бастауынан есептегенде 7000 км-ден асады. Амазонның негізгі
ағысы экватор мен 5˚ оңт. ендік аралығында, яғни біркелкі әрі аса
ылғалданған аймақта (жауын-шашынның жылдық мӛлш. 1500 -
3000 мм) жатыр. Анд тауынан ӛткен соң, ӛзен Амазон ойпатына
шығып, оң жақтан келген Укаяли ӛз-мен қосылып Ұлы А. ӛз.
басталады. Ол батпақтанған жазықпен,
ылғалды экваторлы
ормандардың арасымен ағады. Мұхиттан 350 км қашықтықта
әлемдегі ең үлкен атырау түзеді (аум. шамамен 100 000 км2).
Ӛзенге кӛптеген салалар құяды, олардың 20-ға жуығының ұз. 1500
— 3500 км болады. Укаяли мен Мараньон ӛз-дері қосылған соң,
оның арнасының ені 2 км. орта ағысында 5 км, құйылысында 80-
150
км-ге жетеді; суының тереңд. орта ағысын-да 70 м, Обидус қ.
тұсында 135 м-ге, ал құйылысында 15-45 м-ге дейін барады.
Амазонның салалары бір-бірінен тек мӛлш. мен сулылығы жӛнінен
ғана емес, суларының түсімен де ерекшеленеді. Ӛзеннің
гидрологиялық тәртібі ӛте күрделі әрі ерекше келеді. Алаптары екі
жарты шарда орналасқандықтан, жылдың түрлі мезгілдерінде
жауын-шашынның аз не кӛп жаууына байланысты әр түрлі
тасқындар болып тұрады. Оңт.
салалары сулылығының
молдығымен ерекшеленеді, сондықтан мамыр, шілде айларында А-
ның ең жоғары деңгейі байқалады. Орташа су шығыны 175 000
м3/с, ал орташа жылдық ағындысының кӛлемі 5520 км шама-сында.
Әлемдегі ӛзендердің жалпы жылдық ағындысының 15 — 17%-і осы
ӛзеннің үлесі-не тиеді. Амазонның ӛсімдік және жануарлар әлемі
ӛте бай. Балықтардың 2000-ға жуық түрі бар (жер шарының жалпы
тұщы су фаунасының 1/3 бӛлігі). Ӛзеннің басты арнасы
құйылысынан 4300 км-ге дейін (Понго де
Мансериче шатқалына
дейін) жүзетін болса, құйылысынан 1690 км қашықтыққа (Манаус
қ-на) дейін үлкен мұхит кемелері жүзе алады. Амазонның энергет.
мүмкіндігі ӛте мол (қуаты 280 млн. кВт шамасында бағаланады),
бірақ ол пайдаланылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: