Методическая разработка для практического занятия Редакция 1 Страница из оп: ФӨТ



бет1/3
Дата12.05.2023
өлшемі66,78 Kb.
#91981
түріМетодическая разработка
  1   2   3
Байланысты:
Әдістемелік Нұсқаулық 9 сабақ тұрақтылық






«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»

Кафедра фармацевтической технологии

Методическая разработка для практического занятия

Редакция 1

Страница из




ОП: ФӨТ
Кафедра: Фармацевтикалық технология


Тәжірбиелік сабаққа арналған
әдістемелік нұсқаулыктар
Тақырып. Өсімдік шикізаты негізінде алынған субстанциялардың тұрақтылығын зерттеу әдістері.
Курс: 3
Пән: Дәрілік заттардың тұрақтылығын зерттеу негіздері

Алматы 2023



  1. Тақырып: Өсімдік шикізаты негізінде алынған субстанциялардың тұрақтылығын зерттеу әдістері.

  2. Мақсат: Өсімдік шикізаты негізінде алынған субстанциялардың тұрақтылығын зерттеу әдістерін анықтау

  3. Міндеттер: Өсімдік шикізаты негізінде алынған субстанциялардың тұрақтылығын зерттеуді жоспарлау, үлгі алу, сақтау және орамдау кезеңдерін ұйымдастыру.

  4. Ақпараттық-дидактикалық блок.

Дәрілік өсімдік шикізаты – жаңадан жиналған және кептірілген, дәрілік заттарды алу үшін
пайдаланылатын шикізат. Биологиялық белсенді заттар – тірі ағзаға спецификалық әсері бар және дәрілік өсімдік шикізатының терапиялық эффектісін анықтайтын табиғи қосылыстарды айтады.
Өсімдік шиізатының сапалылығы- шикізат сапасының келесідей техникалық шарттарға сай
болуы:

  • сапалық көрсеткіштер (ылғалдылығы, күлділігі,

  • экстрактивті заттардың мөлшері),

  • сыртқы көрінісі,

  • қосылыстың сапасы мен саны.

Құрамында емдік белсенділігі белгілі құрамдастары бар өсімдіктік фармацевтикалық субстанция (дәрілік шөп шикізаты негізіндегі препарат) бар дәрілік заттар үшін бұл компоненттердің мазмұнының болжанған жарамдылық мерзімінен ауытқуы мәлімделген сандық анықтаудың +/-5%-дан аспауы керек.
Шөптік фармацевтикалық субстанция (дәрілік өсімдік шикізаты негізіндегі препарат) әдетте белсенді зат ретінде қарастырылатындықтан, белгілі емдік белсенділігі бар компоненттердің тұрақтылығын қарапайым анықтау жеткіліксіз. Мүмкіндігінше, шөптік дәрілік субстанцияда (шөптік препарат) бар басқа заттардың тұрақтылығы да, мысалы, тиісті сипаттамалық хроматограммалар (саусақ ізі әдісі) арқылы расталуы керек. Сондай-ақ олардың салыстырмалы мазмұны бастапқы сипаттама хроматограммасымен салыстыруға болатынын растау қажет.
Өсімдік дәрілік заттың тіркеу дерекнамасындағы тұрақтылықты зерттеу бөлімі Комиссия бекітетін фармацевтикалық субстанциялар мен дәрілік заттардың тұрақтылығын зерттеу талаптарына сәйкес белгіленуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет