ыдыстың табаны конус тәріздес болып
келіп бірнеше су ағатын
тесігі болады. Жаңбыр суы ыдыстан трубка арқылы ағып қалтқылы
камераға құяды. Камераның сиымдылығы 10 мм. Оның ішіндегі
қаңылтыр қалтқы темір ӛзек арқылы сиялы ұшы бар стрелкамен
байланысады.
ПРЕКЕМБРИЙ, криптозой — архей мен протерозойлық тау
жыныстарының
жалпылама жиынтығы; Жер тарихында палеозой
эрасының кембрий дәуіріне дейінгі ұзақтығы 3,5 млрд. жылдай
уақытты қамтиды.
ПРЕРИЯ (француз
тілінде
praіrіe,
латын
тілінде
partum —
шалғындық) — Солтүстік Американың орталығы бӛлігіндегі
үстіртті жазық ӛңір. Теңіз деңгейінен 500 — 1500 м биіктікте.
Солтүстігінде Саскачеван ӛзенінің орта ағысынан оңтүстігінде Ред-
Ривер ӛзенінің жоғарғы ағысына дейін,
батысында Ұлы
жазықтардан шығысында Мичиган кӛлінің оңтүстік жиегіне дейін
созылып жатыр. Батысында Сеңгір таулары орналасқан. Прерия
Солтүстік Американы мұз басуы және адамның орманды орынсыз
кесуі салдарынан пайда болған. Солтүстігінде қара, оңттүстігінде
қызғылт-қоңыр топырақ басым. Климаты континенттік; солтүстігін
қоңыржай, оңттүстігін субтропиктік
климаттық белдеу алып
жатыр. Қаңтар айының орташа температурасы солтүстігінде — 20
o
С, оңттүстігінде 7
o
С, шілдеде 17 — 28
o
С-қа дейін жетеді.
Жылдық жауын - шашынның орташа мӛлшері шығысында 900 мм,
батысында 600 мм. Прерияда негізінен бозшағыл, айрауық, боз,
бидайық, т.б. астық тұқымдас шӛптесіндер басым ӛскен және
олардың биіктігі 1,5 м-ге дейін жетеді. Солтүстігінде кӛктерек,
тал, қайың, қарағай шоқ ормандары, оңтүстігінде емен, жаңғақ,
терек, т.б. ӛседі. Прерияның барлық ӛңірі егіншілікке
пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: