Методические рекомендации Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет4/35
Дата06.01.2022
өлшемі5,14 Mb.
#15347
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Орта білімге қолжетімділік құқығы 

Қазақстанда  орта  білімге  қол  жеткізу  құқығы  2,7  мыңнан  астам 

балаларды қамтитын 7 511 мектептерде жүзеге асырылады. Олардың арасында 

7160 

мектеп (3 161 шағын жинақты мектептерді қоса алғанда )  - жалпы білім 



беретін  мемлекеттік  күндізгі  мектептер,  111  –  жекеменшік  мектептер,  11  – 


 

халықаралық мектептер, 20 – Назарбаев Зияткерлік мектептері, 100- мүмкіндігі 



шектеулі балаларға арналған арнайы мектептер.  

Орта  білім  алуда  денсаулығына  немесе  әлеуметтік-экономикалық 

факторларға  байланысты  уақытша  немесе  тұрақты  қиындықтарға  тап  болған 

адамдар  үшін  79  кешкі  мектептер  жұмыс  жасайды,  оның  32  түзету 

мекемелерінің  жанында,  7  девиантты  мінез-құлқы  бар  балаларға  арналған, 

оларда 14 288 оқушы білім алады.   

Тұтас  алып  қарағанда,  7160  жалпы  білім  беретін  мемлекеттік  күндізгі 

мектептердің:  

− 

3777  оқыту  қазақ  тіліндегі  мектептерінде  және  аралас  тілді 



мектептердегі қазақ сыныптарында 792 223 оқушы; 

− 

1262  оқыту  орыс  тіліндегі  мектептерінде  және  аралас  тілді 



мектептердегі орыс сыныптарында - 832 173 оқушы; 

− 

2088 оқыту қазақ және орыс тілдеріндегі аралас мектептерінде;   



− 

16  оқыту өзбек тіліндегі мектептерінде және аралас тілді мектептердегі 

өзбек сыныптарында 80 655 оқушы; 

− 

13    оқыту  ұйғыр  тіліндегі  мектептерінде  және  аралас  тілді 



мектептердегі ұйғыр сыныптарында 15 067 оқушы; 

− 

4  оқыту тәжік тіліндегі мектептерінде және аралас тілді мектептердегі 



тәжік сыныптарында 4 009 оқушы қамтылған. 

Инклюзивті  білім  беру  даму  үстінде – мектепке дейінгі және орта білім 

алу  үшін,  даму  бұзылыстарын  түзету  және  әлеуметтік  бейімдеу  үшін,  сапалы 

білімге  деген  қолжетімімдікті    барлық  балалар  үшін:  денсаулығында 

қиындықтары  бар  (мүмкіндігі  шектеулі,  мүгедек  балалар);  қоғамға  әлеуметтік 

бейімделуде  қиындықтары  бар  (девиантты  мінез-құлқы  бар,  әлеметтік-

экономикалық және әлеуметтік- психологиялық статустары төмен); қамтамасыз 

ету мақсатында жағдайлар жасалуда.  

Мигрант, оралман, босқын статусы бар отбасыларының (6 мыңнан астам, 

оның ішінде 889- мектепке дейінгі жастағы, 5358 мектеп жасындағы балалар) 

балаларына,  24 725  оқушы-репатрианттарға,  мектептері  жоқ  1523  елді 

мекендерде тұратын 27 363 балаларға білім алуға мүмкіндік  қамтамасыз етіліп 

отыр.   

Қазақстан  Республикасында  тұрақты  өмір  сүретін  шетелдіктер  мен 

азаматтығы  жоқ  адамдар  үшін  де  білім  алуға  деген  конституциялық  құқығы 

қарастырылған.  

Шетелдік  азаматтардың  балаларын  мектепке  қабылдау    Қазақстан 

Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2010  жылғы  28  қыркүйектегі 

"Қазақстан  Республикасында  тұрақты  тұратын  шетелдіктердің  және 

азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы 

орта  білім  алу  ережесін  бекіту  туралы"  №468  Бұйрығына  сәкес  жүзеге 

асырылады.  

Білім беру ұйымдарының есебіне қарағанда республиканың жалпы білім 

беретін мектептерінде басқа елдерден келген 20 655 оқушы (2012 жылы -14 374 

оқушы) білім алады.  



 

Мигрант  балалардың  басым  бөлігі  Қарағанды,  Оңтүстік  Қазақстан, 



Алматы,  Маңғыстау,  Жамбыл  облыстарының  және  Алматы  қаласының 

мектептерінде оқиды.  

Республиканың  жалпы  білім  беретін  ұйымдарында  11 546  оралман 

балалар  оқиды  (2012  жылы    14 950  бала).  Олардың  4 734  -  бастауыш 

мектептерде, 5 306 – негізгі, 1 503 - жалпы білім беретін мектептердің жоғары 

деңгейлерінде оқиды, 3-уі бала кезінен мүгедектер..  

Оралман балалардың басым бөлігі, Алматы қ.– 3 218, Шығыс Қазақстан  

облысында – 1 809, Жамбыл облысында – 1 689, Оңтүстік Қазақстан облысында 

–  1 

527,  Ақтөбе  облыстарында  –  1 078  оқушы  білім  алуда.  Облыстық,  Астана 



және  Алматы  қ.қ.  білім  басқармаларының  деректері  бойынша  3  мүгедек 

балалардан басқа, барлық балалар (11 543 бала) білім берумен қамтылған.  

Республикада  аз  ұлттардың  балаларына  ана  тілдерін  оқыту  үшін  де 

жағдайлар жасалған.   

Білім беру ұйымдарында негізгі талаптардың бірі – аз ұлттардың өз ана 

тілдерін оқып-үйрену құқығын жүзеге асыру орындалады.   

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  деректері 

бойынша  республикада  2013/2014  оқу  жылында  келесі  мектептер  жұмыс 

жасады:  57–  оқыту  өзбек  тіліндегі  мектептер  (2012  жылы  60  мектеп);  14– 

оқыту  ұйғыр  тіліндегі  мектептер  (2012  жылы  14  мектеп);  2–  оқыту  тәжік 

тіліндегі  мектептер  (2012  жылы  2  мектеп).  Өзбек  тілінде  78 325  (2012  жылы 

77 


082 ) , ұйғыр тілінде 14 396 (2012 жылы 14 364)  оқушы білім алады. Тәжік 

тілінде 4 834 (2012 жылы 3 893) оқушы білім алуын жалғастыруда.  

Бұл  аталғандардан  басқа,  республика  көлемінде  өзбек  тіліндегі 

сыныптары бар 91 (2012 жылы 79) ,  ұйғыр тіліндегі сыныптары бар 48 (2012 

жылы  49),  тәжік  тіліндегі  сыныптары  бар  9  (2012  жылы  10)  аралас  тілді 

мектептер жұмыс жасайды.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет