7 1-мәтін Ерте ерте ертеде перідей сұлу бір қыз болған екен… Қыздың әдемілігіне қызығып небір бай, атақты, кісілер алыс-жақын демей тек оны көру үшін келетін. Бірақ бойжеткен құда түскендердің ешбірін ұнатпай, барлық сый-сыяпатты кері қайтаратын. Сол қызға көрші тұратын бір бозбала да қызды ұнатқан екен. Әке-шешесіне жолығып, әйел етіп алмақшы болғанда, қыз оны да жақтырмай кері қайтарады. Бірнеше жыл бір күндей зуылдап өтіп шығады. Көрші бала ол жерден көшіп үйленеді, бала-шағалы болады. Бір күні ескі үйінің қасынан өтіп бара жатып, сол кездегі сұлу қыз есіне түседі. қыздың жағдайын далада отырған бір қариядан сұрайды. Қария гүл бақшасы бар үйге сілтеп, ол қыздың үйленгенін айтады. Жаңағы жігіт бір кездері ешкімді ұнатпай, ешкімге келісімін бермей жүрген қыздың жолдасы қандай екен деп тағы ойлайды. Қыздың үйіне жақындай бергенде, үйден шығып келе жатқан біреуді көреді; сондағы қыздың жолдасы – кішкентай, семіз, басы таз шал екен. Оның үстіне бай да емес. Қыздың таңдап жүріп қалайша мынандайға тап болып тұрмысқа шыға салған екен деп үйдің есігін қағады. Есікті ашқан қызға өзін танытып, мазалап тұрған сұрағын сұрайды. Қыз бақшадағы гүлдер арасынан ең әдемісін таңдап әкелсе ғана жауап беретінін айтады. Бірақ оның да бір шарты бар – бірден артық гүл жұлуға болмайды және таңдап жүріп артқа қайтуға болмайтынын ескертеді. Жігіт гүл бақшасына үңілген сайын бір-бірінен әдемі, көздің жауын алатын гүлдерді көреді. Бірден көзге үлкен сап-сары гүл түседі. Іздегенім осы деп гүлді жұлып алайын десе, көзіне енді қызыл гүл ілінеді. Сарыны тастап, қолын қызыл гүлге соза бергенде, бір-екі қадам алда әдемі көк гүлшанағының өсіп тұрғанын көреді. Осылай жүріп жігіт гүл таңдай алмай бақшаның соныңа қалай жеткенін байқамай да қалады. Қайткен күнде де бір гүлді жұлу керек болғандықтан, амалы қалмай кезкелген гүлді жұла салып қызға әкеледі. Бақшаның ең әдемі гүлін алып келуі керек болған жігіттің қолында солуға бет алған әрі жапырағы түскен гүлді көрген қыз былай дейді: “Көрдің бе.. бақшадағы гүл сияқты.. алда бұдан да жақсысы кездесер деп тұрғанда өмір өтті да шықты.