жасушаларының құрылымдық бӛліктерін түзу және жаңарту
бағытында тіріорганизмде
жүретін
химиялық
процестердің
жиынтығы;
ағза
құрамына
және
тіршілік
әрекетіне
қажетті анаболизм; қарапайым құрылымды заттардан құрылымы
күрделірек
заттекті полисахаридтер; нуклеин қышқылы; ақуыз т.б.
синтездеу процессі.
АТАКАМА — Оңтүстік Америкадағы Орталық Анд жотасының
батыс етегінде жатқан шӛл. Тынық мұхит жағалауында (ұз. 1000
км-ге жуық) созыла орналасқан. Чили Республикасы аумағының
солтүстігіндегі тропиктік белдеуге сәйкес келеді.
Құрамына
Жағалық Кордильер, ұзына бойы созылған аңғар және Батыс
Кордильер жотасының батыс беткейі кіреді. Кайнозой эрасындағы
тектоник. қозғалыстар мен жанартау
әрекеті нәтижесінде
қалыптасқан шӛл. Климаты тропиктік пассаттық, Перу суық ағысы
әсерінен салқын болып келеді. Жағалауының орташа темп-расы ең
ыстық айда 19-200С, ең салқын айда 13-140С, ал ұзын
аңғарларында ыстық айда 230, салқын айда 120С. Жауын-шашын
ӛте сирек түседі (жылдық мӛлшері 50 мм), кейбір жылдары мүлдем
жаумайды. Жағалық Кордильердің шығыс бӛлігінде ӛте ірі натрий
және
калий селитрасы, йод, ас тұзының кен орындары, ал Анд
тауларының батыс беткейінде ірі мыс кен орны (Чукикамата)
ашылған. Шӛлдің беткі бӛлігінің кӛпшілігін
жылжымалы құмдар
мен сортаң жерлер алып жатыр. Бұталар мен кактустер тек ылғал
молырақ жерлерде ӛседі. Перу суық ағысының әсерінен
жағалаудағы сулар планктонға және ихтиофаунаға бай келеді.
Соның нәтижесінде жағалық жартастар
мен аралдар құс базарына
айналған. Ондағы құстар саңғырығының қалыңд. 30 м-ге жетеді. Ол
азотты тыңайтқыш болып табылатын гуано түзеді. Гуано Чилидің
ең басты экспорт ӛнімі. Үндістер тілінде ―А.‖- шӛлді аймақ деген
ұғымды білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: