Клетка ішіндегі, яғни миоцит ішіндегі және сыртындағы иондардың концентрациясы жүректің циклына байланысты өзгереді. Қозу кезінде саркоплазмалық ретикулум ішіндегі кальций иондары сыртқа шығып, жиырылу процесін қамтамасыз етеді. Яғни қозу мен жиырылу арасында электро-механикалық тығыз байланыс бар. Ал диастола кезінде кальций иондары қайтадан ретикулумның ішіне кіреді.
Миокард қандағы энергетикалық заттардың (глюкоза, майлар) адсорбциялайтын (сіңіру) қасиеті бар.
Миокардта О2 көп қабылдайды, себебі қантамырларымен жақсы қамтамасыз етілген.
Ресинтез, регенерация процестері миокардта тез жүреді.