«Мәтінді көркем талдау» элективті курсының мақсаты



бет2/2
Дата17.01.2023
өлшемі36,05 Kb.
#61701
түріБағдарламасы
1   2
Байланысты:
«М тінді к ркем талдау» элективті курсыны ма саты

Тақырыбы

мазмұны

Сағат
саны

Күні

1

«Мәтінді көркем талдау» курсының мазмұны мен мақсаты, жалпы шолу.

Курстың әдебиет және тіл білімі пәндерімен байланыстылығы, аталған пәндер негізін әдеби тіл және тіл заңдылықтарын игеруге септігін тигізетіндігі. Шығарманың көркем пішімін талдаудың жолдары мен әдістері. Көркем мәтінді талдаудың міндеттері мен принциптері. Көркем мәтінді талдаудың негізгі нысаны. Көркем шығармадағы тілдік құралдардың көркем мазмұнды бейнелеуге қатысы.


1



2-3

Көркем әдебиет тілі.

«Тіл - әдебиеттің бірінші элементі». Сөз өнерінің өнердің басқа түрлерінен ерекшелігі. Көркем әдебиет тілі - әдеби тілдің ең жоғары сападағы түрі екендігі. Көркем әдебиет тіліндегі грамматикалық тұлғалардың стилистикалық- синтаксистік қызметі.

2


4-5

Мәтін туралы түсінік. Мәтіннің түрлері.
Пайымдау, сипаттау, әңгімелеу мәтіндері

Мәтіндердің мазмұндық құрылымдық – композициялық және тілдік жақтары. Көркем, публицистикалық, ғылыми, ресми мәтіндер. Контекст және мәтін. Мәтіннің құрылымы. Синтаксистік күрделі тұтастық (абзац).

2


6-7

Көркем мәтін, оның басқа мәтіндерден айырмашылығы.

Көркем мәтін түрлері, құрылысы. Көркем мәтіннің жанрлық түрлеріне байланысты ортақ және композициялық ерекше қырлары.Тілдің көркем әдебиетте эстетикалық қызмет атқаруы. Поэзиялық шығармалардағы ақындық «еркіндіктер», олардың дәстүрлі халыққа қайша жақтары. Көркем мәтін стилі. Өзіндік ерекшеліктері. Образдылығы, әдеби тілге қатысы.

2


8-9

Мәтін құрудың объективті, субъективті факторлары

Әдеби көркем бағыт. Жазушының жеке басы, қалыптасқан жазушылық үрдіс, т.б. тілдік құралдарды мәтінге біріктіруге негіз болатын факторлар екендігі. Қоғамдық орта, стильдік дәреже, әдеби ағым, атвордың дүниетанымы, тілдік білімі, талант сипатын ескере отырып дара стилін
анықтау. Обьективтік фактор, ерекшелігі, субьективтік фактор.

2



10

Көркем мәтінді талдаудағы композиция, сюжет, жазушы стилі, идеяның маңыздылығы

Әдеби талдау оқушылардың әр түрлі реңдегі эмоциясына, сезіміне әсер етеді, ойларына ой, пікірлеріне пікір қосып, бүкіл жан дүниесін оятады.

1



11-12


Көркем мәтінді талдаудың аспектілері мен әдіс-тәсілдері.

Мәтінді әдеби тілдің әр дәуіріндегі нормаларына қатысы жағынан, мағыналық жақтан талдау, яғни көркем тіл тарихын көркем әдебиет тарихымен байланыстыра талдау, мәтінді көркем бейне жасау тұрғысында талдау (лингвостилистикалық) мәтінді автордың дара стилі айқындау бағытында талдау аспектілері.

2


13

Көркем туынды көтерген проблемалар, автор ойы, оның көркем компоненттері

Оқушыны оқыған шығармаларын талдай білуге машықтандыру, дағды-іскерліктерін жетілдіру, әдеби талдауды үйрету қызметін атқарады.

1




14-15

Көркем мәтінді лингвистикалық талдау.

Көркем мәтінге тілдік түсініктеме беру, тілдік талдау. Мәтінді мақсатқа сай тереңдей-зерттей оқу; мәтіннің лексикалық, фонетикалық, грамматикалық тұлға – бірліктерінің қызметін барлау, мәтіннің мазмұнын, көркемдік сапасын жеткізетін тұстарын ашып, сипаттау.

2


16

Сұрыптап талдау

Талдау проблемалық сұрақтар, проблеманы шешу айналасында ұйымдастырылады. Мұғалім шығарма негізіндегі ең басты проблемаларды сұрыптай отырып, талдауды соны шешуге бағыттайды.

1




17

Автор ізімен талдау

Бұл талдауда мұғалім көркем шығарма сюжеті, эпизодтары, автордың негізгі ойы, мазмұн мен форма жүйесін сақтай отырып, талдауа ерекше назар аударады.







18

Образдар жүйесіне талдау

Көркем туындыдағы бас кейіпкерлерге толық толық талдау,



1




19-20

Лингвостилистикалық талдау – шығарманың көркемдік, эстетикалық қасиетін анықтау.

Шығармада қолданылған тілдік тәсілдер мен ұлттық тіл фактілерінің ара қатынасын анықтау. Жалпы халықтық тілден шығармада қандай қолданыстан көркемдік жүк көтеріп тұрғандығы, олардың автордың қандай мақсатта қолданғандығы. Лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктердің мәтін мазмұнымен бірлігі.

2


21-22

Мәтіндегі авторлық көзқарасты айқындау, дара стильді анықтау.

Автордың белгілі бір тақырыпты оның мазмұны мен құрылымдық ерекшелігін сәйкестендіре алған әдісіне орай қолданған тілдік құралдарын тереңдей талдау. Тілдік құралдардың астарында жатқан, образ жасауға, суреттеуге қатысатын астарлы, үстеме мағыналық реңктерін айқындау. Автор стилін белгілейтін ұғымдар: тіл композиция, жанр, ырғақ, интонациясын анықтау

2


23

Көркем шығарманы кешенді талдау


Көркем шығарма тілі әдеби тілден тыс өз заңдылығы, нормасы бар ерекше эстетикалық қызметтегі тіл бола тура, автордың мәтінді құраудағы қоғамдық рөлін анықтау.



1


24-25

Көркем мәтіннің жанрларына қатысты құрылымы.

мәтіндердің мазмұнына қарай жанрларын анықтату

2


26-27

Поэзиялық шығармалар тілін талдаудың ерекшеліктері.

Поэзиялық шығармалар тіліне лингвистикалық, стилистикалық талдауды жанрлық ерекшелігіне орай, көркемдігі, шеберлігі болатыны. Әрбір түрінің (толғау, жыр, лирика, ода, сатира, мысқыл-ирония, сарказм, т.б.) мәнеріне қарай тілдік қолданыстардың ерекшеленетіні. Дулат, Абай поэзиясының құдіретті қуатын олардың лексикасы мен грамматикасын талдаған зерттеушілердің (Қ.Өмірғалиев, Р.Сыздықова) қолданған әдістері.

2


28-29

Прозалық шығармалар тілін талдаудың ерекшеліктері.

Көркем проза тілін зерттеудің әр алуан қырлары (құрылымы, баяндау типі, жанры, образдары) және даралық стильдің тілдік сипаттары. Шығарманың тілдік композициясын құрайтын тұтастықтар: автор сөзі, кейіпкер сөзі, қос үнді сөз (ортақ төл сөз).

2


30

Әдеби танымдық талдау – көркем шығарманы ұлт мәдениетінің ерекше туындысы

Шығарманың бүкіл бітім- болмысын авторлық және халықтың көзқарастан өткізе талдау. Әрі лингвистикалық, әрі әдеби, стильдік талдаулар, олардың бірлігі.

1


31

Мәтін құрылымы.

Мәтіннің интерпретациялануы. Мәтін мен абзац арасындағы байланыс.

1


32-33

Мәтінге тән көріктеуіш құралдар.

Мәтіндегі юмор тудырушы бірліктер. Фоникалық құралдардың қызметі. Дыбыстық қабаттан күрделі құрылымдарға дейінгі аралықтағы тілдік бірліктердің қызметі

2


34

Қорытынды. Жылдық қайталау




1




Пайдаланылған әдебиет
1. Т. Ақшолақов, Шығарманың көркем айшықтарын таныту, А., «Жазушы», 1998.
2. А. Байтұрсынұлы, Тіл тағылымы, А, «Жазушы», 1992.
3.Р. Сыздықова, Б. Шалабаев, Көркем тексті лингвистикалық талдау, А., «Мектеп», 1989.
4.Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары, А., «Жазушы», 1990.
5.Қ. Бітібаева. М. Әуезов шығармашылығын мектепте оқыту А., «Жазушы», 1994.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет