Мәтін мен бейнелерден тұратын қарапайым таныстырылымдар жасау программасымен танысады


ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)



бет25/39
Дата14.06.2023
өлшемі472,66 Kb.
#101368
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
Байланысты:
Цифрлық сауаттылық 4-тоқсан 3-сынып

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)
Оқулықпен жұмыс істеу. «INSERT» әдісі
Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығу.
INSERT - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну - әрине, ынта-зейінді қажет ететін күрделі әрекет. Сондықтан да зейіні тұрақсыз оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өз пікірін өмірдегі жайттармен ұштастыра алмау кемшіліктері жиі кездеседі. Бұл орайда үйретуші мұғалім баланы дағдыландыруға күш салады. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Дескриптор

  • Оқулықтағы мәтінді оқиды.

  • «INSERT» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс істейді.

Оқулықта берілген практикалық жұмысты орындайды.

Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Қызыл түс – Жарайсың!, Жасыл түс – Жақсы!, Сары түс – Талпын!.

Интерактивті тақта

Оқулық

Жұмыс дәптерлері





Топтық жұмыс: «Ойлан, бірік, бөліс!» әдісі
Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс).

1-тапсырма
Фотосуретті қалай бағалайсыңдар? Суреттің сапасын анықтауда өз өлшемдеріңді ұсыныңдар. Төменде берілген үш фотосурет бойынша:

  1. Ең сапалы суретті анықтаңдар.

  2. Суреттің сапасының төмендеуіне не әсер еткен? Себебі неде?

  3. Ойларыңды тұжырымдап, басқа топтағылармен ой бөлісіңдер.

  4. Суреттерде не бейнеленген? Шағын сипаттама жазыңдар.

Дескриптор

  • Суреттің сапасын анықтауда өз өлшемдеріңді ұсынады.

  • Берілген үш фотосуреттің арасынан ең сапалы суретті анықтайды.

  • Суреттің сапасының төмендеуіне не әсер еткенін анықтап, себебін түсіндіреді.

  • Ойларын тұжырымдап, басқа топтағылармен ой таластырады.

  • Суреттерде не бейнеленген сипаттама жазады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет