Мәтінде сипатталған тарихи үрдіс жүзеге асу үшін қажет еткен жағдай


Мәтінде сипатталған ғалым-ағартушыны анықтаңыз



бет14/105
Дата27.09.2023
өлшемі338,16 Kb.
#111136
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   105
Байланысты:
Мәтіндік тесттер жинағы

Мәтінде сипатталған ғалым-ағартушыны анықтаңыз:
А). Шоқан Уәлиханов
В). Абай Құнанбайұлы
С). Әлихан Бөкейханов
D). Ыбырай Алтынсарыұлы
Е). Шәкәрім Құдайбердіұлы
7. «Отанымызға фашистік Германияның қарақшылықпен шабуыл жасауы туралы хабырды тыңдай келіп, М. И. Калинин атындағы Ленин орденді қорғасын зауытының ұжымы үкіметіміздің Кеңес Одағына фашистік Германия шабуылына байланысты болуы мүмкін зардаптар үшін барлық жауапкершілік Германияның фашистік үкіметіне жүктелетіні туралы мәлімдемесін қуаттайды.
Біз өзімізге соғысты әлсіз елдерді ішінара жеңуіне байланысты ар-ұяттан жұрдай болған Германияның қанқұмар әміршілері тобының таңып отырғанын білеміз.
Біз даңқты Қызыл Армиямыздың, Әуе және Әскери – Теңіз Флотымыздың асынып-тасынған агрессорға күйрете соққы беретініне күмәнданбаймыз.
Біз үкіметімізді, өзіміздің Коммунистік партияны өз Отанымызды қорғауға үкіметтің кез келген тапсырмасын орындауға әзір нағыз патриоттар ретінде бәріміздің бір кісідей жұмыла шығатынымызға сендіреміз. Біз барлық жұмысшыларды ұйымшылдыққа, тәртіп пен қырағылыққа шақырамыз.
Біз құтырған фашистік төбеттердің басына борату үшін қазір қорғасынның қандай қажет екенін ұғынамыз. Сондықтан біз зауытымыздың бұрынғыдан да жақсы жұмыс істеп, қорғасынды үкіметіміз қанша талап етсе, сонша беруі үшін еңбегімізді, білімізді, ал егер қажет болса, өмірімізді де адал әрі жанқиярлықпен қиямыз.
Біз жауды жеңетінімізге кәміл сенеміз....»
Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз:
А). Азамат соғысы
В). І дүниежүзілік соғыс
С). Кеңес-фин соғысы
D). 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс
Е). Ұлы Отан соғысы
8. Мәтін
«Тәңірдей тәңірі жаратқан
Түрік Білге қаған,
Бұл шақта отырдым.
Сөзімді түгел естіңдер:
Бүкіл жеткіншегім, ұланым,
Біріккен әулетім, халқым,
Оңымда – шад, апа бектер,
Солымда – тархан, бұрық бектер Отыз.
Тоғыз оғыз бектері, халқы
Бұл сөзімді мұқият тыңда
Терең ұқ...
Егер қазір баяғы кексіз түрк қағаны Өтүкен
Қойнауында отырса, (онда) елде мұң жоқ.
Ілгері – Шаңтуң жазыққа дейін жауладым
Теңізге сәл жетпедім.
Түстікте – Тоғыз Ерсенге дейін жауладым,
Тибетке сәл жетпедім.
Батыста – Інжу өзенін кеше
Темір қақпаға дейін жауладым.
Терістікте – Байырқы жеріне дейін жауладым,
Осыншама жерге дейін жорыттым».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет