Мәтінде сипатталған тарихи үрдіс жүзеге асу үшін қажет еткен жағдай


Мәтінде сипатталған тарихи тұлғаны анықтаңыз



бет52/105
Дата27.09.2023
өлшемі338,16 Kb.
#111136
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   105
Байланысты:
Мәтіндік тесттер жинағы

Мәтінде сипатталған тарихи тұлғаны анықтаңыз:
А). Дюпон дел Эр
В). Ришелье
С). Ламартин
D). VII Карл
Е). IV Филипп
20. «... Мақта мата тоқыма өнеркәсібінің барлық кәсіпкерлері өздерінде жалданып жұмыс істеушілерге, шәкірттерге олардың алты апталық үйренуші мерзімінде, мақта тазалаумен айналысатын және маусымдық жұмысшылардан басқаларына, 40 сағат жұмыс күні үшін оңтүстік белеуде аптасына кем дегенде 12 доллар, солтүстік белдеуде кем дегенде 13 доллар жалақы төлеуге міндетті.
... Мақта мата тоқыма өнеркәсібінің кәсіпкерлері жөндеу жұмысшылары, механиктер, электриктер, өрт сөндірушілер, қызметкерлерден... басқа жалданып жұмыс істеушілердің барлығының жұмыс күндерін аптасына 40 сағаттан аспайтындай етіп жоспарлауға міндетті».
Мәтінде келтірілген үзіндіден АҚШ-тағы 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарысқа қарсы қабылданған шараларды анықтаңыз:
А). мемлекеттік бюджетті сақтап қалу барысында салық саясатын қатаң қолға алу
В). еңбек армияларын құрып, өндіріс пен азық-түлік тауарларын жалақы түрінде тепе-тең бөлу
С). сырттан тартылған инвестицияларды тікелей өнеркәсіпке жұмсау
D). жергілікті шикізат базасын жасау арқылы әскери өндіріс қажеттілігін қамтамасыз ету
Е). мемлекеттің өнім өндіру үрдісіне тікелей араласуымен бәсекелестікті дамыту
ҚОСЫМША

1 нұсқа
1.Мәтінде XVIII ғ. Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстарының дамуынан үзінді келтірілген.


Қазақ-Ресей саудасының ерекшеліктері арасында қатесін табыңыз: “Қазақтардың Ресеймен сауда жасайтын негізгі орындары шекара шебінегі Орынбор, Троицк, Петропавл, Омбы, Семей және Өскемен … болды. Қазақ-Ресей саудасының өзіндік ерекшеліктері бар еді,… айналымдағы ақша қазақтарда аз еді. Сауда бірлігі ісек қой саналды. … Ресей саудагерлері аз уақыттың ішінде-ақ байып шыға келді. Мысалы, бағасы 75 тиын тұратын 18 метр кенепті бір жылқы мал өгізге айырбас жасады.Ал ол жылқы мен өгізді Ресейге алып барып,12-15 сомнан сатты»
Жауабы: Сауда жасайтын негізгі орындар округтік приказдар болды.
2. Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз.
«1991 ж 21желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша 11 сағат 30 минутта тәуелсіз мемлекеттердің басшылары Қазақстан Президентінің резиденциясында жиналдыү М.С.Горбачев бұл жиынға шақырылған жоқ. Сағат 15-ке қарай күні бұрын дайындалған құжаттарды талқылау аяқталды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 17-де 11 республиканың басшылары мәжілістің қорытынды құжаттарына қол қойды. Осы уақыттан бастап КСРО іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты…»
Жауабы:ТМД-ның құрылуы
3.Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз.
«Бұл күн 1986 жылғы желтоқсан құрбандарын еске алудың 5 жылдығымен тұспа-тұс келді.Алматыда өткен митингіде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев, академик С.Зиманов, желтоқсан оқиғасына қатысқандар, алыс және жақын шет елден келгендер сөз сөйледі. «1986 ж. Желтоқсанда екі күш-жас, қатайып үлгермеген демократиямен тоталитарлық жүйе қақтығысты» деді митингіде сөз сөйлеген М.Шаханов. Алматыдағы оқиғалардан соң көптеген демократиялық бой көрсетулер болып өтті, тоталитарлық жүйе қүйреді»
Жауабы: Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы
4.Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз.
«Хан 1368-1369 жж. Өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырды. Ол 1374-1375жж. Еділ бойына қарай жорық жасап, Алтын Орданың астанасы Сарайды, Қажы-Тарханды алып, Кама бұлғаларын бағындырды. Бірақ Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамайды жеңе алмады»
Жауабы: Ақ Орданың Алтын Ордадан мүлдем оқшаулануы.
5.Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаның жағымсыз салдарының ішінде қате берілгенін анықтаңыз.
«Көрсеткішті жоғарлатып көрсету үшін орасан зор аумақ жыртылды. Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы ауыр салдарға әкеліп соқты:топырақ эрозиясы күшейді. Егін үшін жыртылған миллиондаған жер шабындық жайылымдық алқаптардың көлемін тарылтты. Мыңдаған гектар жерлер елді мекен салуға тартып алынып, олардың инфроқұрылымын жүргізу үшін құнарлы жерлердің елеулі көлемі бөлінді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы орны толмас шығынға ұщырады. Қазақ халқының әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне оның мәдени құндылықтарына «жоғарыдан» менсінбей қараушылық орын алды.»
Жауабы: Дәнді дақылдар өндірісінің төмендеуі.
6. Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаға Н.Ә.Назарбаевтың көзқарасы.
«Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет елдің экономикалық және саяси суреттей келіп, барлық кінәні реформа саясатына аударып, кеңес халқына үндеу тастады.Үндеу өткен уақыттың дақпыртты ұрандарымен көмкеріліп, аяғында өздігінен құрылған комитетке жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды. ТЖМК-ның №1 қаулысы бойынша…одақтық және автономиялы республикалар, өлке, облыс, қала, аудан, кенттер және ауылдар төтенше жағдай тәртібін мүлтіксіз орындауға міндеттенді. Осы қаулы негізінде саяси партия, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқтатылды, митинг, шеруге шығу, ереуіл жасауға тыйым салынды»
Жауабы: ТЖМК-ны қолдамайтынын жариялады.
7. «Мәдени мұра»мемлекеттік бағдарламасының Қазақстан тарихы үшін маңыздылығын анықтаңыз.
«Қазақстан Респуб. Президенті Н.Ә.Назарбаев 2004 жылғы 13 қаңтарда «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды. Бағдарлама қабылданғаннан кейін тарих пен мәдениеттің 51 ескерткіші қайта жаңғыртылып, Қазақстан аумағындағы 39 қалашық, қоныс,тұрақ, обалар мен қорғандарда маусымдық археологиялық зерттеулер жүргізілді. Қытайға, Түркияға, Монғолияға, Ресейге, Жапонияға, Египетке, Өзбекстанға, Арменияға, АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріне 15 ғылыми экспедиция ұйымдастырылып, Қазақстан тарихы, этнографиясы,елдері жөнінде бұрын белгісіз болып келген 5000-ға жуық қолжазбалар мен басылымдар табылды.
Жауабы: Тың деректер зерттеліп, ғылыми айналымға енгізілді.
8. Мәтінде сипатталған тарихи оқиға қай кезеңге жататындығын анықтаңыз.
«Тек аңыздардың айтуы бойынша қырғыз-қазақтардың арасында… (Тәуке) қалпына келтірілген тыныш та бейбіт өмір ұзаққа созылмады. Көп ұзамай-ақ олардың арасындағы алтыбақан алауыздық қайтадан басталды да, көрші халықтар бұл жағдайды өз мақсаттарына пайдалана қойды. Батыстан Еділ қалмақтары, солтүстіктен башқұрттар Сібір казактары шабуылға шықты. Бұларды ол кезде өте күшті қонтайшы Галдан Серен басқарды. Ол өзінің көшпелі көршілерінің бәріне де де тітіренткен үрей туғызып ғана қойған жоқ, сонымен қатар тіпті Ресей мен Қытайды да ойландырды.»
Жауабы: XVIII ғ.басы
9. Мәтінде қай тарихи дерек туралы айтылғанын анықтаңыз.
«Автор Сібір шекаралық шебінде ұзақ уақыт қызмет етіп қазақ халқының өмірі мен тұрмысын жақсы зерттеген еді. Ол өзінің кітабында Орта Жүздің тарихы мен шекарасы туралы егжей-тегжейлі мәлімет қалдырды. Онда далалықтардың әдет-ғұрпы салт-жоралары жан-жақты суреттеледі. Сондай-ақ қазақтардың Ертістің оң жағалауына қашан өткені туралы айтылады.»
Жауабы: Орты Жүз қырғыз-қайсақтарының сипаттамасы.
10. Мәтінде сипатталған тарихи деректің авторын анықтаңыз.
«Автор Сібір шекаралық шебінде ұзақ уақыт қызмет етіп қазақ халқының өмірі мен тұрмысын жақсы зерттеген еді. Ол өзінің кітабында Орта Жүздің тарихы мен шекарасы туралы егжей-тегжейлі мәлімет қалдырды. Онда далалықтардың әдет-ғұрпы салт-жоралары жан-жақты
суреттеледі. Сондай-ақ қазақтардың Ертістің оң жағалауына қашан өткені туралы айтылады.»
Жауабы: И.Г.Андреев
11. Ресей мен Қытай арасында жасалынған бейбіт келісімшартынан келтірілген үзінді қай тарихи оқиғаға қатысты екенін анықтаңыз.
«Іле өлкесінің тұрғындарына олардың қазіргі тұрып жатқан жерлерінде Қытайдың қол астында қала беруіне де, Ресейдің жеріне өтіп , оның қарамағына өтуіне де ерік беріледі.Ресейге қоныс аударғысы келетіндер 1 жыл ішінде ойланып шешім қабылдауы тиіс.»
Жауабы: Дүнгендер мен ұйғырлардың Жетісуга қоныс аударуы.
12. Мәтінде айтылған қазақ ханын анықта.
«…Қазақ хандығының сыртқы жағдайы өте ауыр еді. Біріншіден …. қазақ сұлтандарына одақтас болып жүрген Абдаллах хан енді оларға қарсы шықты. Екіншіден, хандықтың шығыс жағындағы моғолдар мен жоңғарлар қазақ жеріне ұдайы қауіп төндіріп отырды. Ол хандық билікті нығайтып ғана қоймай, қазақ жерін кеңейтіп, қазақ хандығының беделін халықаралық деңгейге дейін көтере білді» деп айтады»
Жауабы: Тәуекел хан
13. Санк-Петербург бейбіт келісімшартынан келтірілген үзіндіні оқып шығып, Іле өлкесінің тұрғындарына қандай құқық берілгенін анықтаңыз.
«Іле өлкесінің тұрғындарына олардың қазіргі тұрып жатқан жерлерінде Қытайдың қол астында қала беруіне де, Ресейдің жеріне өтіп , оның қарамағына өтуіне де ерік беріледі.Ресейге қоныс аударғысы келетіндер 1 жыл ішінде ойланып шешім қабылдауы тиіс.»
Жауабы: Жетісу облысының аумағына қоныс аударуға.
14. Мәтінде сипатталған тарихи жағдай қай қазақ ханының билік ету уақытына тұспа-тұс келгенін анықтаңыз.
«… Соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады. Қазақтар мен өзбектердің арасында сауда-саттық қарым-қатынас ұлғайды. Екі ел арасында шаруашылық байланыс одан әрі өрістей түсті. Бұл саясат Қазақ хандығынығ ішкі-сыртқы жағдайын жақсартуға, шаруашылықтың оңалуына, өркенлеп, өсуіне тиімді әсер етті. Қазақ хандығы нығая түсті.»
Жауабы: Хақназар хан
15. Мәтінде қай саясат туралы айтылғандығын анықтаңыз.
«…халық шаруашылығына әкімшіл-әміршілдікті сақтай отырып, белгілі дәрежеде капитализмге уақытша ерік беруге есептелген пролетариат мемлекеттің ерекше саясаты. … аз уақыт әрекет етіп, барлық саланы біртұтас қамтылған жұйе болып қалыптасып үлгермеді.»
Жауабы: ЖЭС
16. Мәтінде берілген үндеудің қай үкімет жариялағанын анықтаңыз.
«Ресей мұсылмандары… бұдан былай сіздердің діндеріңіз бен әдет-ғұрыптарыңыз, сіздердің ұлттық және мәдени мекемелеріңіз еркін деп,оларға ешкім қол сұқпайды деп жарияланады. Өздеріңіздің ұлттық өміріңізді еркін және кедергісіз құра беріңдер. Сіздердің бұған хақыларыңыз бар, біліп қойыңыздар Ресейдің барлық халықтарының құқықтары сияқты,сіздердің құқықтарыңыз революциямен оның органдарының жұмысшы солдат және шаруа депутаттар Кеңестерінің бар күшімен қорғалды… Осы революцияны және өкілетті үкіметін қолдаңыздар.»
Жауабы: Кеңес үкіметі
17. Мәтінде берілген патша жарлығы желеу болған тарихи оқиға.
«…Соғысып жатқан армия шебінде қорғаныс құрылыстары мен әскери қатынастар салу жөніндегі жұмыстарға сондай-ақ мемлекеттік қорғаныс үшін қажет өзге де барлық жұмыстарға осы соғыс барысында империяның төменде аталған 19 жастан 43 жасқа дейінгі бұратан еркек халқы тартылсын…»
Жауабы: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
18. Мәтіндегі қаулының нәтижесінде жарияланған салдарының ішінде қатесін табыңыз. «Ол күшіне енген сәттен бастап шаруа қожалықтарына өзіндік ауыл шаруашылық өнімдерінің артығын қалауы бойынша иелену құқығына кепілдік беретін. Жаңа экономикалық саясаттың принциптерінен бас тартылды. Қаулыға сай,байлардың шаруашылығын тәркілей отырып, оларды тұрғылықты жерінен қоныс аударып жіберуге рұқсат етілді… тәркілеу науқаны… халықты қорқыту және зорлау арқылы, байсымақтарды күштеу арқылы іске асырылды… Сонымен бірше малдың көп бөлігі көршілес республикаларға айдап әкетілді»
Жауабы: Ауқатты шаруалардың жағдайы жақсарды.
19. Мәтінде айтылған қазақ ханын анықта.
«…Қазақ хандығының сыртқы жағдайы өте ауыр еді. Біріншіден …. қазақ сұлтандарына одақтас болып жүрген Абдаллах хан енді оларға қарсы шықты. Екіншіден, хандықтың шығыс жағындағы моғолдар мен жоңғарлар қазақ жеріне ұдайы қауіп төндіріп отырды. Ол хандық билікті нығайтып ғана қоймай, қазақ жерін кеңейтіп, қазақ хандығының беделін халықаралық деңгейге дейін көтере білді» деп айтады»
Жауабы: Тәуекел хан
20. Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаның болған кезеңін анықтаңыз.
«Қытай патшасы көп сыйлық талап етті, гуньмо оларға 1000 жылқы жіберді.Бұл оқиға бзб 107 ж.болған»
Жауабы: Б.з. б 2ғасырдың басы
ІІ нұсқа


1. "Көтерілістің желеуі - соғыс майдандарындағы қара жұмысқа бұратана елдерден адам алу. Өкіметтің қара жұмысқа адам алғанда жер-жерде қолданылған шаралары мен тәртібі. Өкіметтің жер-жерде қолданған шараларын тұрғын ел өзінше ұғынды.
Түркістандағы бұратана елдердің көтерілісі, Түркістандағы төңкеріс қозғалысының тарихындағы ең үлкен оқиғалардың бірі десе болады. Өйткені бұл көтеріліске тұрғын ел, 50 жылға жақын өкіметшілігін жүргізіп, дегенін істеп келген Ресей патшалығының "Ақ патшаның" әміріне бастап қарсылық көрсетті. Бұратана елдер, алдымен қарсы болып, көздегені патшаның әкімдері еді, бірақ соңында елдің мақсатына, тілегіне қарсы болған тұрғын елдің әкімдерін де аяған жоқ, көтеріліске ел алдын ала дайындалған жоқ; көтеріліс Түркістанның әр жерінде, жергілікті ұлттардың арасында біржола бір уақытта басталды.
...Патша үкіметінің соғыс министрінің Түркістанның жанаралгубернаторына телеграммен бергеп бұйрығы бойынша соғыс майдандарындағы жол түзету, соғыс қорғандарын жасау жұмысына Ресей мемлекетіндегі айырым Түркістандағы соғыс міндетінен бұрын азат етілген бұратана елдерден, соғыс біткенше жұмыс істеуге адам алынатыны жарияланды".


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет