Мәтінмен жұмыс жасау арқылы білім алушылар өз білімін өмірлік



Pdf көрінісі
бет21/26
Дата19.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#94926
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
түзететілген ГСМ лиц жұм. Мукашева. Альдикенова

2-тапсырмаҰлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жаз. 
Тақырыбы: Түркілер табынған күш иесі- қасқыр 
Мақсаты: Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру) сақтай 
отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет,сызба) түрінде берілген үрдісті 
сипаттап жазу. 
1-тапсырма.Суреттерді негізге ала отырып, мәтіннің кіріспе бөлімін 
құра. 


34 


2-тапсырма. Суретте берілген үрдісті кезеңімен сипаттап жаз. 
Тақырыбы: Ғаламтор және кітап 
Мақсаты: Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан 
алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау. 
1-тапсырма. Берілген мәтінді мәнерлеп оқып, негізгі ойды аш. 
Қазір ғаламтордың әлеуеті асып тұр. Себебі ғаламтор пайда болғалы кітап 
оқитындардың қарасы азайған сыңайлы. Алайда ғаламтор бұрыннан сусындап 
келген кітаптың орнын баса алады ма?! 
Әрине, әрбір өткен заманды, әрбір кезеңді жырлап келе жатқан кітап еш 
уақытта құндылығын жоймақ емес. Себебі кітап-алдыңғы шептің кейінгі 
ұрпаққа қалдырған мұрасы, көңілге түрлі ой түйгізетін, рухани жағынан 
есейтетін жан азығы. Осы уақытқа дейін білімнің бәрі кітапта ғана болып келді. 
Әйтсе де, атам қазақтың «уақыт керуеніне бөгет жоқ» дегені рас. Бүгінгі күні 
кешегі бабаларымыздың шамның жарығымен кітап оқу ескі заманы артта 
қалып, жаңа технологиялардың саны артып, ғылым да күннен-күнге даму 
үстінде. Соның бір парасы «әлемді торлаған ғаламтор». Болашағы зор 
ғаламтордың пайда болғанынан бері, халық кітап оқудан қалды деуге болады. 
Өйткені бұрындары әрқайсысы жеке-жеке ұсынылатын аудио, бейне жазбалар, 
суреттер, әндер, оқулықтар, әдебиеттерді қазір бір ғана ғаламтордан-ақ 
пайдалана аласың. Қаншама қажеттіліктің бір жерде шоғырлануы халық үшін 
тиімді, әрине. Ендеше, ғаламтордың да пайдасын жоққа шығаруға болмайды. 
Сол арқылы біз басқа елдермен де байланысқа шығамыз, көптеген деректерге 
қанығамыз және ғаламтор еліміздің, әлемнің түкпір-түкпірінде орын алып 
жатқан оқиғаларды, жаңалықтарды тез жеткізуші. Ғаламторда том-том 
кітаптардың ықшамдалған нұсқасын оқуға мүмкіндік бар. Әрине, онысы уақыт 
үнемділігі үшін жақсы. Дегенмен монитор алдында көсіліп отыра берсек, бас 
ауырып, көру қабілет те нашарлайтыны анық. Жалпы, компьютердің зияны 
туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық 
көрген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет