Мәтін талдаудың тиімді жолдары


Қыз не үшін жігітті гүл бақшасына жіберді?



бет3/5
Дата02.11.2022
өлшемі142,73 Kb.
#46977
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мәтін талдаудың тиімді жолдары слайд

1.Қыз не үшін жігітті гүл бақшасына жіберді?
А) Гүлдерді жақсы көрді.
В) Мысалмен түсіндіргісі келді
С) Шалдың көргенін қаламады.
Д) Бақшасында түсіндіргісі келді.
Е) Көрші сол жақта тұратын еді.
2. Мәтін қандай үлгіде жазылған?
А) әңгіме
В) хат
С) тарихи дерек
Д) шешендік сөз
Е) Жарнама
3. Мәтінге қорытынды бол алатын қатарды көрсетіңіз.
А) Гүлдерді сол үшін жұлуға болмайды екен.
В) Таңдаған тазға жолығады деген осы болар
С) Қыз бен жігіт осылай қосыла алмапты
Д) Гүл бақшаң болса қандай жақсы
Е) Қыздың жағдайы өте қиын еді.
4. Қай сұрақтың жауабы мәтінде кездеспейді?
А) Оқиға қашан болды?
В) жігіт қай қалаға көшіп кетті?
С) Гүлді қалай таңдау керек?
Д) Жігіт қандай гүлді таңдады?
Е) Қыз қай үйде тұрады?
 
2-мәтін 1. «Көптік – құдіреттіліктің бір белгісі» дегенді айтқан қазақ қандай шаруаға болса да жұмыла қимылдаудың артықшылығын пайымдаған. Сондай істері арқылы бауырмалдығын, ынтымағын, бір-біріне ізет-құрметін танытып отырған. Ел ішіндегі күш-қайраты жоқ, жалғыз ілікті қарт адамдарға қамқорлық жасау арнайы ұйымдастырылады. Кеудесінде жаны бар қазақ қанша қалжыраған халге түссе де, ары мен намысын жоғары ұстайды. «Жаным – арымның садағасы» дейтіні содан. Қандай қамқорлық жасалса да, ол сол адамның намысына тимеуі керек. Барлық шара сол негізге құрылады. Сондай шараның бір түрі – асар. Жалғыз басты қарт адамдардың бітпей жатқан жұмысына ауылдың жігіт-желеңдері жабыла қолқабыс беріп, тез тындырып тастау әдісін қазақтар «асар» деп атайды. Мұның өмірлік, қоғамдық және әлеуметтік мәні бар. Жұмыс күші кем, ісі бітпей жатқан адамдар осы шараның арқасында шаруасын тындырып алады.
2. Асардың да ел қолдаған жөн-жосығы бар. Кез келген кісі асар салмайды. Ел назарын аударған, жұрт қолдаған сипаты сақталады. Күші мығым, қайратты жігіттердің құрбы-құрдастарын жәрдемдесуге шақыруы асарға жатпайды. Асарды үйінде қайратты кісісі жоқ не науқасқа шалдығып қалған, шаруасының науқаны өтіп бара жатқан адамдар жасайды. Ағайын-жұрты мұны қостайды. Сөйтсе де асар салушы жиналған қауымды қанағаттандыратындай дәрежеде дайындалады. Жұмыс істеушілердің қажетіне керектіні толық әзірлейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет