Мәтінді есеп және оны шығару


есептің шартын қысқаша жаза білуі, сурет, схема, сызба арқылы кескіндей білуі және әрбір кезеңін талдай, түсіндіре білуі, тексере білуі қажет



бет3/3
Дата15.10.2023
өлшемі0,64 Mb.
#115253
1   2   3
есептің шартын қысқаша жаза білуі, сурет, схема, сызба арқылы кескіндей білуі және әрбір кезеңін талдай, түсіндіре білуі, тексере білуі қажет. Бірақ математиканы оқыту тәжірибесіне қарағанда, бағдарлама көлеміндегі есептерді өздігінен шығарып кету әрбір оқушының үйреншікті ісіне айнала алмай келеді. Әдетте класта бірнеше оқушы өздігінен шығарады. Ал қалған оқушылар мұғалім тарапынан нұсқау берулерін күтіп отырады немесе белсенді көмегін күтеді, ал кейбір оқушылар тіпті жай есептің өзін шығаруға қатты қиналады. Мұның себептері әртүрлі. Ең басты себебі "есеп" шартымен оқушыларды алғаш таныстыру дұрыс ұйымдастырылмаған, яғни есеп ұғымын енгізу оның құрама бөліктерімен (шарты, сұрағы, шешуі, жауабы) таныстыру, өмірмен байланыстыру, нәрселердің суреттерінің көмегімен немесе сызба арқылы көрініс көрсету. Есеп және оның құрама бөліктерімен оқушыларды айқын түрде таныстыруға дейінгі уақытты дайындық кезеңі деп айтуға болады. Мұндай арифметикалық есеп арнайы оқьш үйретілмейді. Бірақ мазмұнды суреттер ретінде ұсынылатын жай есептер 10 көлеміндегі әрбір санмен таныстырып, 1-ді қосу және 1-ді азайту арқылы шығарып аларда көрнекі құрал ретінде пайдаланылады. Есеп шығаруға үйретуге дайындық жұмысында тапсырманы сан мәліметсіз алғаны дұрыс. Мысалы: қорапты алып оның ішінде жұлдызшалар бар. Оқушылардан сұрау, қорапта бар жұлдызшадан артық жұлдызша алуға болама? Содан кейін бірнеше жұлдызшалар салып, қораптағы жұлдызшалардың саны кебейді ме, әлде азайды ма? — деп сұрау. Содан кейін бірнеше жұлдызшаны алып тағы сол сұрақты сұрау т.с.с.

Құрама есептерде жаңа материалмен таныстырғанда мұғалім көбінесе берілетін білімдерді нақтылау мақсатымен көрнекі құрал пайдаланылады. Бұл жағдайда көрнекі құрал сөзбен берілген түсініктемелерді иллюстрациялау қызметін атқарады. Мысалы есептің шығару жолын балалардың іздеп табуына көмектесе отырып, мұғалім есепке схемалық сурет немесе чертеж салады. Есептің әдісін түсіндіргенде түсініктемесін нәрселермен іс-әрекет жасап және тиісті жазуларды жазып көрсетеді т.с.с. Мұнда түсініктемесінің өз мәнін көрнекі құралмен істелетін жұмысқа және түсіндіруге оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, иллюстрациялау, көрнекі құралды дер кезінде пайдалану маңызды. Есептеуде есептер шығаруда қозғалысты айқын көрсетіп отыру керек. Мысалы, қосу-жылжытып қосып қою, азайту-жылжытып алып қою т.б. түсініктемені суретпен сызбамен және тақтаға математикалық жазулармен жазып көрсете отырып, мұғалім тек балалардың материалды қабылдауын ғана жеңілдетіп қоймай, сонымен бірге жұмыс дәптеріне орындау үлгісін де көрсетеді, мысалы дәптерге сызба мен шешуін қалай орналастыру керектігін, әріптердің көмегімен периметрді (ауданды) қалай белгілеу керектігін т.б көрсетеді. Сондықтан сызбалар мен жазуларды тақтаға сауатты орындау, оларды әдемелеп орналастыру және олар барлық балаларға жақсы көрінетін баяу жағын қадағалап отыру қажет.


Жаңа материалмен таныстыруда және әсіресе білімдері мен біліктерін бекітуде көрнекі құралмен істелетін жұмысты, оқушылардың өздері алып көрсетіп, іс-әрекеттеріне тиісті түсініктемелерді беріп отыратындай етіп (қосуды өткенде нәрселер жиындарын біріктіріп, шыбықтарды пайдаланып, тұйықталған және тұйықталмаған сынық сызықтарды модельдеуді т.с.с) ұйымдастыру керек. Материалдың игерілуі мұндай жағдайда да едәуір жоғарылайды, өйткені жұмысқа түрліше анализаторлар көру, қозғалту, сөйлеу, есту) қатысады. Мұнда балалар тек математикалық білімдерді ғана меңгеріп қоймай, көрнекі құралдарды өздігінен пайдалану білігін де игереді. Мұғалім балалардың көрнекі құралдарды өзіндік жұмыста пайдалануын мейілінше мадақтап отыруы керек.
Білімдер мен біліктерді бекіту кезеңінде алуан түрлі жаттығулар үшін анықтағыш кестелер, ауызша есептеу, кестелері суреттер, схемалар, балалардың есептер құрастуруына қажетті сызбалар кең түрде қолданылады. Өлшеу қалыптастыру үшін сызба өлшеу аспаптары пайдаланып, сызуға және өлшеуге берілген жаттығулар енгізіледі, Көрнекі түрде қабылдағанды модельдеу, сурет салу, сөзбен сипаттау жолымен суреттен көрсетуді қолдану ұсынылады. Көрнекі құралдарды кейде окушылардың білімдері мен біліктерін тексеру үшін де пайдаланылады мысалы, көрнекі құралдар арқылы берілген есеп шартынан есеп құрастыру т.б. жатады. Таратылып берілген дидактикалық материалды пайдаланып, геометриялық мазмұнда есептерде көп бұрыш ауданын және периметрін табуды т.б. білетін-білмейтіндері тексеріледі. Кейде берілген көрнекі құралдардан есеп түрлерін ажырата білуде тапсырмалар ұсынуға болады.
Оқыту процесінде нәрселік және бейнелік көрнекі құралдардан шартты (символдық) көрнекілікке дер кезінде көшіп отырудың маңызы зор. Мысалы, егер жаңа түрдегі есепті шешумен алғаш таныстырған кезде есептің мазмұнын нәрселермен іс-әрекет жасау арқылы иллюстрациялайтын болса, кейінірек есепті қысқаша жазу жеткілікті болады. Символдық көрнекілік ролі балалардың математикалық білімінің артуымен жэне оқушылардың ойлау қабілетінің дамуымен бірге өсіп отырады, символдық көрнекілік (схемалар, сызбалар, математикалық жазулар т.с.с) математиканың көрнекі оқытудағы негізгі құрал болып табылады.
Көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігінің негізгі шарты сабаққа көрнекі материалды жеткілікті және қажетті мөлшерде қолдану болып табылады (қажетінше, шамадан тыс емес). Егер көрнекі құралдар қажет емес тұста қолданылатын болса, онда балалары зейіні қойылған міндеттен басқаға ауып, оның зияны тиеді.
Практикада осындай фактілер кездеседі. Мысалы, бірінші класс оқушысы арифметикалық есептерді шығарғанда, арифметикалық амалды (қосуды немесе азайтуды) таңдап алуға үйретіледі. Мұғалім мұны түсіндіру үшін бұтаға қонып отырған құстар мен оған ұшып келген құстардың ( немесе керісінше, одан ұшып кетіп бара жатқан құстардың суретін пайдаланады. Оқушы осы түсті суретке қарап, сандарға ешбір арифметикалық амалдар қолданбастан есептің жауабын құстарды жай санап шығып-ақ табады. Бұл жағдайда пайдаланылған көрнекіліктің көмегі тимейді, қайта керісінше есеп шығаруын яғни есеп шартында берілген сандарға қолданылатын амалды таңдап ала білуін қалыптыстыруға бөгет жасайды. Екінші бір мысалда балаларға есепте кездесетін таныс емес нәрселердің (метро, забор, трамвай т.с.с - ауыл балаларына көлік, мал, үйме т.с.с - дала балаларына) суретін иллюстрациялап көрсету қажеттігі түсінікті.
Көрнекі құралдар - бұл мұғалімнің сабақты құнарлы өту үшін бірінші орындағы көмекші болып есептеледі. Көрнекі құралдар арқылы түсіндірілген сабақ әрдайым баланың санасында көпке дейін немесе мәңгі қалады.
Бастауыш сыныпта құрама есептердің төмендегі түрлері қарастырылады:
4) қозғалыс есептері:
5) пропорционал шаманы табуға берілген есептер. (жай үштік ережесі)
6) пропорционал бөлуге берілген есептер.
7) Екі айырма бойынша белгісіз шаманың табуға берілген есептер.
8) Геометриялық мазмұнды есептер.
Енді осы құрама есептер шығаруда қолданылатын көрнекі түрлерін қарастырайық.
Жалпы бастауыш сыныпта қарастырылатын төртінші пропорционал шаманы табуға берілген есептер түрлерін кесте көрнекілік түрінде көрсетейік.

Есептер

Шамалар

Есептер

Бағасы

саны

құны




І

Тұрақты

Екі мәні берілген

Бір мәні берілген, екіншісі ізделінді

2 кг сәбіз үшін 30 теңге төленген. Бағасы осындай 6 кг сәбіз үшін қанша ақша төлеу керек?

ІІ

Тұрақты

Бір мәні берілген, екіншісі ізделінді

Екі мәні берілген

6 кг сәбізге 90 тенге төленген. 30 тенгеге осындай бағамен қанша килограмм сэбіз сатып алуға болады ?

ІІІ

Екі мәні берілген

Тұрақты

Бір мәні берілген, екінші мәні ізделінді

Метрі 20 теңге тұратын бір бөлек кендір матаға 80 теңге төленді. Метрі 40 тенге тұратын болса, ұзындығы осындай бір бөлек жібек матаға қанша ақша төленеді ?

IV

Бір мәні берілген, екіншісі ізделінді

Тұрақты

Екі мәні берілген

Метрі 40 теңге тұратын бір бөлек жібек матаға 160 теңге төленген, ал ұзындығы осындай бір бөлек кендір. Матаға 80 теңге төленген. Кендір матаны қандай бағамен сатып алған?

V

Екі мәні берілген

Бір мәні берілген, ал екіншісі ізделінді болып табылады

Тұрақты

Бағасы 120 теңге тұратын 6 балалар костюміне, бағасы 360 теңге тұратын, балалар пальтоларына төлегендей ақша төленген. Қанша балалар пальтосы сатып алынған?

VI

бір мәні берілген, ал екіншісі ізделінді болып табылады

Екі мәні берілген

Тұрақты

Бағасы 360 теңге тұратын 2 балалар пальтосына, 6 балалар костюміне төлегендей, акша төленді. Костюмдерді қандай бағадан сатып алған?

Кестеде төртінші пропорционалдық шаманы табуға берілген төрт тура пропорционал тәуелділіктегі, ал соңғы екеуі кері пропорционал тәуелділіктегі есептердің классификациясы. Үштік ережесі Ал — Хорезми арқылы Индияға, одан Европаға кейін бізге келген. Мұндай есептерді шығару балаларға алғаш шамалар арасындағы функциялардың қатысы туралы ұғым береді.
Осы алты есептің әрқайсысын тұрақты шаманың мәнін табу тәсілімен шығаруға болады, яғни әуелі тұрақты шаманың мәнін табу керек, содан соң оны пайдалана отырып, ізделінді шаманы табу керек. Мысалы, 1 есепте 30:2 х 6=90. (әуелі сәбіздің бағасын-тұрақты шаманың мәнін, содан кейін 6 кг-ның құнын білдік).
I және II түрдегі есептер үшін бұл тәсіл, бірге келтіру тәсілі деп аталады. Бастауыш кластарда көбіне осы тәсіл пайдаланылады, ал 4 сыныптан бастап теңдеулер құруды пайдалануға болады. Бұл есептер III және IV кластарда шығарылады. Бастауыш сыныпта мынадай шамалар тобы бар есептер; нәрсенің бағасы, саны, құны; бір нәрсенің массасы, нәрселердің саны, жалпы массасы; бір ыдыстың сыйымдылығы, ыдыстардың саны, жалпы сыйымдылығы; уақыт бірлігі кезінде шығарылған өнім, жұмыс уақыты, жалпы өнім; бір затқа жұмсалатын мата, заттардың саны, жалпы жұмсалған мата. IV класта есептердің барлық алты түрінің шешуі қарастырылады.
Төртінші пропорционал шаманы табуға берілген есепті шығаруға дайындық жұмысы шамалар және олардың арасындағы байланыстармен таныстыру жағын ескеру керек. Бірқатар шамалармен (кесіндінің ұзындығы, масса, сыйымдылық, уақыт, аудан) таныстыру арифметикалық және геометриялық материалды оқып үйренумен тікелей байланыста жүргізіледі.
Төртінші пропорционал шаманы табуға берілген есептерді енгізу үшін балаларды баға, құн, жылдамдық т.б. шамалармен таныстыру қажет. Мұнда олармен таныстыру пропорционал шамалар арасындағы байланыстарды ашып көрсету жұмысымен бір мезгілде жүргізілуі тиіс. Мысалы баға, сан, құн шамалары және олардың арасындағы байланыспен таныстырғанда сабақта "дүкен" ойынын ойнауға болады: тақтаға товарларды этикеткалар іліп қоямыз. Мысалы, дәптер, сызғыш т.б.
Мұғалім оқушыларға бүгін "дүкен" ойынын ойнаймыз және сатып алынатын заттар туралы есептер шығарамыз. Мынау дүкен (мұғалім тақтаны көрсетеді). Дүкенде не сатылады? (Балалар атап шығады.) Заттардың бағасы көрсетілген. Дәптердің бағасын атаңдар. (6 теңге.) Блокноттың бағасын атандар. (10 теңге.) Баға нені білдіреді? ( 1 дәптер, 1 блокнот қанша тұратынын.) 3 дәптер сатып алдық: 3 саны нені білдіреді? (Қанша дәптер сатып алынғанын.) Басқаша, дәптерлер саны немесе дәптерлер мөлшері деп атайды. 4 блокнот сатып алынды. 4 саны нені білдіреді? (Блокнот санын).
Мұғалім тақтаға 4 блокнотты бекітеді, әрқайсысының астында "10 теңге" деген жазуы бар.
4 блокнотқа қанша ақша төлеу керек? (40 теңге.) Оны қалай білдіңдер? (10-4=40.) 40 теңге - блокноттардың құны.


Бұл есепте не белгілі? (Бағасы мен мөлшері.) Нені білу керек? (Құнын.) Егер бағасы мен мөлшері белгілі болса, онда құны қандай амалмен табылады? (Көбейтумен.) Бұдан кейін кәдімгі ойын басталады: бір оқушы сатушы болып тағайындалады, ал бірнеше оқушы сатып алушылар болады. Сатып алушылар кезекпен сатушыға келіп, бірнеше зат сатып алады. Класта отырған оқушылар осы сатып алынған заттар туралы есептер құрастырады, оларды кестеге қысқаша жазып, сонан кейін шығарады, сонымен қатар әрдайым байланыс тағайындап отырады: бағасы мен мөлшері белгілі болса, құнын көбейту амалымен тапқан. (Бұл қорытындыны арнайы жаттаудың қажеті жоқ.)


Осылайша басқа сабақтарда байланыстар айқындалады: егер құны және мөлшері белгілі болса, онда бөлу амалымен бағасын табуға болады; егер құны және бағасы белгілі болса, онда бөлу амалымен мөлшерін табуға болады. Шамалар арасындағы байланыс туралы білімді бекіту үшін ауызша шығаруға арналған есептерді енгізу керек, мұнда берілген жай есепке қатысты алғанда кері есептерді құруға және шығаруға жаттығулар орындау пайдалы. Сонымен қатар, жазбаша шығару үшін сол шамалармен қарастырылған құрама есептерді ұсынған жөн, мысалы: "Оқу жылының басына қарай оқушы 6 теңгеден 10 дәптер және 12 теңгеге сурет салатын дәптер сатып алды. Оқушы барлығы қанша ақша төлеген?"
Жай және құрама есептерді шығару процесінде шамалар арасындағы байланыстар туралы білімді бекітумен бірге мүмкіндігіне қарай үш шаманың біреуінің, үшінші шама өзгермеген жағдайындағы екіншісінің өзгеруіне байланысты, өзгеруін бақылап отырған жөн. Мысалы, бір сюжетті бірсыпыра есептерді шығару жаттығулары ұсынылады: "Блокнот 10 теңге тұрады. 2 блокнот қанша тұрады, 3 блокнот ше? 5 блокнот ше? 9 блокнот ше? Шешуін мынадай кестеге жазған тиімді.

Блокноттың

10

10

10

10

10

Блокноттың саны

2

3

5

12

А

Блокноттардың

20

30

50

120

10 а

Жоғарыдағы таблицадан балалар егер олардың санын арттырса немесе кемітсе, олардың құны артады немесе кемиді.


Жүргізілген дайындық жұмысынан кейін төртінші пропорционал шаманы, тұрақты шаманың мәнін табу тәсілімен, табуға берілген есептерді шығару оқушыларға қиындық келтірмейді. Сондықтан есептерді шығарумен таныстырғанда балалардың жұмысына жасалатын басшылықты дұрыс іске асырудың маңызы өте зор. Осы түрдегі есептермен жұмыс істеудің ерекшелігін қарастырамыз.
Балалар баға, мөлшер, құн шамаларын мол тәжірибесі болғандықтан, алдымен осы шамалармен берілген есептерді 1 түрдегі есептерді қарастыру керек. Клеткалы дәптерлер үшін 36 тенге төледі. Ол жолды дәптер үшін қанша ақша төлеген?" Есепті мұғалім оқығаннан кейін қысқаша көрнекілік арқылы жазылады

Бағасы

Мөлшері

Құны

Бірдей

6 дәптер

36 теңге

3 дәптер

?

Есепті талдағанда балалар әрбір сан нені білдіретіні көрсетеді:


Есепті шығарғанға дейін шамалап көрген пайдалы, яғни 30 теңгеден кем тұратынын, себебі клеткалы дэптерлерге қарағанда оларды аз сатып алғанын, ал дәптерлердің бағасы бірдей екендігін тағайьшдайды.
Есептің шешуіне кері есеп жауаптың клеткаларын анықтау тәсілімен орындалады. Шығару тәсілін жалпылау мақсатыдағы баға, мөлшері, құншамалары бар. I түрдегі есептердің бірнешеуін қарастырғаннан кейін басқа шамалармен алынған осы түрдегі есептер енгізіледі, содан кейін басқа түрдегі есептер ұсынылады. Сондай-ақ шығармашылық сипаттағы әртүрлі жаттығулар жүргізіледі. Шамалардың қандай да бір тобымен байланысты әр түрлі есептерді салыстыру жаттығулары әсіресе пайдалы.
Сонымен қатар бастауыш класта қозғалыс есептері 4 класта қарастырылады. Қозғалысқа байланысты есептерді шығаруға дайындық жұмысы балалардың қозғалыс туралы түсінігін қорытуды, жаңа шамамен -жылдамдықпен танысуын, жылдамдық, уақыт, қашықтық шамаларының арасындағы байланыстарды айқындай түсу жағын қарастырады.
Балалардың транспорттың қозғалысын бақылауға арналған арнайы экскурсия өткізген пайдалы. Экскурсиядағы және сыныптағы жұмыста балалар өздері транспорттық қозғалысын иллюстрациялап көрсетеді. Балалар мысалы, екі дененің кездесу қозғалысын мынадай көрнекілік бойынша көрсетеді:

Оқушылар кесінді денелер кездескенге дейінгі жүрілген жолды көрсетсе, жалауша - кездеекен орынды, А және В нүктелері -денелердің шыққан пунктерін, стрелкалар - қозғалыс бағыттарын көрсетеді. Кері жаттығуларды орындаған да пайдалы: берілген, сызба бойынша сәйкес қозғалысты орындап көрсету керек.
Жылдамдықпен оқушыларды таныстырғанда өздерінің жаяу жүргендегі жылдамдығын таба білетіндей етіп ұйымдастыру керек. Ол үшін аулада, спорт залында "тұйық жол" сызып, жол бойына әр 10 м қашықтықты белгілеу керек, содан кейін әр оқушы қандай жол жүргенін табу керек.
«Тұйық жолды» көрнекілік бойынша корсетейік. Мұғалім балаларға 4 минут жол жүруді ұсынады:

Балалар он метрлік белгі бойынша 10 минутта жүретінін есептен табады. Мұғалім оқушы 1 минутта жүріп откен қашықтық оның жылдамдығы болатыны айтады.
Бастауыш сыныпта қозғалыс есептерінің мына түрлері қарастырылады.
I т ү р і - денелердің әрқайсысының жылдамдығы және қозғалыс уақыты берілген, ізделінді шама - қашықтық;
II т ү р і - денелердің әрқайсысының жылдамдығы және қашықтық берілген, ізделінді шама - қозғалыс уақыты;
Ш т ү р і - қашықтық, қозғалыс уақыты және денелердің біреуінің жылдамдығы берілген, ізделінді шама - екінші дененің жылдамдығы.
Қозғалыс есептерін таныстыру кезеңінде бір сабақта есептің үш түрін енгізіп, берілген есептерді кері есептерге түрлендіру жолымен жаңа есептер алуға болады. Мысалы, мұғалім мына есепті оқиды. Математика 4 класс 78 бет.

Суреті бойынша жұмыс жүргізу керек. Суреттен не байқадың? Айтып бер. Мынадай сұрақтарға жауап бер. Бір-біріне қарама - қарсы қозғалған екі жаяу адамның ара-қашықығы қалай өзгереді?
Олар бір-біріне жақындай ма? Әлде бір-біріне алыстайма? Бірінші адам екіншісіне қарай сағатына неші км жақындайды? Екінші адам біріншісіне қарай ше ? Екеуі бір-біріне сағатына неше км жақындайды? Екі адамның бір-біріне жақындау жылдамдығы 4+6=10 км/сағ деуге болама? Екеуі бір мезгілде шықса, кездескенге дейінгі олардың қзғалыс уақыты туралы не айтуға болады. Екеуінің жылдамдығы әртүрлі сондықтан кездескенге дейін бірдей уақыт аралығында жүрген жолдары туалы не айтуға болады? Түсіндір кездескеннен кейін қозғалыстарын жалғастырса, қандай өзгеріс болар еді?

2-есеп. «Екі ауылдан бір мезгілде бір-біріне қарама қарсы шыққан екі салт атты адам үш сағаттан соң кездесті. Біріншісінің жылдамдығы 12 км/сағ, ал екіншісі 15км/сағ. Екі ауылдың арақашықтығы қандай? Салт атты қозғалысы туралы не белгілі? Нені білу керек. Мынау бірінші салт аттының шыққан ауылы болсын (мұғалім қалталы полотнаға 1 деген цифрды қыстырады) көрнекілік арқылы көрсетейік.

Ал мынау екінші салт атты шыққан ауыл (мұғалім карточканы қыстырады) Біріншісі қандай жылдамдықпен жүрген? (12км/сағ) Ал екіншісі ше? (15 км/сағ) Олар кездескенге дейін қанша уақыт жүреді? (3 сағат.) Нені білу керек? Сұрақ белгісімен белгілейміз. Сонда 1-сурет шығады. 1-2 сабақтан соң балаларға берілген есептерді чертеж түрінде немесе кесте түрінде көрнекілік арқылы көрсетуге болатыны айтылады.
Немесе

Жылдамдық

Уақыт

Қашықтық

12км/сағ
15км/сағ

2сағат
Бірдей

? ?
?

Бұл есептің шешуін жеке амалдар түрінде, өрнек түрінде немесе тендеу түрінде жазуға болады.
Бірінші тәсіл:
1)12 · 3 = 36 (км) — бірінші салт аттынның жүрген жолы;
2) 15 • 3=45 (км) — екінші салт аттының жүрген жолы;
3) 36+45=81 (км) –екі ауылдың ара қашықтығы.
Екінші тәсіл:
1) 12+15=37 (км)-салт аттылардың бір сағатга біріне-біріне жақындауы;
2) 37 • 3=81 (км) - екі ауылдың ара қашықтығы.
Қозғалыс есептерінің шығару тәсілі пысықтау кезеңінде тврчестволық сипатты әр түрлі жаттығулар жүйесі қарастырылады. Мысалы:

Кестені толтыр:

Қозғалыстағы дене

Жылдамдық

Уақыт

Қашықтық

Піл

900м/мин

2мин



Тасбақа

5м/мин

2 мин



Арыстан

1200 м/мин

2 мин



Суретті пайдаланып есеп құрастыр.

Кестені пайдаланып есеп құрастыр.

Жылдамдық

Уақыт

Қашықтық

?
? Бірдей

4 сағат

240 км

5 сағат

?

Екі айырма бойынша белгісіз шамаларды табуға берілген есептеп 3 класта енгізіледі. Олар екі айнымалыдан және бір немесе бірнеше тұрақты шамадан тұрады, мұнда бір айнымалының екі мәні және екінші айнымалының сәйкес мәндерінің айырмасы берілген, ал бұл айнымалының өзінің мәндері ізделінді болып табылады.


Бастауыш сыныпта екі айырма бойынша белгісіз шаманы табуға берілген есептің 2 түрі қарастырылады, соларды есептерді көрнекілік бойьшша көрсетейік.

Есеп

Шамалар

Есептер

Бағасы

мөлшері

құны




Тұрақты

Екі мәні берілген

Мөлшеріне сай мәндердің айырмасы берілген

Екі адам бірдей бағамен 6 м және 4 м мата сатып алды. Бірінші 100 тенге артықтөледі.
Әр адам қанша төлеген?

1

Тұрақты

Құнға сәйкес мәндердің берілген. Әрбір мәнді табу керек

Екі мән берілген

Екі адам үшін бірдей бағамен екі бөлек мата сатып алды. Біріншісі 300 тенге ал екіншісі 200 тенге төледі.
Бірінші бөлек мата екіншіге
қарағанда, 2 м артық. Әр бөлекте қанша метр мата бар?

Балаларға есептің қысқаша жазуы бойынша есеп құрастыру ұсынылады. Есептің қысқаша жазуы көрнекілік түрінде кестемен берілен.

Бағасы

Мөлшері

Құны

Бірдей

I - 6м
ІІ – 4 м

600 теңге
?

Оны шығарғаннан кейін қысқаша жазуға жауапта шыққан сан 400 теңге қойылады. Мұғалім құнды көрсететін сандардың айырмасын (200 теңгені) табуды ұсынады. Бұл сан нені көрсететіні анықталады. Мұғалім тақтада қысқаша жаңа жазуды орындайды





Бағасы

Мөлшері

Құны

Бірдей

1-6 м

? 200теңге

ІІ-4м

Артық

Балалар қысқаша жазудан есеп құрастырады: "Екі адам бірдей бағамен мата сатып алды: біреуі 6 м, екіншісі 4 м мата алды. Бірінші адам 200 теңге артық төледі. Әр адам қанша ақша төлеген?"


Тақтаға және дәптерге мынадай иллюстрацияны орындауға
ІІ

Неліктен бірінші адам, екіншіге қарағанда, ақшаны артық төлегендігі; бірінші адам қанша метр мата үшін екінші адам төлегендей ақша төлгендігі; ал қандай мата үшін 200 теңге ақша төлегеңцігі аныкталады.


Осы есепті тагы чертеж түрінде көрнекілікпен көрсетуге болады.

Осы көрнекіліктен оңай жоспар құрып, есепті шығаруға болады.


1) 6-4 = 2 (м) -200 (теңгеге) - сатып алынған мата;
2) 200 : 2 = 100 (теңге) - матаньщ бағасы;
3) 100 • 6 =600 (теңге) -бірінші адамның төлегені;
4) 100 • 4 = 400 (теңге) -екінші адамның төлегені.
Есеп шешуін тексеру жауапта алынған сап мен есептің шартында берілген сан арасындағы сәйкестікті тағайындау тәсілі бойынша орындалады: 600-400=200; демек, есеп дұрыс шығарылды деп еанауға болады.
Екі айырма бойынша есептің шығарудың пысықтау кезеңінде бір түрдегі дайын есептер ұсынылады және шығармашылық тұрғыдан түрлі жаттығулар жүргізілді. Содан кейін осындай әдістеме бойынша II түрдегі екі айырма бойынша белгісіз шамаларды табуға берілген, есептер енгізіледі.
Екі түрдегі есептерді шығару тәсілдерін жалпылау мақсатында есептерді түрлендіруте берілген жаттығуларды ұсынған пайдалы.

Қорытынды.

«Білім негізі - бастауышта деп, тегін айтылмаған. Бұл ұзақ жылдар бойы қиыны мен қызығы қатар жүретін педагогикалық мол тәжірибеден альшған сөз. Иә, білімнің берік негізі бастауышта қолданылады, яғни болашақтың біріненде нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш, тек білімде ғана.
Өйткені бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдаланады, оларға оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін көрнекі -құралдарды пайдаланудың маңызы зор. Қорыта келгенде:
1.Есеп шығарғанда көрнекі құралдардың алатын орны жоғары, оны дұрыс пайдалану мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
2.Есеп шығарғанда көрекі құралдарды пайдалану балалардың ойлау қабілеттерін арттырады, есептеу дағдыларын шыңдай түседі, кеңістікті елестету, жеке қас қабілеттерін дамытуға бірден-бір себепші болатын басты құрал болып табылады.
3.Есеп шығарғанда көрнекілікті пайдалану санды түсініктердің мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі.
4.Есеп шығарғанда көрнекілікті, пайдалану баланың тапқырлығын арттырып пәнге деген қызығушылығын туғызады, теориялық мәселелерді меңгеруге және оларды практикада қолдана білуге машықтандырады.
5. Есеп шығаруды көрнекілікті пайдалану оқушылардың сөйлеу мәдениетіне, мінез-құлқының қалыптасуна, табандылыққа, шыншылдыққа, шындықты жеңе білу сияқты қасиеттерінің тәрбиеленліне ықпал етеді. Жоғарыда бірнеше сабақтардың күіаделікті іс-жоспарлары ііөрсетілген, осы тақырыптар бойынша жүргізілген эксперимент нәтижесі төмендегіше:

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Әбірова Қ. Сабақ өту тәжірибемнен. //Бастауыш мектеп - 1990. №10. 13бет.
2. Р.Әтейбекова Пысықтау сабағы //Бастауыш мектеп 2002 №8 46 бет.
3. Бантова Г., Бельтюкова Г.Методика преподавания математики в начальных классах. Москва “Просвещение”, 1984.
4. Баймұханов Б. Математика есептерін шығаруға үйрету. Алматы “Мектеп”, 1983.
5. А. Балғазиева Логикалық есептердің шешуі //Бастауыш мектеп. 2003 №10 45 бет.
6.Байжұманова Б.Оқушының психикалық даму ерекшеліктері. //Бастауыш мектеп 1998, №12. 17 бет.
7. Барсай Б. Бастауыш сыныпта окытудың жаңа технологиялары. //Бастауыш мектеп 1998 №1. 27 бет.
8. Елубаев С. Қазақ халқының есептері. Алматы. “Өнер”, 1997.
9. Елубаев С. Елубаева С. Дидактикалық ұлттық ойындар мен логикалық есептер. Алматы, 1995.
10. Жепенова А. Қызықты есептер. Алматы, 1998.
11. Жанұзақова Ж. Жарыс сабақ. //Бастауыш мектеп. 1991 №12 30 бет.
12. Жанұзақова Ж. Жарыс сабақ. //Бастауыш мектеп. 1991 №30 бет.
13. Жұбандықызы Т. Аукцион сабак. //Бастауыш мектеп 1993 №7
14. Жепенова А. Қызықты есептер. //Бастауыш мектеп 1998 №54-42 бет.
15.КөшіковаM. Жекенова Р. Сайыс сабақ. //Бастауыш мектеп 1991№3.40
16.Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты. Алматы. 1998.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Б.М.Қосанов және т.б. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар Алматы: «Атамұра», 1998.
2.Құрманалина Ш.Х. және т.б. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар. 1-сынып Алматы: «Атамұра» 1997.
3.М.И.Моро, С.И.Волкова, С.В.Степанова Математика, Москва«Просвещение», 1990.
4.Т.Қ. Оспанов және т.б. Математиканы оқыту әдістемесі. 1 - сынып Алматы: «Атамұра», 1997.

1. Эрдниев П.М., Эрдниев Б.П. «Укрупление дидактических единиц в обучений математике». Москва: Превещение, 1986.


2. Баймұханов Б. Математика есептерін шығаруға үйрету. Алматы: Мектеп, 1983.
3.Б.М.Қосанов және т.б. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар Алматы: «Атамұра», 1998.
4.Курманалина Ш.Х. және т.б. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықтытапсырмалар. 1-сыпып Алматы: «Атамұра», 1997.
5. Оспанова Т.Қ. және т.б. Математика 1 - сынып Алматы: «Атамұра». 1997. 6. Л.Ликтарников Занимательные логические задачи Санкт- Петербург, 1996. 7. Н.П.Кострикина Задачи повышенной трудности в курсе математикиначальных классов - М: «Просвешение», 1986
8.Курманалина Ш.Х. и др. Задачи и упражнения, направленные на развитие интеллектуальных умений у младших школьников - Алматы, 2000.
9. Оспанов Т.Қ. және т.б. №1 математика дәптері - Алматы «Атамұра», 1997. 10.Оспанов Т.Қ. Бастауыш кластарда математиканы оқыту. Алматы: 1997.
21. М.Мұсабеков, Д.Жүнісбекова Есеп шығарудағы таным әдістері //Бастауыш мектеп. №19 бет.
22. Моро М., Бантова М., Бельтюкова Г. Математика. 1 сыныпқа арналған оқулық. Алматы “Mектеп”, 1984.
23. Моро М., Бантова М., Бельтюкова Г. Методика обучения математике в 1- 3 классах. Алматы. “Мектеп” 1998.
24.Т.Қ. Оспанов, Қ.Ә. Өтеева, Ж.Т. Қайыңбаев, Қ.Ә. Ерешева «Математика оқулығы» 1 класс. Алматы. “Атамұра” 2001.
25.Т.Оспанов, Ш. Құрманалина, Ж. Қайыңбаев, К. Ерешова «Математика оқулығы» Алматы: “Атамұра”2002ж. 2 класс.
26. Т.Оспанов, Ш.Құрманалина, Ж.Қайыңбаев, Б.Қосанов, К.Ерешева Алматы. “Атамұра” 1999ж. 3 класс.
27. Т.Оспанов, Б.Қасанов, Ж.Қайыңбаев, К.Ерешева, Ш.Құрманалина. Математика оқулығы Алматы, “Атамұра” 2000ж
28. Ж.Отарова Есепті әртүрлі тәсілмен шығару 2001 №5. 37 бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет