Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау а мәтін б мәтін



Дата05.03.2023
өлшемі19,77 Kb.
#71778
Байланысты:
М тіндерге салыстырмалы талдау жасау а м тін б м тін




Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

А мәтін Б мәтін

Аяқталмаған ақпараттық мәтін

Аяқталған тұтас ойды білдіретін ақпараттық мәтін

Формасы бойынша (сөйлеу формасы )

Жазбаша себебі, әдеби норманы қатаң сақтап жазу түрінде ұсынылған.
Мәтін түрі: аргумент келтіру

Жазбаша
Түрі: аралас мәтін



Тақырыбы (Мазмұны)

Шешендік сөздер, шешендік сөздердің түрлері және оның ерекшеліктері туралы.
-шешендік сөз ұғымының мәнін ашу;
-жанрлық мазмұнына қарай жіктеу (шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау);
-композициялық құрылысына қарай бөлінісін ашу (пернелі сөз, термелі сөз);
-шешендік сөздердің ерекшеліктерін айқындау (түсінік пен түйінді сөздерден құралуы, жазба әдебиетке жақындығы, оқиғаларының реалистігі, тілінің әдебилігі, шешен билердің аттарымен айтылуы );

Шешендік дау: «Ар дауы»
Мазмұны: «Төле бидің төрелігі» оның соңғы шешімінде анықталады.
Шешімі: мәселені шешті. Орта жүз бен Кіші жүз жабылып кетсе, бізден не қалады, ерді орнына апарып тастаңдар, - депті.



Жанры

Баяндама

Әңгіме
Шындық өмірден алынған оқиға баяндалып, диалог түрінде берілген әңгіме

Мақсаты: Бұл мәтін не үшін жазылған немесе айтылған?
Мәтіннің қызметі қандай?

Шешендік сөздер туралы түсінік беру.
Мәтіннің қызметі: ақпарат беру, қызықтыру;

Ақыл кеңес беру және шешімін шығару, талқыға салу

Көзделген аудиториясы, кімдерге арналған?

Арнайы топтарға (сөз өнеріне қызығушылық танытушылар)

Жалпы аудиторияға
Көзделген аудитория, жалпы қызығушылығы бар оқырмандарға, әдебиет және тіл мамандарына, оқушыларға.



Стилі

Ғылыми стиль
Оқу ғылыми стиль

  • Нығыздалған, қысқа да нұсқа, баяндаудың тезиске мбөлінуі, цитаталарды қолдануы

Себебі мәтін ішінде жанр құрылысы және түрлері нақты термин сөздермен берілген.

Көркем әдебиет стилі
Ерекшелігі: ар мәселесі
Экспресивті-эмоционалды, көркемдеуіш құралдар кездеседі

Тілі. Сөз қолданыстары

Кәсіби тіркестер: шешендік дау, шешендік толғау, шешендік арнау, пернелі сқз, термелі сөз.
Морфологияда: қос-сөз (мақал-мәтел, аңыз-әңгіме, тағылым-тәрбие, әзіл-сын);
Синтаксисте: шешендік дау, шешендік толғау, шендік дау, шешендік сөз, табиғат құбылысы т.б.

Бұл жердегі ой тек баяндап қоймай, әсерлі көркем көріністер, бейнелер арқылы әсер етеді.
Төл, төлеу, , шылау, есімдік
Мысалдар:
Сөз тіркестері: ұлы жүз, кіші жүз , орта жүз,
Төл сөз: Қазыбек не деп кетті? – деп Төле биден сұрапты.
Шылау: қумай-ақ қой, мен, да, де
Сілтеу есімдігі: сол, осы, анау, ол
Эпитет: қапталың қайың, қасың бөз
Қайталау: Осы ер орнына қайтады, Осы ер орнына қайтпаса.
Көпмағыналы: жүз бас, ердің, ат, жақ
Ауызекі қарым-қөатынас сөзі: Жоғалған атыңды қумай-ақ қой!
Өзгелік етіс: отырғызып, қойғызып, қарастыр.

Тілі. Сөйлем деңгейі

Жай сөйлем: Шешендік сөздер жазба әдебиетке жақын жанр.

Сұраулы сөйлемдер, бұйрықты сөйлемдер, құрмалас сөйлем, жай сөйлем
Мысалдар
Түсіндірмелі салалас: Келдібектің Сарысы айтпайды,айтса, сол айтысқанынан қайтпайды.
Жай сөйлем: Мұндай ерді үш жүздің баласында ешкім мінген жоқ.
Сұраулы сөйлем: Мынау көк арғымақтың иесі кім?
Лепті: Сонда ретін тап та жүгініске түсер қамыңды қарастыр!

Тілі. Мәтіндік сипаты

Мәтін ғылыми негізде жазылған. Мәтіннің басты белгісі байласым сақталған. Бірақ тұтасым жоқ, себебі мәтін аяқталмаған.
ІІІ жақ

І – III жақта жазылған
Автор сөзі үшінші жақта баяндалса кейіпкер сөзі бірінші жақта баяндалған


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет