(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.
|
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
І. Қызығушылықты ояту: «Алма, шие, өрік, банан» әдісі
Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады. Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады: «Алма, шие, өрік, банан» деп. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы, «Шие!» деп, не «Алма, өрік!» деп, немесе «Алма, шие, өрік, банан!» деп), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын алмастыру қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды. (бірнеше оқушымен осы әдіс бойынша жалғасады).
|