Мәтінде сипатталған тарихи үрдіс жүзеге асу үшін қажет еткен жағдай


Мәтінде ғалым қандай көзқарасы үшін жауапқа тартылғанын анықтаңыз



бет92/105
Дата27.09.2023
өлшемі338,16 Kb.
#111136
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   105
Байланысты:
Мәтіндік тесттер жинағы

Мәтінде ғалым қандай көзқарасы үшін жауапқа тартылғанын анықтаңыз:
Жауабы: Жер күнді айналады.
13. «Русьтің күшеюіне сескенген Мамай қалың қолды (100-150 мың жауынгер) бастап, орыс жеріне аттанды. Дмитрий Донский Мәскеу жерінен, Украина мен Белоруссиядан жинаған жасақтарды Мәскеу мен Коломна түбіне жинады. Новгород, Рязань, Тверь, Нижнегород, Смоленск жерлерінен жасақ қосылмады»
Мәтінде берілген кезеңді анықтаңыз:
Жауабы: XIV ғасыр.
14. «Күн суық еді. Карл қағазына қарап, аз ғана сөз сөйледі. Ол өзінің кінәсіз екенін айтты. Ол дөрекі күш қолданды деп айыптады. Өзін-өзі ол граф Страффордтың жазасына жол бергені үшін ғана айыптады. Ол «халықтық бостандық» жағында екенін айтып: «Мемлекетті басқаруға араласу оның қол астындағылардың жұмысы емес», - деді. Король король болып қала білді, өз қол астындағыларға, ақылсыз да қатыгез баласына ақыл айтқан қайырымды монарх болып сөйледі».
Мәтіндегі корольдың мемлекетін көрсетіңіз:
Жауабы: Англия.
15. «Сарай қасынан күн сайын өтіп жүрген бұл төменгі тобырдың бейбастығына әбден ашуланған офицерлер ең бір арсыз бұзықтарды соққыға жықты. Осындай қақтығыстарға байланысты талас-дауларда «домалақбастылар» және «кавалерлер» деген екі атау пайда болды, кейіннен бұлар екі жақтың көзқарасындағы айырмашылықты көрсету үшін нақты белгіленді: корольды жақтаушылар «кавалерлер» деген атау алса, ашу мен өштік туғызған қарсы жақ өкілдері «домалақбастылар» деп аталды».
Мәтінде берілген кезеңді анықтаңыз:
Жауабы: XVII ғасыр.
16. «Біз келесідей шындықтарды айқын деп есептейміз: барлық адамдар тумысынан тең жаратылған және олардың барлығына өздерінің жаратушысы бірқатар адыратылмайтын мінез мыйлаған, олардың қатарында өмір, бостандық және бақытқа ұмтылыс бар. Осы аталған құқытарды қамтамасыз ету үшін адамдар арасында үкіметтер құрылған. Егер мұндай үкіметтердің формалары осы мақсаттар үшін апатты болған жағдайда, халық ондай үкіметтерді өзгертуге немесе жоюға және осы халықтың пікірінше оның қауіпсіздігі мен бақытқа деген ұмтылыстарын мейлінше қамтамасыз ете алатын принциптер негізінде жаңа үкімет құруға құқығы бар....»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет