Өзін-өзі бағалау сұрақтары: 1.Қоғам, теңдік және теңсіздік.
2. Стратификация әр түрлі топтар арасындағы құрылымданған теңсіздік ретінде.
3.Әлеуметтік стратификация теорияларына қысқаша шолу (К. Маркс, М.
Вебер).
4.Әлеуметтік мобильділік.
Әдебиеттер тізімі: Дэвид Бринкерхоф,Роуз Уейтс,Сюзан Ортега «Әлеуметтану негізідері».Астана 2018.
Дэвид Г.Майерс «Әлеуметтік психология» Астана 2018
Джордж Ритцер,Джеффри Степницки «Әлеуметтану теориясы» Астана 2018
Энтони Кенни «Антика философиясы» Астана 2018
Эллиот Аронсон «Көпке ұмтылған жалғыз» Астана 2018
Дәріс 5. Әлеуметтену және бірегейлік
Дәрістің мақсаты: Өмір бойы жалғасатын әлеуметтену:институттар мен үрістер.
Негізгі ұғымдар: Гендерлік әлеуметтену, тұлға.
Дәріс жоспары: 1.Индивид пен қоғам арасындағы қарым-қатынас
2.Әлеуметтену және бірегейлік теориялары
3.Гендерлік әлеуметтену
4.Жеке мәртебе
1.Тұлғаның мәнін дұрыс түсіну үшін бұл ұғымды оған маңызы жағынан жақын «адам» және «индивид» ұғымдарынан ажырата білу керек. «Адам» ұғымы адам баласына тән жалпы белгілерді білдіретін тектік ұғым болып табылады. Адам биоәлеуметтік жаратылыс болғандықтан, бұл ұғымға оның жалпы әлеуметтік, сондай-ақ биологиялық белгілері де кіреді, өйткені оның әлеуметтік мәнінің тасымалдауышы тірі адам ағзасы болып табылады.
Индивид жеке, нақты адам, оған Homo Sapiens-тің тектік белгілерімен қатар жекеше белгілер де тән. Бұл оның табиғи тума қабілеттеріне, психикалық қасиеттеріне (жады, қиялы, темпераменті, мінезі) және оның ойлау (көқарастары, пайымдаулары, пікірлері) ерекшеліктеріне, қажеттіктері мен сұраныстарына қатысты. Жекедаралық – бұл индивидті басқалардан ерекшелендіретін қасиеттер мен қабілеттердің жиынтығы ретінде анықталуы мүмкін.
Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.
2.Тұлға әлеуметтенуінің негізгі көздері:
1. ерте балалық шақ тәжірибесі – психикалық қызметтер мен әрекет- қылықтық қарапайым формаларының қалыптасуы;
2. әлеуметтік мекемелер – тәрбие, оқу, білім жүйелері;
3.қарым-қатынас және іс-әрекет үдерісіндегі адамдардың өзара ықпал-әсері.
3.Гендерлік бірегейлік
Бала дүниеге келген кезден бастап қоғам қыздарға басқаша, ұлдарға басқаша қарайды; қызғылт немесе қоңырқай көрпеге орайды, бірін спортқа үйретсе, екіншісіне тігін тігуді үйретеді. Шын мәнінде, жеке тұлға ретінде толық қалыптасқанға дейін бірін күшті, екіншісін әдемі болуіа талпындырады. Осылайша, символдық интеракционизм зерт- теулері анықтағандай, балалар өздерінің жынысын және гендерлік рөлдерін таниды.
Жас балалардың гендер жөніндегі ойлары әдетте түрақты болады. Олардың мұндай ойлары екі себептен елеулі стереотиптердің дамуы- на алып келеді. Бірінші себеп - элем тек қана жыныс бойынша бөлі- неді. Балалардың ойынша, әйелдер көпір салмайды, ал еркектер тігін тігумен айналыспайды. Стереотиптің қалыптасуына эсер ететін екін- ші себеп, тағы бір маңызды фактор - олардың өздеріне деген көзқара- сы. Зерттеулер көрсеткендей, ата-аналар ұл баласы мен қыз баласын әр басқа қабылдайды. Олар өз балаларына «жынысына сәйкес келе- тін» ойыншықтарды береді, ұлдары қыздардың, не қыздары ұлдардың ойыншықтарымен ойнаса алаңдаушылық пайда болады. Ата-аналар ұлдарга белсенді және агрессивті болуға ерік береді, ал қыздарының тыныш ойнауын және үлкендермен бірге жүруін (Orenstein, 1994) қол- дайды. Ата-аналар гендерлік стереотипке сай мінез-құлықты қолда- маса, балалары гендерлік стереотиптерді қатаң ұстанбас еді. Осы процестің нәтижесінде ұлдар мен қыздардың өз жыныстары- на тән әрекеттер туралы тұрақты пікірлері дамиды. Мысалы, ұлдар қыздарға тән қасиеттер көрсеткені үшін сынға алынады. Сол себепті кішкентай ұлдар мен қыздардың жынысқа тән әрекеттер жөніндегі ойлары ерекше қатаң. Қыздар ұлға тән мінез-құлық көрсете алады. Сонымен қатар көптеген ата-аналар қазір қыздарының спортпен шұ-ғылдануын, компьютерде ойнауын және басқа ұл балаларға тән іс-әре кеттермен айналысуын қолдайды. (Керісінше, ұл балалардың қыздар- ға тән әрекетгерімен айналысуын қолдау сирек кездеседі). Сонымен, қыздар бұрын ұлдарға ғана тән деп саналатын іс-әрекеттер қолайлы екенін сезінуі ықтимал.
4.Жеке мәртебе – адамның өзі қоршаған аз топтың. Тұлғаның мәртебесі мен мәні, орны туралы ілімді батыс.Тұлғаның рөлі (мәні) туралы теория тұлғаны әлеуметтік .Басты мәртебе деп аталған индивидке мейлінше тән мәртебені
Жеке тұлға - әлеуметтанудың өзекті проблемаларының бірі, өйткені
Адам – тарихи процестің субъектісі, жердегі материалдық және
Индивид ( лат. Individ – бөлінбейтін, ақырға ).Мәртебенің мәні – сол мәртебеге сай мінез-құлықтың болуы.
Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөлдер.
Адамның аса күрделі табиғаты оның қоғамдағы әр түрлі.Мұны тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы дейді. Бұл тұжырымдаманың осындай қызметтердің маңызды, мәнді жақтары “әлеуметік рөл”, “әлеуметтік басқаша айтқанда, әлеуметтік рөл дегеніміз, қоғамдағы адамдардың белгілі әлеуметтік рөлдердің мысалы ретінде адамдарды мамандыққа байланысты рөлін.Осы тетік өзі орталық қызмет атқарушы орган болады.