ПЕТРОГРАФИЯ — Тау жыныстарын олардың минералогиялық
және химиялық құрамы, текстурасы, структурасы және жатыс
жағдайларының тұрғысынан зерттейтін ғылым. Тау жыныстарын
олардың пайда болу тұрғысынан петрология ғылымы зерттейді.
[1]
Шӛгінді тау жыныстарын зерттеумен ӛз алдына ерекше ғылым —
литология айналысады.
[ӛңдеу]Тармақтар
Петрографиялық зерттеулер негізгі үш бағытта жүргізіледі:
1.
магмалық тау жыныстар Петрографиясы;
2.
шӛгінді тау жыныстар Петрографиясы,;
3.
метаморфтық тау жыныстар Петрографиясы.
Олардан
басқа
Петрографияның
жасанды
материалдарды
(қож, фарфор, цемент, шыны, керамика, тасқұйма, т.б.) зерттейтін
саласы техникалық Петрография. Петрография ғылымының негізі
— минералдар, ал Петрографияның негізінде кен геологиясы,
петрология,
литология, инжинериялық
геология,
геология-
геофизика іздеу, барлау, картаға түсіру, аймақтық геология, мұнай-
газ геологиясы, геотектоника, петрофизика, т.б. геология салалары
бӛлініп шықты. Литологиядан басқа, петрографияның тағы
мынадай тармақтарын атауға болады:
Эксперименталды петрография;
Техникалық петрография;
Петрохимия.
Эксперименталды петрография тау жыныстарын зертханада
жасанды түрде түзу арқылы зерттейді. Кейбір жағдайларда даулы
мәселелерді тек эксперимент ӛткізу арқылы ғана шешуге болады.
Мысалы, плагиоклаздар құрамы бойынша бұрын ойланғандай,
альбит
пен
анортиттің
қосындысы
емес
(қосындылары
болса, олигоклаз, андезин, лабрадор сияқты минералдар болар еді),
осы екі бӛліктің қатты күйдегі үздіксіз ерітіндісі екендігі осы
эксперимент арқылы дәлелденді.
Техникалық петрография металлургиялық, керамикалық, т.б.
ӛндірістерде жасалатын жасанды тастардың қасиеттерін зерттеп,
оның жаңа түрлерін жобалаумен айналысады.
Петрохимия саласының негізін қалаған — Магмалық тау
жыныстарының химиялық құрамының негізгі заңдылықтарын және
солардыңметаморфизм барысында
ӛзгеруін
зерттейді.
Петрохимияның негізін қалаған — академик А. Н. Заварицкий.
Тау жыныстары бір немесе бірнеше минералдан құралып, жер
қыртысының үлкен аймақтарын алып жатады. Оларға химиялық
құрамының және минералогиялық структурасы мен текстурасының
тұрақтылығы тән. Тау жыныстарының жатыс жағдайлары да
жүйелі болып келеді. Осылайша петрография барлық геологиялық
ғылымдармен, соның ішінде минералогиямен тығыз байланысты.
Зерттеу нысаны қорытпалар, яғни ерітінділер болғандықтан
петрография физикалық химиямен де ұштасады.
Достарыңызбен бөлісу: |