Мәтін талдау мен мәтінтану: айырмашылықтары мен ұқсастықтары. Қазақ тіл біліміндегі мәтінтану мәселесі


Түркі тілдері материалдары негізіндегі мәтінжасамдық тәсілдерді талдау мен қазақ ауызша-жазбаша мәтіндерін талдаудың ерекшеліктері



бет5/6
Дата10.12.2023
өлшемі55,43 Kb.
#136562
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс (8)

2.3 Түркі тілдері материалдары негізіндегі мәтінжасамдық тәсілдерді талдау мен қазақ ауызша-жазбаша мәтіндерін талдаудың ерекшеліктері. «Түркі жазба ескерткіштерінің тілі» термині күллі жазба ескерткіштерді жаңа, тірі түркі тілдерінен айыру үшін қолданылады. «Адресат (автор) - мәтін - адресант» қатынастары жүйесін ортағасырлық (шағатай) әдеби тілі дамуының стильдік категориясы ретінде қарастырған зерттеуші Г.Ф.Благова «сыни» («критический») мәтін жоқ жағдайда да ескерткіш тіліне лингвомәтіндік талдау жасауға болатындықтың үлгісін көрсете алды. Ал түркі халықтарының көші-қон миграциясының бағытына, яғни шығыстан батысқа қарай, көне әдеби тілдердің қалыптасуы процесі жүрген. Осы жайды ескере келіп, Э.Р.Тенишев көне түркі жазба ескерткіштернің тілдеріне былайша классификация жасайды: 1.Руникалық ескерткіштердің тілі (руникалық койне) ұйғыр-қыпшақтық қоспалары бар оғұз тілі. Бұл тілде жазылған ескерткіштерге Күлтегін, Могилян, Тонықұқ, Елетмиш, Мойыншор, т.б. жатады. 2.Көне ұйғыр әдеби тілінде жазылған ескерткіштерге Турфан мен Ганьчжоу территориясындағы ескеркіштер жатады. Э.Р.Тенишев ұйғырлар алғашқыда руникалық алфавитті пайдаланғанмен, кейіннен өздері ұйғыр жазуы деп атаған, соғды жазуының икемделген түрін пайдаланғанын айтады. 3.Қарахан-ұйғыр (қахан және бұғырахан) әдеби ескерткіштерінің тілі. Бұл Қашғардан Самарқанд, Бұхарға дейінгі аймақтардан табылған ескерткішердің тіліне тән. Осы дәуірде араб жазуымен жазылған, бірақ мазмұны мұсылмандық мазмұндағы Ж.Баласағұнның «Құдатқу білігі», А.Йүгінекидің «Ақиқат сыйы», М.Қашқаридың «Диван лугат ат-турк» ескерткіштері дүниеге келген. 4. Хорезм-түркі әдеби тілі Алтын Орда мемлекетінің аймағына орналасқан мекендерден табылған ескеткіштердің тілі. Бұл тілде жазылған шығармаларға «Қысас ул-анбийа», «Құсрау-Шырын», «Махаббат-наме» ескерткіштері жатады. 5. Шағатайлық әдеби тіл орта ғасырдағы түркі әдеби тілдерін аяқтап тұрған тілге жатады. Ал «шағатай тілі», Г.Ф.Благованың көрсетуінше, «Ostturkischt islamischе Literatur – sprache Mittelasiens»-тің құрамына енеді [18, с.148].
Шағатай тілінде қазақ, қарақалпақ ұлттық тілдерінің, сондай-ақ өзбек тілінің қыпшақ сөйлеу тілі мен кейіннен түрікмен ұлттық тілінің негізі болып қаланған шығысоғұз диалектілерінің, өзбек тілінің хорасан, оғұз сөйлеу (наречие) тілдерінің белгілері кездеседі. Шағатай тілінің лексикасында араб-парсы сөздері, ал грамматикасында араб-парсы элементтері бар, сондықтан қазіргі кезде архаизм саналатын сөздердің көп кездесуінің бір себебі осында жатса керек. Шағатай тілді мұралар араб жазуымен жазылғандықтан, оқылым кезінде түрлі вариативтіліктер орын алады. Шағатай тілінің осындай ерекшеліктеріне қарай оны бірнеше кезеңге бөліп қарастыру қалыптасқан: 1. Классикаға дейінгі кезең: ХІҮ ғ. соңы мен ХҮ ғ. ІІ ж. (Саккаки, Лютфи, Атаи, Ходжани, Саид Ахмад, Хайдар Хорезми, Әмір, Якыни, Ахмади, Гадои шығармалары дүниеге келген жемісті кезең.). 2. Классикалық кезең: ХҮ ғ. ІІІ ширегі (треть) мен ХҮІ ғғ. аралығын қамтиды. Бұл кезеңде Ә.Науаи, Хусейн Байқара, Бабыр, Шейбани, Убайди, Мұхаммед Салих, Маджлиси т.б. шығармалары жазылған. Бұл кезеңнің бастауын Я.Эккман 1464 жылмен байланыстырады, өйткені дәл сол жылы Науаи өзінің алғашқы өлеңдерінің жинағын құрастырған. «Шағатайлық әдеби тіл орта ғасырдағы түркі әдеби тілдерін аяқтап тұрған тілге жататындықтан», қазақ тарихындағы Махамбеттің хаттарын түркіге ұласар тұстағы шағатайлық дәуірдің соңғы ширегіндегі жазба мұраларға жатқызуға болады және осы аталған параметрлер бойынша хаттарының тілі талданады. Ал хаттарына мүлде ұқсамайтын өлең мәтіндеріне алдыңғы және кейінгі тараулардағы талдаулар жазба тіл мен ауызша әдеби тіл айырмашылықтарын нақты көрсетуге көмегін тигізеді деуге болады.
Хаттың мазмұны төмендегідей:
Дәлудің 19-да 1839 йылда йолланды
Хұрмәтлу батырлар Баубек, Нәдірқұл, Сәли, Жармұханбет, Амантай баршаларыңызға бірдайін сәлемлерімізден соңыра истихфарларыңыз уләндірсә әлхамдиллә сізнің дұғайкүйләріңіздің хаминдіндә. Уә бүнден соң бұ йылғы Хиуа барған сафарымыздан сағ сәләмәт қайтып келугі һәр сөзләрімізні Жарастан сұрап білерсіз. Өһәм сізләрні өзім де көруге бек інтізар болсам да жұртның жайсызлығы бірлән өзімнің арты жағымның жайсыз ашуғышлығы уәзәрә бара алмадым. Өһәм өзім де бұ халықтың ішінде тұра алмаймын. Қайтып тез заман ғаскер алдындан барып, ханға жолығамын. Нешік те болса бұ йыл келмейінше қалмас. Әгәрдә өзләріңізнің жайларыңыз келсе. Сәли старшинаны бәңә жіберіп алаңыз. Бән һәм сізләрнің хабарыңызны күтіп алсам кирәк. Ушан халықларның ішінде һәрнешік Хиуадан әскер болмайдұр деп ойламаңыз. Әгәр орыс-қазақтан қысаңлық болса, бері қарап көшіңіз. Бір малыңызға назар халқы ғайри уәлият тия қыдмас. Һәрнешік орыс турәгә хор болмаңыз. Һәм бүгінде Ғайбала ханның қолында біраз әскер бар. Адай, Табынның тинтәкләрін тиып, зәкәтләрін алатұрған һәд де узләріңіз біліп тұрғансыз. Һәм де бұ йыл барған алашалар молла Жарылғас білән Ошырты бинің барған иліндән Аллақұли хан бажы һәм зәкәт бірісін де алмады. Һәм ошан күз алашадан алпыш икі үйні қырғыз Хиуадан батырлар шауып кетіп еді, шол малларны да Аллақұли кісі жұмсап, алдыруға ниетленген ирді һәм тілеу халықлары да малның алдын алып келіп берді. Орыстан шығып барған халық хадірсіз ирмәс. Һәм сіз халықның да бізнің бірлән бір болғанызны да Аллақұли хан бек хош уақ болды. Бутән ғайри не йазайын? Йазғушы ініңіз Мұхамед Утәміш ұғлы дейур біләсіз – МҰХАМЕД.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет