Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет189/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   206
ФИТОГЕОГРАФИЯӛсімдік 
географиясы — ӛсімдіктердің жер 
бетіне таралуын зерттейтін ғылым; ӛсімдік түрлерінің және ірі 
жүйелік категориялардың (туыс, тұқымдас және т.б.) ӛткен 
дәуірлер мен қазіргі кездегі географиялық таралу заңдылықтарын 
зерттейтін ботаника мен физикалық географияның бӛлімі. 
Ӛсімдіктер 
географиясының 
негізгі 
объектісіне 
жеке 
түрлердің ареалдары, 
сондай-ақ 
жердің 
әр 
түрлі 
аудандарының флорасы жатады. Флораның және оның жеке 
элементтерінің генезисін анықтау, сондай-ақ флораны аудандау — 
ӛсімдіктер географиясының маңызды міндеттері. Ӛсімдіктер 
географиясы ғылым ретінде XVIII ғасырдың соңы мен XIX 
ғасырдың басында қалыптасты.
[1]
 
Ӛсімдіктердің таралуы кӛптеген жағдайларға байланысты. Бұл 
жағдайларға: жердің ӛткен геологиялық дәуірі, климаты, жер 
бетінің құрылымы, жануарлар мен адамдардың әрекеті жатады. 
Фитогеографияның міндеті — әрбір түрдің ареалын (орналасу 
ауданын), фитоценозын (ӛсімдіктер жиынтығын) зерттеп, білу. 
Қазіргі фитогеография жер бетін әрқайсысының ӛзіне тән ӛсімдік 
жамылғысының құрамы бар алты облысқа бӛледі. Олар —
голарктика, палеотропик, неотропик, австралия, кап және 
антрактида облыстары. 
ФЛОРА (латынша flora — Рим мифологиясындағы кӛктем құдайы; 
латынша florіs — гүл) — нақты бір жер аумағында ӛсетін немесе 
ӛткен геологиялық дәуірлерде ӛскен ӛсімдік таксондарының 
тарихи-эволюциялық 
қалыптасқан 
жиынтығы. 
Флораны
ӛсімдіктербірлестігінен (әр түрлі ӛсімдік қауымдастығының 
жиынтығынан) ажыратып қарау қажет. Мысалы, Солтүстік жарты 
шардың 
қоңыржай 
салқын 
аймағының 
флорада 
тал, қияқӛлең, қоңырбас, сарғалдақ, 
т.б., 
ал 
қылқан 


жапырақтылардан: қарағай, кипарис, т.б. тән болса, ӛсімдіктер 
бірлестігінде — тундралық, тайгалық, далалық, т.б. ӛсімдіктер 
қауымдастығы кең тараған. Флораның тарихи дамуы түр түзілу 
процестерімен, 
бір 
түрді 
екінші 
түрдің 
ығыстыруымен, 
ӛсімдіктердің миграциясымен және түрлердің жойылуымен тығыз 
байланысты. Әр Флоранның ӛзіне ғана тән арнайы ерекшеліктері 
бар. Оған: Флораны құрайтын түрлердің сан алуандығы (Флораның 
байлығы), жасы, автохондық және эндемизм деңгейі, т.б. жатады. 
Флораның ӛзара айырмашылығы ең алдымен әр ӛңірдің геология 
тарихына, орография, климаттық жағдайларына және топырағының 
құнарлылығына байланысты. Аумақтық деңгейіне қарай: Жер 
Флорасы (500 мыңға жуық түр, оның ішінде 330 мыңға жуығы 
жоғары сатыдағы түтікті ӛсімдіктер: гүлді ӛсімдіктер, ашық 
тұқымдылар, споралылар), жекелеген құрлықтар мен олардың 
бӛліктерінің Флорасы, аралдық Флолалар, тау жүйелерінің 
Флорасы, сондай-ақ мемлекеттер мен жекелеген әкімшілік 
аудандардың Флорасы болып ажыратылады. Сонымен қатар, 
жекеленген жүйелік Флора, топтардың Флорасы, т.б. бар. Мыс., 
балдырлар Флорасы, мүктер Флорасы, т.б. Флораны зерттейтін 
ғылым — флористика деп аталады. Қандай да бір Флораны зерттеу 
оның аумағындағы түрлер мен туыстардың құрамын анықтаудан 
басталады. География таралуына ұқсас түрлер Флораның 
географиялық элементін (геоэлемент) құрайды, кейбір зерттеушілер 
геоэлемент терминінің орнына ареалдар типі (тропик., бореалдық, 
голарктик., палеоарктик., т.б.) деген атауды қолданады. Шығу тегі 
ұқсас түрлердің тобы Флораның генет. элементтері не генет. 
қатпарлары деп аталады. Теор. тұрғыдан алғанда кез келген Флора. 
4 генет. қатпарлардан тұрады: f1 — реликтер (мыс., гинкго); f2 — 
Флораның ежелгі ядросы, ӛткен геология дәуірлерден осы аумақта 
ӛсетін, қазіргі табиғи жағдайлармен үйлесімді түрлер; f3 — 
мигранттар (шығу тегі бойынша басқа ӛңірлерде пайда болып, осы 
аумаққа әр түрлі себептермен кӛшіп келген түрлер); f4 — 
автохтонды жаңа құрылымдар (ежелгі жерінде пайда болған жаңа 
түрлер). Кез келген Ф-ны F=f1+f2+f3+f4 деп кескіндеуге болады. 
Осы генет. қатпарлардың арақатынасына қарай: реликті Ф. (F=f1), 
миграц. Ф. (F=f3), эндемиктік Ф. (F=f4), т.б. бӛлуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет