тиеуге жол бермейді.
104. Материалды ұсатқан кезде немесе
ұнтақталғанда оны ылғалдайтын жəне сулы
шаңсыздандыратын қондырғылар ұсату жəне ұнтақтау
жабдықтарымен бір блокқа қосылған болуы тиіс.
Жабдық бос жұмыс істеген кезде ылғалдандыру
жүйесі автоматты түрде өшірілуі тиіс.
105. Ұсату жəне ұнтақтау машиналарының
жұмыстық алаңдарында өзектердің, шарлар,
шегендер, қосымша тетіктер жəне басқа заттарды
сақтауға рұқсат берілмейді. Оларды сақтау үшін
арнайы бөлінген жерлерде орнатылған ыдыс немесе
сөрелер қарастырылуы тиіс.
106. Конустық жəне жақтық ұсатқыштардың тиеу
саңылауы периметрі бойынша түсетін тесіктері бар
тұтас қоршаулармен жабылуы тиіс. Түсетін тесіктер
ұсатқыштарды жұмысқа қосу қондырғысымен
блокталған қақпақтармен жабылуы тиіс.
107. Бағдартқыш, көлденең жəне тік балғалы
ұсатқыштар корпусындағы қақпақ ашық болған
жағдайда ұсатқыштарды қосу мүмкіндігіне жол
бермейтін блогы болуы тиіс. Салмақтары 50 кг артық
бағдартқыш жəне көлденең балғалы ұсатқыштардың
корпустарының қақпақтарын ашып, жабу
механикаландырылған жолмен жүргізілуі тиіс.
Оператордың (ұсатқыш жұмысшысының)
жұмыстық алаңында, алаңға ұсатқыштан лақтырылып
тасталған материал кесегінің түсу мүмкіндігінен қорғау
үшін, металдық тордан жасалған алынбалы қоршауы
болуы тиіс.
108. Ұнтақтау кезінде жарылысқауіпті шаң түзетін
материалды ұсату шаңның жарылысын
болдырмайтын шараларды орындау арқылы жүргізілуі
тиіс.
109. Жіктегіш жəне жіктеуіштердің тиеу жəне түсіру
шұнқырларында олардың барлық ені бойынша қызмет
17.05.2022, 10:11
Стр. 1 из 1


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет