процестерге
тектоникалық қозғалыстар, радиоактивтік ыдырау,
химия реакциялар, заттар
арасындағы фазалық ауысу, жер
қойнауындағы жылу, т.б. жатады. Магма пайда болған жерінен
жоғары кӛтеріліп, суынып, қатайып, тау жыныстарына айналғанда
күрделі эволюция ӛзгерістерге ұшырайды.
Магма қата бастағанда
кристалдану процесі жүреді. Минералдардың кристалдану реті
олардың қатаю (балқу) темп-расына байланысты. Кристалдану үш
кезеңнен тұрады. Магмадан алдымен акцессор минералдар —
магнетит, апатит, монцанит,ильменит, циркон, т.б. ал екінші —
басты
кезеңінде
табиғатта
ең
кӛп
кездесетін
пироксен, амфибол, слюда, дала шпаты, т.б. минералдар бӛлінеді.
Басты тау жынысын құраушы
минералдар кристалданғаннан
кейінгі соңғы кезеңде қалдық Магма балқымасы кремний
қышқылына, сілтіге және ұшпа құраушыларға қанығады. Қалдық
балқымадан пегматит, грейзен денелері түзіледі,
олардың құрамы
әр түрлі пайдалы құраушыларға бай болады. Магма балқымасының
жоғары бӛлігінің құрамы гранитке, тӛмен бӛлігі базальтқа
жақындайды. Табиғи жағдайларда
Магманың жаралуы мен
жіктелуі әлі толық анықталмаған құбылыс. Ол ӛте ұзақ уақытқа
созылады, басқа геолология процестермен тығыз байланысты және
құрлықтар мен мұхиттарда ӛзгеше болып келеді. Мұхиттан
құрлыққа ауысатын аралық алқаптарда (мыс.,
Тынық мұхиттың
―отты сақинасы‖ алқабында) вулканизм алғашқы сатыда андезит-
базальт, ал соңғы сатыларда қышқыл құрамды лавадан тұрады.
Жалпы қышқыл құрамды тау жыныстар құрлықтарға және оларға
жапсарлас
аудандарға
тән.
Қышқыл
тау
жыныстардың
қалыптасуы граниттену процестерімен де
байланысты болуы
мүмкін. Магмалық тау жыныстар кешендерінде әр түрлі кен
байлықтары ұшырасады.
Достарыңызбен бөлісу: