Методические основы разработки учебно-методического комплекса для преподавателя



бет10/52
Дата01.11.2022
өлшемі207,49 Kb.
#46679
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52
Байланысты:
УМКД әлеуметтану (1)

Өзін-өзі бағалау сұрақтары:
1.Әлеуметтанулық теория. Макро- және микро-деңгейлер.
2.Әлеуметтік тәжірибедегі себеп-салдарлық байланыстар.
3.Жеке мектептер мен бағыттардың дамуы (О. Конт, Э. Дюркгейм, Г. Спенсер).
Құрылымдық функционализм.
4.Қақтығыс теориялары. Рөлдік теориялар.
Әдебиеттер тізімі:
Дэвид Бринкерхоф,Роуз Уейтс,Сюзан Ортега «Әлеуметтану негізідері».Астана 2018.
Дэвид Г.Майерс «Әлеуметтік психология» Астана 2018
Джордж Ритцер,Джеффри Степницки «Әлеуметтану теориясы» Астана 2018
Энтони Кенни «Антика философиясы» Астана 2018
Эллиот Аронсон «Көпке ұмтылған жалғыз» Астана 2018


Дәріс 3. Әлеуметтанулық зерттеулер
Дәрістің мақсаты: Әлеуметтанулық теориялардың даму кезеңдерін талдау.
Негізгі ұғымдар: Әлеуметтанулық зерттеу,мәліметтердіталдау.
Дәріс жоспары:
1.Әлеуметтанулық зерттеу дизайны.
2.Зерттеу мәселесі.
3.Эксперимент.Сауалнама.
4. Сапалық және сандық әдістер.
1.Социологиялық зерттеу — методологиялық, методикалық және ұйымдастырмалы – техникалық процедуралардың логикалық жалғастырмалы жүйесі, бір-бірімен ортақ мақсатпен байланысты: зерттеу құбылысы немесе үрдісі жөнінде мәлімет алу және оны әлеуметтік басқару тәжірибесінде қолдану.
Социологиялық зерттеу төрт өзара байланысқан кезеңнен тұрады:
— зерттеуге дайындық;
— бастапқы ақпаратты жинақтау;
— жиналған ақпаратты өңдеу және ЭВМда өңдеуге дайындау;
— өңделген ақпаратты талдау. Зерттеу нәтижелері бойынша, есеп дайындау, қорытындыларды және кепілдемені тұжырымдау.
Социологиялық зерттеу түрін таңдаудан кейін, социологиялық зерттеу бағдарламасын құрастыруға көшеді. Бұл құжаттың ғылыми негізделу дәрежесінен жүргізілген социологиялық зерттеудің сапалық деңгейі айқындалады.
2.Социологиялық зерттеу бағдарламасы – ғылыми құжат, әдістемелік тәсілдердің жан-жақты теоретикалық негізделуін және барлық бөлімдері бір тұтасқа біріккен, әлеуметтік үрдіс немесе құбылысты зерттеуде әдістемелік амалдарды қолданудан тұрады. Сапалық зерттеулер алғашқы ақпарат көздерінен алынған деректерді жинау мен талдауды қамтиды. Сапалық зерттеулердің кең тараған әдістеріне фокус-топ және тереңдетілген сұхбат жатады. Олар адамдардың мінез-құлқының сандық емес сапалық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған. Егер де сандық зерттеулер «Қанша?» деген сұраққа жауап беретін болса, сапалық зерттеулерді қолдану арқылы біз «Неге?» деген сұраққа жауап беру мүмкіндігіне ие боламыз. Сапалық зерттеулер ең алдымен зерттеліп жатқан мәселеге қатысты орын алатын түрлі пікірлерді жинауға мүмкіндік береді. Сапалық зерттеулер толық әрі жеткілікті саналады, егер де зерттеушілер сирек кездесетін пікірлер жиынтығын жинай алса. Сапалық зерттеулерде ешқандай жағдайда респонденттердің қаншасы осындай немесе өзге пікірлерді таңдағанын санауға болмайды.
3.Эксперимент - себеп-салдар теорияларын сынау мақсатымен тәуелсіз айнымалы шамаларды басқару әдісі.Эксперименталды топ - тәуелсіз айнымалы шаманы зерттеу мақсатында экспериментке тартылған топ. Осы топтың нәтижелері бақылау тобымен салыстырылады.
Эксперимент
Эксперимент дегеніміз - себеп-салдар теорияларын сынау үшін тәуелсіз айнымалы шаманы зергтеуші басқарып отырып зерттейтін әдіс. Классикалық тәжірибеде зерттеуші эксперименталды топты бақылау тобымен салыстырады. Екі топтың арасындағы жалғыз айырмашылық сол - эксперименталды топ зерттеліп жатқан тәуел- сіз айнымалы шаманың әсеріне үшырайды. Егер топтар басқа жағы- нан бірдей болса, оларды салыстыру арқылы тәуелсіз айнымалының әсерін біле аламыз.
Мәселен, егер біз алкогольді ішімдік ішудің үлгерімге әсерін ба- ғалағымыз келсе, алкоголь ішкен эксперименталды топты ішпеген бақылау тобымен салыстыруымыз қажет. Бәлкім, алдымен студент- терді кездейсоқ түрде екі топқа бөлу керек шығар. Алғашқы жиын- тық ауқымды болса, екі топ барлық жағынан бірдей деп болжауға болады. Мысалы, екі топта да жақсы оқитындар мен жаман оқитын- дар, жалқаулар мен алғыр студенттер саны тең болуы мүмкін. Бұдан кейін бақылау тобынан бес апта бойы алкогольді ішімдік ішпеуді сұраймыз, ал эксперименталды топқа күн сайын ішімдік ішуді тап- сырамыз. Бес аптадан соң екі топтың бағаларын салыстырамыз. Әу баста топтардың үлгерімі бірдей болғандықтан, егер алкоголь ішпе- ген студенттердің бағасы жақсарса, онда «ішімдіктен бас тарту олар- дың үлгерімін жақсартуға мүмкіндік берді» деген қорытынды жасай аламыз.
Бұл мысал көрсеткеніндей, эксперимент - себеп пен салдар тура- лы гипотезаны сынаудыц тамаша тәсілі. Алайда оның үш кемшілігі бар. Біріншіден, адамдарға зиянын тигізетін болса ондай экспери менты жүргізу адамгершілікке жатпайды. Мысалы, студенттерден күн сайын ішімдік ішуді талап етсек олардың үлгерімі нашарлауы мүмкін немесе сол эксперименттің кесірінен маскүнем болып кетуі ықтимал. Екіншіден, эксперимент жасаған кезде субъектілер көбіне басқаша әрекет етеді. Мәселен, әдетте алкогольді ішімдік ішу сту- денттің үлгерімін төмендетуі мүмкін болса да экспериментке қа- тысушылар зерттеушілердің өздері туралы дерек жинап жатқанын білетіндіктен жоғары баға алу үшін қосымша дайындалып жүруі мүмкін. Оның үстіне, эксперимент тым жасанды ортада өткізіледі. Сондықтан эксперимент нәтижесін бүкіл қоғамға тән құбылыс деп жалпыландыруға болмайды.
4.Сандық зерттеулер нарық және нақты тауар жайлы әртүрлі ақпарат жинауға мүмкіндік береді. Олар келесідей ақпаратқа қол жеткізу қажет болған жағдайда тиімді болып табылады:
- Қандай да бір тауардың маркасын білу және қолдану бойынша көзқарастарды анықтау;
- Тауарды нарықта өзекті және потенциалды етіп жайғастыру бойынша;
- Қаптамаларды және концептілерді бағалау;
- Жарнаманы бағалау және/алдын ала тестілеу;
- Ақпараттық материалдарды алдын-ала тестілеу;
- Марканың бейнесін өзгерту тәсілдері, оны жайғастыру және жарнамалау стратегиясы;
- Сатып алу себептерін, тауардың артықшылықтарын (сандық зерттеулерде тұтынушы оны жете түсінбеуі мүмкін, оны стандартталған сұхбатта жеткізу қиын болуы немесе ол жайлы айтқысы келмеуі мүмкін) анықтау;
- Тұтынушының жаңа тауарды, қызметті, қаптаманы немесе жарнаманы қабылдауы жайлы жан-жақты, толық пайымдауға ие болу;
- Қандай да бір тауардың немесе концептінің нарығына үлкен сандық зерттеу жүргізбес бұрын жүргізілетін алғашқы (алдын-ала) зерттеу. Бұндай алдын-ала зерттеу сұрау құрылымын оңтайландыруға, зерттеу міндеттеріне сай келетін сұрақтардың және жауаптардың баламасын іріктеуге мүмкіндік береді, кезекті сандық зерттеуді недәуір тиімді етеді.
- Жаңа нарықты немесе нарықтың аз зерттелген саласын зерттеу;
-Жүргізілген сандық зерттеулер анық нәтижелер бермеген нарық аспектілері жайлы нақты ұсыныстар алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет