жоғарғы қабаты қызады да, жылу тӛменгі — тропосфера қабатына
беріледі. Нәтижесінде тропосферада әр түрлі циркуляция
қозғалыстар мен циклондар пайда болады.
МАГНИТТІК АНОМАЛИЯ – Жер бетіндегі магнит ӛрісі
мәндерінің ӛзінің қалыпты шамасынан ауытқуы. Картада магниттік
аномалия Жер магнетизмінің кейбір элементтерінің мәндері бірдей
нүктелерін қосатын сызықтар арқылы кескінделеді. Аумақты қамту
шамасына қарай магниттік аномалия континенталдық, регионалдық
және локальдық болып бӛлінеді. Континенталдық магниттік
аномалия 10 – 100 мың км2-ге таралады. Ең ірі континенталдық
магниттік аномалия Шығыс Сібір мен Зонд аралында орналасқан.
Регионалдық магниттік аномалия 1 – 10 мың км2 ауданды қамтиды.
Ол жер қыртысы құрылысының ерекшеліктеріне байланысты
туады. Шығыс Сібірде, Шығыс Еуропада, т.б. аудандарда
регионалдық магниттік аномалиялар бар. Локалдық магниттік
аномалия ауданы бірнеше м2-ден км2-ге дейінгі аумақты қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: