Мақсаты: Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.
Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеуарқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.
Сабақтың ортасы (26 мин)
ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін) Оқулықпен жұмыс істеу. «Жауап беретін әріптес» әдісі Оқушылар алдымен мәтінді толық оқиды. Содан соң, оқушылар досын немесе топты өз жұмысына түсініктеме беруге, талқылауға шақырады. Бұл үдеріс тиімді жүруі үшін оқушылар оқу мақсаты мен табыс критерийлерін білуі қажет. Олар сонымен бірге жауап беретін әріптестің рөлін бағалауы – оқу мақсаттарына сәйкес құрылымды және жағымды кері байланыс ұсынуы тиіс. Оқушыларға жұмысты орындап жатқан адамға қоятын сұрақтар тізімі берілуі мүмкін. /Бұл әдіс оқушылардың жаңа сабақтың ақпаратымен танысуға, өзара талқылауға, бір-біріне сұрақ қоюға тиімді болып келеді./
Дескриптор
Оқулықтағы мәтінді оқиды.
Топта бір-бірімен топтық талқылау жүргізеді.
Оқулықта берілген практикалық жұмысты орындайды.
Бір-біріне сұрақтар қойып, түсінбеген тұстарын толықтырады.