Мәтінді лингвистикалық талдаудың аспектілері Орындаған: Қуатбек Дария



бет2/2
Дата15.06.2023
өлшемі15,35 Kb.
#101543
1   2
Байланысты:
Мәтінді лингвистикалық талдаудың аспектілері Орындаған Қуатбек -emirsaba.org

1. Әдеби талдаудың қызметі
Шығарманың әдеби талдауы дегеніміз - мәтінді тереңдетіп оқып, оның мазмұнын, құрылымын, ресурстарын және автордың немесе шығарманың жетістіктері мен қателіктерін көрсету.


әдеби талдау -бұл мәтінді жалпы көзқарас тұрғысынан немесе белгілі бір әлеуметтік-гуманистік ағым немесе тәртіп тұрғысынан сипаттау және бағалау әдістерін қолдана отырып, жазбаша шығарманы сыни немесе академиялық тексеру.
Шығармаға әр түрлі әдеби талдаулар, әртүрлі пәндер мен идеологиялық ағымдардан әртүрлі көзқарастар бар: структуралистік, импрессионистік, марксистік, деконструкционистік, психоаналитикалық, лингвистикалық, социологиялық, истористикалық, философиялық және т.б.
2.Көркем мәтінді мағыналық жағынан талдау
Көркем мәтіндегі әрбір сөздің беретін мағынасын түсіну, автордың берген ойын тану үшін көркем мәтінге мағыналық талдау жасау қажет.
Мысалы, фразеологизмдердiң мәтiн, мағыналарын талдауды мақсат ету керек. «Осыдан, Абылайдың басын алмасам, қатынын ат құйрығына салмасам, қара қазанын қақ жармасам, әкем Қазыбектің аруағы өзімді ұрсын» деп қарғанып, атқа мінді.Қазанын алу - өшін алу деген мәнде жұмсалған
3. Мәтінді көркем бейне жасауға қатысы жағынан алып талдау.
Көркем бейне – әдебиетте, өнерде (сурет, музыка, театр, кино, т.б.) өмір құбылыстарын жинақтап, типтендіріп, бейнелі көрініс түрінде суреттеу үлгісі.Көркем бейнеде көпке ортақ сипаттар мен жекелік сипаттарды ұштастырып, даралап көрсету ұласып жатады. Осы тұтастық бірігіп көрінгенде көркем образ, көркем бейне туады. Әдебиетте адамның Көркем бейнесін суреттегенде жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін, сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттармен сомдап, сонымен қатар, кейіпкердің жеке басына тән тұлғалық ерекшеліктерін де даралап көрсетедіМысалы: Абай, Дәркембай, Құнанбай (“Абай”), Ботагөз, Асқар (“Ботагөз”),Ұлпан (“Ұлпан”), т.б.
. Мәті444нді жазушының дара стилін айқьндау тұрғысынан талдау.
4.Мәтінді жазушының дара стилін айқындау тұрғысынан талдау алдау
Мәтінді жазушының дара стилін айқьндау тұрғысынан талда
Жазушының тiл байлығы жеке сөздердің көптігімен өлшенбейдi, керiсiнше оларды ұтымды қолдану шеберлiгiмен айқындалады. Нәрсiз сөздер мен орынсыз тіркестер тiл жұтаңдығы мен ой жұтаңдығын туғызады. Әлемдегi қандай халықтың болса да белгiлi дәрежеде дамыған сөз өнepi бар. Бiздiң халқымыздың сөз өнepi бiрнеше ғасырлар бойы дамып жетiле келе, алдымен, жалпыхалықтық тiлдi байытты. Әр қаламгер мақал-мәтелдердi халық тiлiндегi қалпында жұмсаумен қатар, жаңғыртып, өзгерте қолдану арқылы қосымша реңк, мағына туғызып, айтар ойды шешендікпен жеткізеді.
Жазушының стилі — көркем шығарма жазу үстінде қалыпта-сатын әр жазушының өзіндік мәнері, сөз қолдану тәсілдері. Жа-зушыньщ стиль ерекшелігі, оның өзінін, өмір тануына, шырарма-сының идеялық мазңұнына сай жалпы халықтық тіл қазынасын меңгеріп, оны қалай қолданғандығынан байқалады. Ал жазушы-лардың тілдік қүралды қолдану тәсілдері біркелкі. болмайды, Өмірдегі адамдар каншалықты көп болып, олардың түрлері бір-біріне ұксас келмейтіні тәрізді жазушылардың да жазу мәнерінде, стилінде ұқсастық бола бермейді. Әр ақын-жазушылардың өзіндік ерекшелігі болады.
Жазушы стиліне талдау жасаудың маңызы сол, ол туынды негізінде жатқан авторлық көзқарас, идеяны ашуға көмек жасайды. Жазушы стилі дегенде, ең алдымен, оның көркем тілі, поэтикалық бейнелер жасауы, жалпы халық тілін меңгеруі, сол арқылы әдеби тіл жасауын айтуға болады.
Лингвистикалық тұрғыда мәтінді талдау тілдік бірліктерін зерттеген ғалымдар:
Т .Қордабаев
Р.Сыздықова

Б.Шалабаев


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Шалабаев Б «Текст лингвистикасы туралы»

2.Сыздықова Р,Шалабев Б. “Көркем тексті лингвистикалық талдау”

3. Ақшолақов Т “Көркем шығармаға талдау жасау”



http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет