Жүректің ырғақты соғуын, яғни жүрек етінде ешқандай тітіркергіш әсерінсіз өздігінен қозу импульстерінің пайда болуын автоматия деп атайды. Жүрек автоматиясының пайда болуы жөнінде екі түрлі: миогендік және нейрогендік теория бар.
Жүрек автоматиясының миогендік теориясы бойынша қозу жүректің атипті еттерінде пайда болады, яғни жүректің автоматиялық касиеті оның ет тіндерінің қозуына байланысты.
Жүректің өткізгіш жүйесі барлық бөлімдерінің автоматиялық қасиеті бірдей емес, жүрек автоматиясында айырмашылық - градиент болады (В. Гаскелл). Бұл заң бойынша жүректің өткізгіш жүйесіндегі бөлімдер синоатриалдық түйіннен алыстаған сайын олардың автоматиялық дәрежесі төмендейді. Синоатриалдық түйіннің автоматиясы ең жоғары болып (секундына 70-75 серпіністер), атриовентрикулярлық түйіннің (секундына 40-50 серпіністер), Гис шоғырының (секундта 20-30 серпіністер), Гис аяқшаларының, Пуркинье талшықтарының автоматиясы бұдан да төмен. Бұлардың автоматиялық дәрежесі өздігінен туатын қозу санына байланысты. Осыған орай бірінші түйінді жүректің пейсмекері (жүрек соғуының жетекшісі ) деп аталады. Синоатриалдық түйіні - автоматияның бірінші дәрежелі орталығы, ал - атриовентрикулярлық түйін - автоматияның екінші дәрежелі орталығы болады.