Арнайы білім беру – жалпы орта білім берудің құрамына кіре отырып
мүмкіндігі шектеулі адамдардың білім алуына арнайы жағдайлар жасауды
қарастырады және келесі мәселелерді қамтиды: арнайы оқу бағдарламалары,
оқулықтар мен ОӘК, оқытудың арнайы әдістері мен тәсілдері, көмекші
компенсаторлық оқыту құралдары; медициналық және әлеуметтік қызметтер.
2015 жылы мүмкіндігі шектеулі балалар саны 141 952 адамды құрады
(2014 жылы 138 513 адам). Инклюзивті білім берумен қамтылған:
мектеп жасындағы 46 340 (55%) бала (барлығы мектеп жасындағы 84 120
баладан, қалғандары арнайы мектептерде – 13 722 (14,6%)); арнайы
сыныптарда – 11 461 (12,2%) бала; үй жағдайында оқытуда – 10 408 (7,3% )
бала; жекеменшік білім беру ұйымдарында – 2 189 (2,3 %) бала; колледждерде
– 2 877 (3,0 %
) жасөспірімдер;
мектеп жасына дейінгі 14 717 (35,2%) бала (барлығы мектеп жасына
дейінгі 41 805 баладан, қалғандары арнайы балабақшаларда –5 159 (12,3%);
арнайы топтарда 4 474 (10,8%) бала, психологиялық- педагогикалық түзеу
кабинеттерінде (ППТК) және оңалту орталықтарында (ОО) 12 663 (30,2%) бала
9
түзеу-педагогикалық қолдау алып отыр, үй жағдайында – 683 (1,6%) бала
тәрбиеленуде.
Мүмкіндігі шектеулі балалар, тегін әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық қолдаулар алуға; мемлекеттік медициналық мекемелерде,
психологиялық-медициналық-педагогикалық
консультацияларда
немесе
медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімдерінде тегін тексеруден өтуге;
Қазақстан Республикасы заңнамалары аясында бекітілген тегін медициналық
көмектер алуға; психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация
қорытындысы бойынша дене бітіміндегі немесе психикасындағы
ауытқушылықтардың көріну деңгейлерінің түрліше болуына қарамастан
ауытқушылық анықталған күннен бастап тегін психологиялық-медициналық-
педагогикалық түзету алуға құқылы.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алудағы құқықтарын жүзеге асыру
мақсатында 2015-2016 оқу жылының басында 37 мектепке дейінгі ұйымдар, 100
арнайы
мектептер,
51
психологиялық-медициналық-педагогикалық
консультациялар, 137 психологиялық- педагогикалық түзеу кабинеттері, 12
оңалту орталықтары, жалпы білім беретін мектептерде 880 логопедиялық
пункттер жұмыс жасады.
Қазіргі қоғамды трансформациялаудағы заманауи процесстердің өз
кезегінде балаларға қатысты әлеуметтік саясатта да қарама-қайшылықтарды
тудыратыны белгілі.
Балалар құқықтарын қорғау мен сақтау бойынша конституциялық және
басқа да заңнамалық кепілдіктер мен олардың іс жүзіндегі орындалуы арасында
көптеген қайшылықтар болып жатады. Бұл қайшылықтар, әсіресе жетім қалып
(түрлі жағдайларға байланысты), әртүрлі типтегі интернаттық мекемелерде
тұруға мәжбүр болған балаларға қатысты мәселелерде қатты байқалады.
Бала құқықтары туралы Конвенцияға 1994 жылдан бастап қосылған
Қазақстан Республикасы өзін әлеуметтік тұрғыдан дамыған және құқықтық
мемлекет ретінде көрсете отырып, өз тәуелсіздігінің 25 жылында Конвенция
қағидаларына сәйкес балалар құқығы мен мүдделерін қорғайтын, атап айтқанда
баланың отбасында өмір сүріп тәрбиеленуіне қатысты ұлттық заңнамаларды
жетілдіруде, орасан зор жұмыстар жүргізді. Бұл кезеңдерде Қазақстан
Республикасында келесі Заңдары қабылданды: «Қазақстан Республикасындағы
баланың құқықтары туралы», «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы», «Кемтар
балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау
туралы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы»,
«
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» және т.б.
2006 жылы, БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенциясына сәйкес, негізгі
міндеті балалардың құқығы мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету
бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылатын, Білім және
ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды.
Бұл жасалып жатырған жұмыстардың ауқымдылығына қарамастан,
Қазақстан үшін, барлық балалардың отбасында тұрып тәрбиеленуін қамтамасыз
ету әлі де болса уақыт пен еңбекті қажет етеді. Статистикалық мәліметтерге
10
қарағанда республикада жыл сайын 8 мыңға жуық ата-ананың қарауынсыз
қалған балалар анықталады, олардың 3 мыңға жуығы балалар үйіне
орналастырылады. Соңғы жылдары толық мемлекеттің қамтамасыз етуіне
берілетін балалар санының біртіндеп өсе бастағаны секілді жағымсыз үрдіс те
алаңдатушылық туғызады.
2012 жылы балалар үйіне 2 231 бала жіберілсе, бұл көрсеткіш 2014 жылы
2
839 болған, оның арасында 2 012 бала бала асырап алу, қамқорлыққа алу мен
патронаттың күші жойылғаннан кейін балалар үйіне қайтарылған.
Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау
комитетінің деректеріне қарағанда 2015 жылдың басында жетім балалар мен
ата-ананың қарауынсыз қалған балалар саны 32 362 болған. Оның 21 350
баласы қазақстан азаматтарының отбасыларында қамқорлыққа алынып
тәрбиеленуде, 1 820 бала – патронаттық тәрбиеде, 9 192 бала 188 балалар
үйінде тәрбиеленуде. Балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілердің 7 395 (80,4%) 7
мен 18 жас арасында, ал 19,6 % (1 797 адам) 6 жасқа дейінгі балалар.
Интернаттық мекемелер жүйесі 58 балалар үйі мен мектеп-
интернаттарды, 25 бөбектер үйін, 18 ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған
үй-интернаттарды, 13 паналату үйлері, 28 жастар үйін, 29 отбасы түріндегі
балалар үйлері және 17 жекеменшік балалар үйлерін қамтиды [7].
Жетім балаларды қамқорлыққа алудағы қазақстандық мемлекеттік жүйе
оларды заңды түрде өз бетінше өмір сүруге сапалы түрде даярлауға баса назар
аударуы қажет, жүйе әлі де болса «кәмелеттік жасқа жеткенше ұстау»
қағидасымен жұмыс жасайды. Тәрбиелеу мен әлеуметтік бейімдеудің
шешілмеген мәселелерін «мерзімді ұзарту», яғни Жасөспірімдер Үйі мен
Жастар Үйі арқылы шешу оларды тағы да интернаттық мекемелердегі сияқты
қамтамасыз етудің бір түріне әкелуі мүмкін.
Елде болған түрлі тарихи жағдайларға (әлеуметтік катаклизмдер,
репрессиялар, соғыс) байланысты қалыптасқан тәжірибелер ықпалынан болар
Қазақстанда жоғарыда аталған балаларды тәрбиелеуде бірінші орында
интернаттық мекемелер тұрды. Бірақ, қазіргі қоғамдық қатынастардың өзгеруі,
экономикалық ахуалдың дамуы, отбасы мен бала тәрбиесіндегі заңнамалық
актілердің әлемдік стандарттарға бейімделіп жетілдірілуі әрбір баланың
бақытты өмір сүріп, елінің лайықты азаматы болатындай тәрбиеленуіне жағдай
жасаудың басқа да жолдары мен тәсілдерін іздеуді, енгізуді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |