Мәтінде сипатталған тарихи үрдіс жүзеге асу үшін қажет еткен жағдай


Мәтінде қай жылғы жарияланған жарлық жайында айтылған



бет104/105
Дата27.09.2023
өлшемі338,16 Kb.
#111136
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105
Байланысты:
Мәтіндік тесттер жинағы

Мәтінде қай жылғы жарияланған жарлық жайында айтылған:
А). 1914 ж
В). 1915 ж
С). 1916 ж
D). 1917 ж
Е). 1918 ж



Аумақтар

Адамдар саны

Жүргізілген іс-шара

Түркістан мен Дала өлкесі

500 мың адам

Тыл жұмысына жұмылдыру

Жауабы: D


8. Мәтінде қай ел туралы айтылған?


«... ХІХ ғ. ІІ ширегінде ... ... Үндістандағы жаңа жаулап алулары, Қытайға қарсы бірінші «апиын соғысы», ауғандармен соғыс және Жаңа Зеландия мен Австралияны интенсивті жаулап алуы жүргізілді».
А). Франция
В). АҚШ
С). Ұлыбритания
D). Ресей
Е). Испания



Уақыты

Соғысы

Отарлары

ХІХ ғ. ІІ ширегі

Апиын соғысы

Үндістан, Жаңа Зеландия, Австралия

Жауабы: С нұсқасы


1.



Апиын соғысы

Мемлекеттер

І. 1840-1842 жж.

Ұлыбритания – Цинь-Маньжур имппериясы (Қытай)

ІІ. 1856-1860 жж.

Ұлыбритания-Франция-АҚШ – Цинь-Маньчжур империясы (Қытай)

2.



Метрополия

Отарлар

Франция

Алжир, Тунис, Марокка

АҚШ

Пуэрто-Рика, Гуам,

Ұлыбритания

Үндістан, Жаңа Зеландия, Австарлия, т.б.

Ресей

Орта Азия, Кавказ

Испания

Латын Америкасы, Орталық Америка

9. . Петроградтағы әскери-революциялық комитеттен(1) 28 қазанда таңертеңгі сағат 8-ден 45 минут өткенде алынған радиожеделхат. Майдандағы әскердің барлық әскери комитеттеріне, барлық солдат депутатты кеңесіне. «Петроград гарнизоны және пролетариат революция мен халыққа қарсы көтерілген Керенский үкіметін құлатты. Уақытша үкіметті жойған төңкеріс қантөгіссіз өтті(2). Петроград жұмысшылары мен солдат депутаттары Кеңестері(3) болған төңкерісті қуана қолдап, комитетті мойындады. Бұл туралы майдан мен тылдағы әскерді хабардар етіп, Уақытша революциялық комитет революцияшыл солдаттарды командалық құрамның іс пиғылын көз жазбай бақылауға шақырады. Болған революцияға тікелей және ашық қосылмаған офицерлер жаңа өкіметке қарсы жау ретінде шұғыл тұтқындалуы тиіс».


Құжатта айтылған революцияны анықтаңыз:
А). 1905-1907 жылдардағы революциясы
В). Ақпан буржуазиялық революциясы
С). Қазан революциясы
D). Қызыл қалампыр революциясы
Е). Ақ революция

І.



Төңкерісті ұйымдастырушы мекеме

Құлатылған үкімет

Билікке келген үкімет

Петроградтағы әскери-революциялық комитет

Керенский үкіметі
Уақытша үкімет

Петроградтағы жұмысшылар мен солдат депутаттары Кеңесі

ІІ.




Оқиғалар

Мемлекеті

Нәтижесі

1905-1907 жылдардағы революция

Ресей империясы

Мемлекеттік Дума шақырылды

Ақпан буржуазиялық революциясы

Ресей империясы

Монархия жойылды

Қазан революциясы

Ресей

Уақытша үкімет құлады

Қызыл қалампыр революциясы

Португалия

Салазар диктатурасы құлатылды

Ақ революция

Иран

Иран қоғамына тың серпілістер әкелуге бағытталды

10. 10 қаңтар, 1933 жыл (1).
«Қытай Кеңес үкіметі және жұмысшы-шаруа Қызыл Армиясының Революциялық кеңесі(2) Қытай жұртшылығының алдында қазіргі кезеңде ұлттық-революциялық соғысты ұйымдастыру және жүргізу керектігін жариялайды. Қытай Қызыл Армиясы жапон империализміне(3) қарсы бірігіп күресу үшін кез – келген қарулы күштермен мына төмендегідей жағдайларда әскери келісім жасауға дайын:

  • Кеңестік аудандарға шабуылды дереу тоқтату;

  • Халық бұқарасын демократиялық құқықтар (жиналыстар,

ұйымдар құру, сөз және баспасөз бостандығы т.б.) беру;

  • Халық бұқарасын дереу қаруландыру, Қытайды қорғау және оның

тәуелсіздігін, бірлігі мен аумақтық тұтастығы үшін күресетін еріктілердің қарулы жасақтарын құру.
Біз, Қытайдың қалың бұқарасы мен солдаттары осы үндеуге жауап ретінде Қытайдың тәуелсіздігі, бірігуі мен аумақтық тұтастығы үшін халықтық-революциялық соғыс ұйымдастырады деп күтеміз. Жапон және басқа да империалистерге қарсы, сонымен бірге олардың сатқын және тізе бүккен агентурасы - гоминьданға қарсы күреске, қарулы халықтық және ұлттық революциялық соғысты өрістетуге бірігіңдер!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет