Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет164/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   206
СУ ТАСҚЫНЫ - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен 
айдаған және кептелу кезінде ӛзендердегі, кӛлдер мен теңіздердегі 
су деңгейінің кӛтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. 
Ӛзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны 
ерекше түрге жатады. Су тасқыны кӛпірлер, жолдар, ғимараттар
құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың 
кӛп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке кӛтерілсе (2 м 
кӛп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. 
Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су 
массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, 
әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық 


соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және 
бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.
СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ - электр генераторын  айналдыратын
гидравликалық 
турбинамен  
су 
ағынының 
механикалық 
энергиясын электр энергиясына түрлендіретін электр станциясы. 
Қазақстандағы 
ең 
алғашқы
СЭС 1902 
жылы Зырян 
кенішін энергиямен 
қамтамасыз 
ету 
мақсатында Тұрғысын 
ӛзенінде салынды. Оның қуаты 1 мың кВт болды. 1927 жылы 
Жоғары Хариузовск СЭС-і (куаты 3,2 мың кВт), 1934 
жылы Үлбі СЭС-і (қуаты 27,6 мың кВт) салынды.Үлкен Алматы 
ӛзенінде 10 каскадтан тұратын СЭС (жалпы қуаты 47 мың кВт) 
1959 жылы салынып бітті. Соңғы жылдары кешенді мақсатта 
пайдаланылатын бірнеше ірі су-энергетикалық тораптар іске 
қосылды: Ертіс ӛзенінде Ӛскемен СЭС-і (куаты 331,2 мың кВт) 
және Бұқтырма СЭС-і 
(қуаты 
675 
мың 
кВт), 
Іле 
ӛзенінде Қапшағай СЭС-і (қуаты 434 мың кВт) және т.б. Елімізде 
су-энергетика құрылыс объектілерінен басқа 200-ден астам шағын 
және орташа СЭС салынған. Қазақстандағы ірі СЭС-тердің 
барлығы энергия жүйесі ӛқрамындағы жылу станцияларымен 
үйлестіріле пайдаланылады. Бұл жағдайда олардың жоғары 
дәрежедегі кешенді үнемділігі, пайдаланудағы сенімділігі артады. 
Сондықтан СЭС салу ӛзеннің ағын суын су кӛлігі, ирригация және 
сумен қамтамасыз ету және т.б. мақсаттарда кешенді пайдалануға 
мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет