Жаңа сабаққа дайындық.
Мақсаты: Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін, жетелеуші әрі түрткі сұрақтарды талқылау.
Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.
|
Сабақтың ортасы
(26 мин)
|
ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)
Оқулықпен жұмыс істеу. «Барлық оқушымен жұмыс істеу» әдісі
Оқулықтағы жаңа білім айдарында берілген мәтінді оқуға тапсырма беріледі. Бұл жұмыс түрі бүкіл сынып оқушыларының бір мезгілде жұмысқа жұмылдырылуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың барлық сұрақтарына мұғалім жұмыстың алдында жауап беруі тиіс, бұл оқушыларды да, мұғалімді де алаңдатпайды. Оқушы жаңа сабақтың ақпаратымен танысады.
|
|
Топтық жұмыс: «Ойлан, бірік, бөліс!» әдісі
Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс).
|
1-тапсырма
7 -інші, 8-суреттерде берілген презентацияны жасауда қолданған командалар қызметін сипаттап жазыңдар. Слайдтар мазмұнына қарап 5-7 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастырыңдар.
Дескриптор
7 -інші,8-суреттерде берілген презентацияны жасауда қолданған командалар қызметін сипаттап жазады.
Слайдтар мазмұнына қарап 5-7 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастырады.
|
|