Методические рекомендации Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет6/35
Дата06.01.2022
өлшемі5,14 Mb.
#15347
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35


РАТРИФИЦИРОВАННЫЕ КАЗАХСТАНОМ

 

Мигрант, босқын отбасыларының балалары  

Қазіргі  қоғамдағы  босқындар  мен  амалсыз  қоныс  аударушы  отбасылар 

проблемасының  маңызы  индивидтің  тұлғалық-орта  қатынастарының  әр  түрлі 

аспектілерінде өзекті болады.  

Қоныс аударуға мәжбүр болған жағдайда адамның әлеуметтік бейімділігі 

бұзылатыны белгілі: ол бір табиғи және әлеуметтік ортадан басқасына көптеген 

табиғи-антропологиялық 

байланыстарды 

қиындықпен 

үзіп, 

сондай 


байланыстарды  жаңа  жерде  орната  отырып  ауысады.  Осының  салдарынан 

босқындардың балалары өз ата-аналарының, туыстарының өліміне куәгер бола 




11 

 

отырып, жиі психикалық жарақат алады. Психологтардың айтуынша, зиянкесті 



оқиғалар  баланың  психикасында  терең  із  қалдырып,  есінде  ұзаққа  дейін 

сақталады.  Психологиялық  шокты  басынан  өткізген  барлық  балалар  оның 

салдарынан  зардап  шегеді.  Көптеген  дене  бітімінде  және  психикалық 

бұзылыстардан басқа оларда таным процесі мен қоғамдағы тәртіп бұзылыстары 

да  байқалады.  Бұзылыстардың  айқындығы  және  олардың  көрінісі  әдетте, 

зорлық-зомбылықтың  ауырлық  дәрежесімен,  денедегі  жарақаттардың  болу 

немесе  болмауымен,  отбасылық  қолдаудың  сақаталуы  немесе  одан 

айырылуымен байланысты.  

Балалар  ересектерге  қарағанда  сенгіш  және  ергіш  болып  келеді. 

Сондықтан  әр  түрлі  жайттарда  олар  көбінесе  құрбан  болады.  Олар  үй 

жағдайындағы  немесе  мектептегі,  көшедегі  зорлық-зомбылықтың  құрбаны 

болуы мүмкін. М.Д. Асанова балаларға зорлық-зомбылықтың төрт түрін бөледі:  

− 

дене  бітімдік  зорлық-зомбылық  –  бұл  бала  дене  бітімі  жағынан  әлсіз 



жағдайға  әдейі  қойылатын,  денесіне  қасақана  жарақат  жасап  немесе  жарақат 

алуының алдын алмау кезіндегі балаға қатынас түрі;  

− 

жыныстық  зорлық-зомбылық  –  бұл  функционалды  жетілмеген 



балаларды  немесе  жасөспірімдерді  олар  оны  толық  түсінбей,  оған  келісім 

беруге  қабілетсіз  немесе  отбасылық  рөлдердің  әлеуметтік  тиымын  бұзатын 

жыныстық әрекеттерге тарту;  

− 

психологиялық зорлық-зомбылық – бұл балаға қатысты жасалған оның 



қабілеттерінің  дамуын  тежейтін  немесе  зиянын  тигізетін  әрекеттер. 

Психологиялық  зорлық-зомбылыққа  баланы  қорлау,  кемсіту,  жәбірлеу  және 

келемеждеу сияқты тәртіптің созылмалы паттерндері жатады;  

− 

кеміту  –  ата-ананың  немесе  күтімді  жүзеге  асыратын  тұлғаның 



кәмелетке  толмаған  баланы  тамақтандыруда,  киіндіруде,  тұрғылықты  жерде, 

медициналық күтімде, білім беруде, қорғау мен бағуда негізгі қажеттіліктерін 

қамтамасыз  етуге  созылмалы  қабілетсіздік.  Физикалық  күтімсіз  қалғанда бала 

жасына  сай  қажетті  тамақтанусыз  қалдырылып,  ауа-райына  сәйкес  емес 

киіндірілуі  мүмкін.  Эмоционалдық  қараусыздық  кезінде  ата-аналары  баланың 

қажеттіліктеріне  бейберекет  қарайды,  оларды  елемейді,  тактилді  байланыс 

болмайды. Кеміту баланың денсаулығының нашарлауынан, оған қажетті емнің 

жасалмауынан көрінуі мүмкін. Баланың білім алуын кеміту бала мектепке жиі 

кешігіп баруынан, сабақтардан қалуынан, өзінен кіші балаларға қарап қалуынан 

және тағы басқадан көрініс табуы мүмкін [8].  

Зорлық-зомбылықты  басынан  өткізген  балалармен  жұмыстың  ортақ 

мақсаты  жарақаттық  күйзелістерді  азайту  және  жою,  өзін  кінәлау  мен  ұялу, 

өзіне  сенімсіздік  сезімдерін  еңсеру  болып  табылады.  Баламен  жұмыс 

барысында  оны  қоршаған  адамдермен  өзара  қарым-қатынасты  саралау 

қабілетін қолдау, оның тұлғалық дамуына ықпал ету маңызды.  

Соңғы  уақытта  кәмелетке  толмағандар  қылмыскерлігінің  артуы  үнемі 

атап  көрсетіліп,  жасөспірімдер  әрекетінің  қатыгездігі  мен  айлалығы  және 

қылмыскерліктің  едәуір  жасаруы  байқалатыны  айтылады.  Жасаған  қылмысы 

үшін  жазалау  шараларының  бірі  ретінде  қолданылатыны  оны  бас 



12 

 

бостандығынан  айыру.  Бас  бостандығынан  айыру  түрінде  сот  шешімімен 



жазаланған балалар түзету мен қайта тәрбиелеу үшін тәрбиелеу колонияларына 

бағытталады.  Алайда,  статистикалық  мәліметтерге  сәйкес  жазасын 

өтегендердің  көбісі  қайтадан  қылмыс  жасайды.  Тәрбиелеу  колониясында  бас 

бостандығынан  айыру  түрінде  жазасын  өтеп  жатқан  барлық  кәмелетке 

толмағандар  өмірлік  қиын  жағдайда  жүрген  балалар  санатын  құрайды. 

Бейімделу  бұл  баланы  бас  бостандығынан  айырғанда  туындайтын  маңызды 

аспектілердің  бірі.  Тәрбиелеу  колониясының  жағдайында  бейімделу  түсінігін 

кең аспектіде қарастырған жөн. Мәселенің мәні жазаны өтеудің қатаң, қалыпты, 

жеңілдетілген  немесе  жеңілдікті  жағдайларына  тәуелді  болады.  Себебі,  бір 

колонияның  шегінде    болса  да  бір  жағдайдан  басқа  жағдайға  ауысқанда 

әлеуметтік  орта,  күн  тәртібі,  еңбек  және  оқу  әрекеті,  болашақты  бағалау, 

тәрбиеленушінің  ұмтылысы  өзгереді.  Шамамен  әрбір  жазаға  кесілген 

жасөспірімде  белгілі  бір  дәрежеде  эмоционалдық  алаңдаушылық,  өмірлік 

жағдайға  қанағаттанбау,  төмен  эмоциялық  фон,  сондай-ақ  қандай  да  бір 

бұзылыстар  байқалады.  Тәрбие  колониясына  түскен  жасөспірім  күн  тәртібі, 

тәртіп ережелері деген не екенін біледі. Осыған байланысты ұйқының бұзылуы, 

әлсіздік,  енжарлық,  тез  шаршау  болуы  мүмкін.  Жасөспірімнің  жалпы 

үрейлілігінде үлкен орынды әр түрлі қорқыныштар, түсініксіз қауіптер сезімі, 

соған  байланысты  өзіне  сенімсіздік  алады.  Әлеуметтік-педагогикалық 

қолдаудың негізгі мақсаты бұл тәрбие колониясында бейімделуде балаға көмек 

көрсету,  ал  оның  соңғы  нәтижесі  бұл  ұжымға  аман-есен  кіру,  ұжым 

мүшелерімен  қарым-қатынаста  сенімділіктің  пайда  болуы,  осы  өзара  қарым-

қатынас жүйесіндегі өз орнымен қанағаттану болып табылады.  

Жоғарыда  айтылғанды  қорытындылай  келе,  біз  баланы  өмірлік  қиын 

жағдайға  соқтыратын  көптеген  факторлар  оның  отбасынан  туындайтынын 

түсінеміз. Егер жоғарыда сипатталған факторлардың бірі ғана отбасында болса, 

балада  өмірлік  қиын  жағдайдың  туындау  қаупі  өте  жоғары  болады.  Бала 

әрекетінің тағы бір маңызды саласы білім беру саласы болып табылады. ол бала 

тіршілігінің  негізгі  әрекеттерінің  бірі  болғандықтан,  осы  салада  баланың 

өмірлік қиын жағдайының туындау қаупі жоғары. 

Қиын  жағдайға  тап  болған  бала  проблемаларының  бірі  әлеуметтенудің 

төмен  деңгейі,  яғни,  мобильділіктің  шектеулігі,  құрдастар  және  ересектермен 

қарым-қатынастың  кедейлігі,  табиғатпен  байланысудың  және  мәдени 

құндылықтарға  қолжетімділіктің  шектеулігі  және  т.с.с.  Қазіргі  мектептерде 

әлеуметтендірушіден  гөрі,  білім  беру  қызметіне  басты  рөл  беріледі.  Мектеп 

қоғамға  толыққанды  кіруге  керекті  қасиеттер  жиынтығымен  балаларды 

қамтамасыз ете алмайды. Мектеп әрекетінің шектеулігі көптеген оқушылардың 

тұлға  ретінде  өзін  көрсетуге  мүмкіндік  бермейтін  осы  тәрбие  институтына 

жағымсыз  қарым-қатынасты  тудырады.  Балалар  өміріндегі  қиын  жағдай 

туындауының себебі қанағаттанарлықсыз білім деңгейі болуы мүмкін.  

Соның  салдарынан  озат  және  нашар  оқушылар  үлгерімінің  үлкен 

айырмашылығы  болады.  Бұл  бала  тұлғасының  өзін  өзі  бағалауымен  тығыз 

байланысты.  Сондықтан  балаларда  мектептегі  әлеуметтік  қарым-қатынаста 



13 

 

бейімделуімен  байланысты  әр  түрлі  бағыттағы  проблемалар  туындайды



Жинақтала  келе  бұл  проблемалар  баланы  өмірлік  қиын  жағдайға  әкеліп 

соқтыруы мүмкін [9]. 

В.  А.  Никитин  өзінің  зерттеуінде  әлеуметтенуді  «әлеуметтік  қарым-

қатынасқа индивидті қосу процесі» ретінде сипаттайды [10].  

Әлеуметтену  адамның  өмірі  бойы  созылатын  процесс  екенін  түсінген 

маңызды.  Сондықтан  әлеуметтенудің  басты  мақсаттарының  бірі  адамды 

әлеуметтік  шындыққа  бейімдеу,  ол  қоғамның  қалыпты  қызмет  атқаруының 

мүмкін  болған  шарты  болады.  Қазіргі  таңда  бала  әлеуметтенуінің  төмен 

деңгейіне әкелетін өмірлік қиын жағдайларға қайыршылық, бақылаусыздық пен 

қараусыздықты,  тәртіп  бұзушылықтың  алуан  түрлерін,  сондай-ақ  ауру  мен 

мүгедектікті жатқызуға болады. Бұндай балаларды әлеуметтендіру процесінде 

туындайтын проблемалар ең алдымен, әлеуметтік мәселелер, әлеуметтік қолдау 

формаларының  жеткіліксіздігі,  денсаулық  сақтаудың,  білім  берудің, 

мәдениеттің,  тұрмыстық  қызмет  көрсетудің  және  т.с.с.  қолжетімсіздігі.  

Олардың  ішінде  макро-,  мезо-  және  микродеңгейдегі  проблемаларды  бөлуге 

болады.  Бұл  проблемалардың  кешені  барлық  балаларға  тең  мүмкіндіктерді 

жасауға  бағытталған  қоғам  мен  мемлекеттің  күшімен  шешіледі.  Балаларды 

әлеуметтендірудің  елеулі  проблемаларының  бірі  қоғам  мен  мемлекеттің 

дамуында  ауытқуы  бар  тұлғаларға  қарым-қатынасы  болып  табылады.  бұл 

қарым-қатынас әр түрлі аспектілерде көрініс табады: арнайы білім беру, оқыту 

жүйесін жасауда, қолжетімді денсаулық сақтау жүйесін құруда және т.с.с.  

Бала  құқығының  декларациясында  «дене  бітіміне,  психикасына  немесе 

әлеуметіне  қатысты  толық  емес  бала  оның  ерекше  жағдайына  байланысты 

арнайы білім және күтіммен қамтамасыз етілуі қажет» деп айтылған [11].  

Бала  құқықтары  туралы  конвенцияда  «қатысушы  мемлекеттер  ақыл-есі 

немесе  денсаулығына  қатысты  жарымжан  бала  оның  қадір-қасиетін 

қамтамасыз  етіп,  өзіне  деген  сенімділігін  арттырып  және  қоғамдық  өмірге 

белсене  араласуына  жәрдемдесетін  жағдайларда  толыққанды  және  лайықты 

өмір сүруі қажет екенін мойындайды» деп баяндалған. Мемлекеттік деңгейде 

өмірлік  қиын  жағдайға  ұшыраған  балаларға  көмек  көрсетуге  бағытталған 

арнайы  бағдарламалардың  үнемі  қабылданып  жүзеге  асырылатынына 

қарамастан,  тек  мемлекеттің  ғана  күші  жеткіліксіз.  Бұндай  балалардың  өмір 

сүруі  мен  дамуына  қолайлы  жағдайларды  жасау  бойынша  міндеттердің 

көпқырлығы,  күрделілігі  мен  ауқымдығы  бұл  жұмыста  балалардың  жанында 

жүрген барлық қоршағандардың қатысуын талап етеді. 

  

 



 

 

 



 

 



14 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет