Методические рекомендации для педагогов-ассистентов по сопровождению



Pdf көрінісі
бет17/72
Дата10.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#42268
түріМетодические рекомендации
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72
 
Көкшетау қаласындағы № 19 ОМ мен Ақмола облысы мектептерінің 
жұмыс тәжірибесі
Бірқатар жылдар ішінде «№ 19 орта мектеп» ҚММ-де мектепті 
дамытудағы басым бағыттардың бірі инклюзивті білім беру бағдарламасын 
енгізу болып табылады. Ерекше қажеттілігі бар балаларды оқытудағы 
мектептің тәжірибесі 1990 жылы штаттық кестеге мектеп логопеді мен 
психологы лауазымын енгізуден бастап қалыптасты. 1999 жылдан бастап 
мектепте түзеу-дамыта оқыту сыныптары құрылып жұмыс істеуде. 2012-2013 
оқу жылында мектепте инклюзивті білім беру сыныбы ашылды, ал 2014 жылы 
Ақмола облысы Білім басқармасының бұйрығына сәйкес мектеп Ақмола 
облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі модельдік ресурстық 
орталық мәртебесін алды. Бұл Орталықтың мақсаты ЕБҚ бар балаларды 
бейімдеу мен оқыту үшін жағдайлар жасау бойынша тәжірибе жинақтау болып 
табылады. 
Мектепте инклюзивті білім беруді іске асыру жағдайларында осы 
санаттағы балаларды табысты оқытуды қамтамасыз ету, олардың тұлғалық өсуі 
үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ мектептің барлық оқушыларын оқыту үшін 
жағдайлар жасау бойынша үлкен жұмыс атқарылуда. Оқушыларды жалпы білім 
беру процесіне қосу жағдайларын жасау үшін мектепте Психологиялық-
педагогикалық қолдау қызметі және мектептегі психологиялық-медициналық-
педагогикалық консилиум құрылды. Консилиумның негізгі мақсаты ерекше 
білім беруге қажеттілігі бар балаларды қолдау стратегиясын және оларды 
оқыту мен әлеуметтендіру табыстылығын қамтамасыз ету үшін ересектердің 
келісілген іс-әрекеттерін алқалық айқындау болып табылады. Консилиум 
қарастырылып отырған санаттағы балаларды оқыту мәселелерін шешуге 
командалық, мультипәндік тәсілдің маңызды шарты болып табылады.
Мектепті тұрақты ұзақ мерзімді дамытуды қамтамасыз ету үшін онда 
педагогикалық ұжымның кәсіби күш-жігері мен шығармашылық әлеуетін 


46 
біріктіруге және тура бағыттауға қабілетті ұйымдастырушылық-білім беру 
жүйесін нысаналы құру қажет.
Осылайша, осы білім беру ұйымында практиканың нәтижесінде 
үздіксіздік, жүйелілік, жеке тәсіл, барлық білім беру процесіне 
қатысушылардың жақсы эмоционалдық көңіл-күйін қамтамасыз ету, қолдау 
мамандары командасында пәнаралық өзара іс-қимыл жасасу сияқты инклюзивті 
процесті психологиялық-педагогикалық қолдау қағидаттары атап көрсетіледі.
Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы жұмыс тобы 
Инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің 
қатысуымен өңірдің жалпы білім беретін және арнайы (түзеу) мектептерінде 
тьюторлық көмек ұйымдастыру жөніндегі тәжірибеге талдау жүргізді. Жұмыс 
тобының мүшелері ЕБҚ бар білім алушылардың контингенті үшін сыныпта 
педагогтің көмекшісі тарапынан қосымша қолдауға сұраныс бар екенін атап 
көрсетті. Тьюторлық көмек көрсетуде ерекше мұқтаж тұлғалар ретінде олар 
аутистикалық спектрінде ауытқулары бар, БЦП және тірек-қозғалыс 
аппаратының басқа да бұзылулары бар балалар, нашар көретін, нашар еститін 
білім алушылар санатын бөліп көрсетеді. Осы білім алушылар контингентінің 
өзіндік арнайы физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері бар, олар өз-
өзіне әлеуметтік қызмет көрсету дағдыларының нашар қалыптасқан деңгейімен, 
кеңістік пен уақытта қиын ұйымдастырылуымен, сондай-ақ бірқатар 
психоэмоционалдық 
проблемалармен 
(ашуланшақтық, 
жылауықтық, 
гипербелсенділік, долылық, бейімсіздік, ішкі психологиялық ренжігіштік және 
жаңа ересектер мен өз құрбыластарының ортасында сенімсіздік және т.б.) 
байланысты. 
Балалардың барлық жоғарыда аталған ерекшеліктері, инклюзивті немесе 
арнайы сынып жағдайларында, барлық оқушыларды білім беру қызметімен 
қамтуға және әрқайсысын жеке тәсілдермен және әдістермен қамтамасыз етуге 
қиынсынатын мұғалімнің тарапынан ерекше назар аударуды талап етеді.
Осыған байланысты, жұмыс тобына қатысушылар Ы.Алтынсарин 
атындағы Ұлттық білім академиясының әдістемелік ұсынымдарының негізінде 
педагог-ассистенттің қызметін ұйымдастыру туралы ережені әзірлеу қажет деп 
есептейді. Бұл ретте, білім беру ұйымының түрін, қызметтің ерекшелігін, білім 
алушылардың немесе тәрбиеленушілердің контингентін ескеру ұсынылады. 
Оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметін және түзеу 
сабақтарын ұйымдастыруды ерекше қажеттілігі бар әрбір 1-6 оқушыға педагог-
ассистенттің бір штаттық бірлігі есебінен жүзеге асыру керек. Әріптестердің 
есептеуінше, Педагог-ассистент туралы ережені директордың оқу-тәрбие 
жұмысы жөніндегі орынбасары инклюзивті білім беру жөніндегі 
үйлестірушімен және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі 
мамандарының командасымен бірлесіп әзірлеуге, ол білім беру ұйымының 
педагогикалық кеңесінде талқылануға және оның директоры бекітуге тиіс. 
Жұмыс 
тобының 
мүшелері 
педагог-ассистенттің 
лауазымдық 
нұсқаулығына нақты білім беру міндеттерін, жас құрамын, білім беру ұйымы 
қызметінің бағыттарын, сондай-ақ қолдау модельдерін қосу қажет деп 


47 
есептейді. Нұсқаулық осы қызметкерге жүктелетін барлық міндеттер шеңберін 
толық ескеру керек, оны директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі 
орынбасары мен инклюзивті білім беру үйлестірушісі әзірлеуі және директор 
бекітуі тиіс. Педагог-ассистент лауазымында жұмыс істеуге жоғары немесе 
техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі бар, педагогикалық 
мамандықтар бойынша білім алатын, ЖОО-ры мен колледждердің жоғары курс 
студенттерін жіберу ұсынылады.
Жұмысты ұйымдастырудың негізгі сәттерін сипаттау кезінде, кез келген 
жергілікті актіні ресімдеуде педагог-ассистент: 

білім беру ұйымының басшысы бұйрық шығару, еңбек келісімшартын 
жасау арқылы лауазымға тағайындайтыны және лауазымнан босататыны; 

педагог-ассистенттің қызметін ұйымдастыру туралы ережеге сәйкес ол 
жеке білім алушыларға, білім алушылар тобына немесе сыныпқа (сыныптарға) 
бекітілетіні; 

біліктілік сипаттамаларының талаптарына жауап беруге тиіс екені; 

құжаттаманы: білім алушыны психологиялық-педагогикалық қолдаудың 
бірлескен бағдарламасын, тьюторлық топпен жұмыс істеу кестесін, балалардың 
сабаққа қатысу табелін, білім беру жетістіктеріне монитринг жүргізу және білім 
алушылардың жеке білім беру бағытын іске асыру материалдарын және т.б. 
әзірлеу және ресімдеу үшін жауап беретіні; 

лауазымдық міндеттеріне сәйкес жұмысты атқарғаны үшін еңбек 
келісімшарты бойынша еңбекақы төлеу шарттарына сәйкес ай сайын жалақы 
алатыны көрсетіледі. 
Көп жылғы педагогикалық тәжірибесіне сүйене отырып, жұмыс тобының 
мүшелері педагог-ассистенттің кәсіби құзыреттілігі өмірлік тәжірибені, алған 
біліктілігін, жалпыға танымал құндылықтарды пайдаланып, нақты 
педагогикалық қызмет жағдайларында туындайтын кәсіби проблемалар мен 
әдеттегі міндеттерді тиімді шешу; заманауи әдістемелік тәсілдер мен әдістерді, 
диагностикалау технологияларын (сұрау, жеке және топтық сұхбат) меңгеру, 
психологиялық-педагогикалық түзеу және оларды ұдайы жетілдіру негізіндегі 
қызметтің сапасымен қамтамасыз етіледі деп атап көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет