Мәтін талдау мен мәтінтану: айырмашылықтары мен ұқсастықтары. Қазақ тіл біліміндегі мәтінтану мәселесі



бет6/6
Дата10.12.2023
өлшемі55,43 Kb.
#136562
1   2   3   4   5   6
Сәли бірлән Жармұханбет достым, уақытыңыз болса, бізге бек мұқтаж шәй-шекер алып беріп жіберсеңіз, бек ұлуғ мархабаттан болар еді.
Хаттағы шағатайлық ерекшеліктер: Түркі тілінің j-тобына жататын бұл жазба тілде сөздің анлаутындағы еріндік дыбыстармен келген сөздер қатаң t-мен жазылады, мысалы: Өһәм өзім де бұ халықтың ішінде тұра алмаймын; Һәрнешік орыс турәгә хор болмаңыз – дегенде олардың еріндіктердің әсерінен жұмсаруы байқалмайды. Түбір морфемалардың ауслаутында ызың дыбыстардың алдында қатаң дыбыстар өз қалпымен, сол күйінше жазылу заңы сақталған: Уә бүнден соң бұ йылғы Хиуа барған сафарымыздан сағ сәләмәт қайтып келугі һәр сөзләрімізні Жарастан сұрап білерсіз.
Мәтін грамматикасы мәтінішілік байласымға қарай сөйлемдердің өзгерісін қарастырады. Сөйлем анығында тілдік бірлік, ал сөйлеу тілі жағдайында сөйлемге сөйленіс («высказывание») сәйкес келеді деген пікірлер айтылады. Мұндай пікірлердегі негізгі ой сөйленіс кезінде сөйлем коммуникацияның ақиқат минимальды бірлігі болып саналады деген ойды нақтылайды, ал оның дистрибутивтілігі басқа мәселеге жатады деп көрсетіліп жүр. Бұл пікірді білдірушілер әр сөйлемнің дистрибутивтілігін анықтау шындығында, мүмкін еместігін алға тарта береді. Бірақ сөйлем топтарының (кластарының) дистрибутивтілігін анықтауға болатынын да түгелімен жоққа шығармайды. Айталық, тек мәтіннің басында ғана, я болмаса сөйлемнің ортасында ғана қолданылатын сөйлемдер болады. Сөйлемдердің позициялық дистрибуциясы жоғарыда келтірілген Махамбет хаттарынан да айқын көрінеді. Мысалы, Хұрмәтлу батырлар Баубек, Нәдірқұл, Сәли, Жармұханбет, Амантай баршаларыңызға бірдайін сәлемлерімізден соңыра истихфарларыңыз уләндірсә әлхамдиллә сізнің дұғайкүйләріңіздің хаминдіндә деген сөйлем тек хаттың басында ғана орналасады. Ортасында я болмаса хаттың соңында бұл сөйлемнің тұруы мүмкін емес. Жалпы алғанда жазба мәтіндердегі сөйлемдердің өзіндік орны болады, өйткені жазба мәтін әркімнің еркіне қарай еркін ұйымдасатын ауызекі сөйлеу тілі емес, бірізділік, реттілігі бар, құрылымның өзіндік жүйесі сақталған. Жүйелілік мәтін грамматикасының дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Махамбет хатындағы сөйлемдер түрлері мен типтері әр түрлі болғанмен, толық коммуникативті, автордың айтайын деген ойы осы сөйлемдер арқылы және тұтас мәтін арқылы ашылады, олар толық ақпаратты жеткізеді. Мысалы, келтірілген хаттағы атауыш сөздер етістіктер мен есім сөздердің ара жігі айқындалған, бір-біріне сөз таптары ретінде екі парадигманың қарама-қарсылығы сезіледі. Есім атауыштар, оның ішінде зат есімдерге батырлар, сафарымыздан, сәлемлерімізден, жұртның, ашуғышлығы, ғаскер, ханға, заман, йыл, қысаңлық, ініңіз, достым, т.б. сөздер жатады. Зат есімдердің септік категоряларымен түрленуі сафарымыздан, сәлемлерімізден, жұртның, халықларның, турәгә, ханның, қолында, тинтәкләрін, бинің, иліндән, үйні, малларны сөздерінен байқалады. Шығыс, Ілік, Барыс, Табыс септіктерінің қосымшалары анық жіктеліп, ерекшеленіп тұр. Бірақ, сөздің түбірінің қандай дыбысқа біткеніне қарамастан, септік қосымшаларының ұяңданып жалғануы сөзсіз көнеліктің белгісі және сол тұстағы жазба тілге ауызекі тілдің ықпал-әсерінің қатты болмағанын және жазба тілдің айтылымнан бөлек жатқанын байқатады, иліндән, үйні деген сөздердің септелуінінің де өзіндік ерекшелігі бары көрінеді. Тәуелдік формаларын білдіретін ІІ жақтың сыпайы формасы –іңіз (ініңіз), -І жақтың –м (достым) формасы, көпше түрдегі І жақ тәуелділік формасы – іміз түрінде (сәлемлеріміз), ІІ жақ тәуелділік формасы халқы сөздерінен көрінеді. Есім сөздер мен етістіктердің жіктелісінің бір айғағы – етістіктің грамматикалық категорияларының қолданыста еркін кездесуі: Уә бүнден соң бұ йылғы Хиуа барған сафарымыздан сағ сәләмәт қайтып келугі һәр сөзләрімізні Жарастан сұрап білерсіз т.б. сөйлемдердегі баяндауыштар сөйлемнің соңында орналасқан. 2,3-жақ жіктік жалғауларымен тұр.
Бән һәм сізләрнің хабарыңызны күтіп алсам кирәк деген сөйлемде ғана кездесетін керек модаль сөзінің қызметі баяндауышқа жуық. Сөйлем құрамындағы білдіретін мағынасы міндеттілікті-қажеттілікті білдіру. Келесі сөйлемдегі бар сөзінің мағынасы алдыңғы сөйлемдегі керек-тен бөлек, ол жоққа-шығару немесе мақұлдау семантикасын білдіретіндіктен, сөйлемде мақұлдауды білдіреді. Мысалы: Һәм бүгінде Ғайбала ханның қолында біраз әскер бар. Келтірілген мысалдардағы керек, бар сөздері сөйлемдегі позициясы жағынан да, яғни сөйлемнің соңында келуіне байланысты, семантикасы жағынан да, қызметіне қарай да, модаль-предикативтер. Хұрмәтлу батырлар Баубек, Нәдірқұл, Сәли, Жармұханбет, Амантай баршаларыңызға бірдайін сәлемлерімізден соңыра истихфарларыңыз уләндірсә әлхамдиллә сізнің дұғайкүйләріңіздің хаминдіндә сөйлеміндегі хаминдіндә сөзі де модаль сөз болып табылады. Осы сөйлемдегі сіз көптік мәнде жұмсалып тұр. Соған қарағанда, көптікті білдіру тек көптік формасының (-лер) еншісіне тиесілі болмаған, бұл формаға ортағасырлық сіз жарыспалылық құрайтын ерекшелік әлі де болса сақталған, яғни сіз есімдігі осы тұлғасында көптікті де білдіреді.
Зат есім мен сын есім синтаксистік позицияда бір-біріне қарсы қойылуы, яғни анықтауыш пен анықталатын зат арасында ешқандай қиылысудың, үндесудің жүйелілігі байқалмайтыны Һәрнешік орыс турәгә хор болмаңыз сияқты сөйлемнен көрінеді. Хаттағы орыс та, төре де зат есім, ал сөйлем ішінде олардың бірі, атап айтқанда, позициясына қарай орыс сөзі төрені анықтап, сын есімдік қызметті атқарған. Мұндай позиция зат есімдердің сын есімге ауысуын, яғни конверсиялану процесінің өтуін мүмкін еткен. Хат ортағасырлық эпистолярлық үлгіге сай хұрмәтлу сөзінен басталып, сол дәстүрге сай Йазғушы ініңіз Мұхамед Утәміш ұғлы дейур біләсіз – МҰХАМЕД құрылымымен аяқталып тұр. Хатта кітаби тіл элементтері көп, оларға: әлхамдиллә, дұғайкүйләріңіздің, уә, бүнден, йылғы, сафарымыздан, сағ сәләмәт, һәр, сөзләрімізні, өһәм, бек інтізар, бірлән, уәзәрә, бәңә, һәм, болмайдұр, ғайри уәлият, һәрнешік, турәгә, тинтәкләрін, зәкәтләрін алатұрған, һәд бек ұлуғ мархабаттан т.б. жатады. Келтірлген мысалдардағы грамматикалық тұлғалар шағатайлық элементтер болып табылады.
Мысалдардың ішіндегі уа, ғайри, һәм, ошан, өһәм, білән, бірлән шылауларының ХХ ғасырдың басына дейін жазба тілде кездесіп отыратын белгілі. Һәр, һәд, һәрнешік сөздерінің алдындағы һ дыбысының келуі де кітабилік дәстүр үлгісі, ал ондай кітабилік үлгі йыл, йазғучы сөздерінің анлаутындағы й-дің қолданысы арқылы да анық байқалады. Ушан халықларның ішінде һәрнешік Хиуадан әскер болмайдұр деп ойламаңыз. Бұл сөйлемде –дұр формантының өткен шақтық функцияны білдіруі – негізгі қызметі және бұл қызметті –ды жедел өткен шақтың қосымшасымен жарыса атқарған. Бұл форманттың кездесуі ескі жазба әдеби тілдің негізгі грамматикалық ерекшеліктерінің бірінен саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет