Мәтінмен жұмыс жасау арқылы білім алушылар өз білімін өмірлік



Pdf көрінісі
бет22/26
Дата19.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#94926
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
түзететілген ГСМ лиц жұм. Мукашева. Альдикенова

 
2-тапсырмаМәтін авторына сілтеме жаса. 


35 
Тақырыбы : Ассамблея- халық бірлігінің куәсі. 
Мақсаты: Оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу. 
1-тапсырма.Оқшау сөздерді қолдана отырып, берілген сурет 
бойынша «Ассамблея- халық бірлігінің куәсі» тақырыбына 120-150 сөзден 
тұратын ойтолғау жаз. 
 
 
2-тапсырма. Оқшау сөз түрлеріне 2-2-ден мысал жаз. 
Тақырыбы: Еңселі Елорда! 
Мақсаты: Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап , тақырыпқа 
байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне 
өз көзқарасын жазу. 
1-тапсырма. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, өз көзқарасыңды 
дәлелдей отырып, аргументативті эссе жаз. (150 сөз) 
Құрылымы: 
1. 
Кіріспе (1-2 сөйлем) 
2.Тезис (2-3 сөйлем) 
3. Негізгі бөлім (120сөз) 
4. Қорытынды бөлім (2-3 сөйлем) 


36 
Тақырыбы: Ұлттық мәдениет 
Мақсаты: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат 
бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу. 
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен 
көзқарасты ажырат. 
Қазақ халқының мәдени мұраларында мемлекет құраушы ұлттың 
дүниетанымы, тілі мен ділі, болмыс-бітімі көрініс тауып, олар ұлттық 
мәдениетті құрайды. Ол адамзат игілігі ретінде ұрпақтанұрпаққа жетіп, 
қоғамдықәлеуметтік өзгерістерге орай жаңарып отыратын рухани байлық 
болып саналады. Тарихи деректерге жүгінетін болсақ, ұлттық ұлағаттың қайнар 
көзі сонау көне заманнан бастау алып, ұлт мәдениетінің қалыптасуына негіз 
болды. Мәдени мұранының жасаушысы да, сақтаушысы қалың қауым және 
оның асқан ойшыл дана өкілдері. 
Мәдениет - (латынша cultura – өңдеу, тәрбиелеу, білім беру, даму, 
сыйлау) адамның өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастырған тәсілінен, сондай-ақ 
олардың материалдық және рухани байлық жасауынан көрінетін, қоғам мен 
адамның белгілі тарихи даму дәрежесі. Адамның өмірі мен іс-әрекетін 
ұйымдастыру тәсілі – адамның өндірістік күш пен өндірістік қатынас 
ұйымдастыру әдісіне қарастылады. 
Ерте заман ойшылы Демокрит: «Адам мәдениетті жасайды, ол табиғатқа 
еліктеп өз қажетін қанағаттандырғанша мәдениет таратады. Мәдениет адамнан 
сырт өмір сүрмейді, ол адам еңбегінің нәтижесі» -деп жазса, ал орта ғасырлық 
заман мәдениетінің құндылығы «Тастағы таңбадай» еді. Қайта өрлеу заманында 
- адам жанына үңіліп, адамды, дүниені, сұлулықты өзін-өзі жаратушы деп тани 
бастады. Яғни, Беконның пікірінше «Мәдениет – тек адам қолынан түлеген 
табиғат қана емес, ол адамның өзін қайта жаратушы да «білім – күш» - деп 
жазады. 
«Мәдениеттің классикалық үлгісі ұғымы мәдениетті адамның тарихи 
дамуының нәтижесі. Адамзат баласының саналы-санасыз және адамгершілдік 
қоғамының қол жеткен дәрежесі деп біледі. Ағартушылдық мәдениет 
ойшылдары жаңа мәдениет үлгілерін (адам, қоғам, мемлекет, құқық, 
философия, т.б.) жасауға тырысты және өткен заман мен жаңа заманның 
мәдени тәжірибесін ой елегінен өткізіп қарастырды. 
Мәдениет деген көп салалы нәрсе. Мәдениет: рулық мәдениет, туыстық 
мәдениет, халықтық мәдениет, ұлттық мәдениет, таптық мәдениет болып 
туылып, қалыптасып, дүние мәдениеті деген деңгейлерге бөлінеді. 
Ұлттық мәдениет белгілі бір мезгілдік, мекендік, тілдік, ділдік, салт-
саналық, қандастық қатынастың тарихи даму дәрежесі. Дүние мәдениеті – жер 
планетасында жасап жатқан барлық ұлт, барлық халықтар, мемлекеттер 
мәдениетінің озық үлгілерінің шоғырланған түрі. Адамның дүние тауының 
алғашқы кезінде сезім, таным, қиял, арман тұрды, соны тас ғасыры, қола 
ғасырларынан бастап бейнеге кіргізді. Ол бейнені сурет ретінде тасқа, ағашқа, 
мүсінге айналдырды. 


37 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет