Методические рекомендации для педагогов-ассистентов по сопровождению



Pdf көрінісі
бет25/72
Дата10.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#42268
түріМетодические рекомендации
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   72
Н., 2-сынып, кохлеарлық имплантациядан кейін. Оқу жылының басынан 
бастап ол үшін сыныпта барлық қолайлы жағдайлар жасалды: ол терезеден 
және мұғалімнен алыс тұратын партаға отырғызылды. Мұғалім оқытуда 
саралап оқыту тәсілін пайдаланған жоқ, сондықтан Н-да оқу материалын 
меңгеруде проблемалар байқалды, кітап оқуы қиындады. Ресурстық орталық 
мамандары кеңес бергеннен кейін, пән мұғалімдері сияқты, Н-ның мұғалімінде 
де оның ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың тәсілдері мен әдістері 


65 
өзгерді (тапсырмаларды нақты айтып өту, қатты дауыстап айту, дайындалған 
жеке тапсырмалар мен тесттер және т.б.). Мамандар естіп қабылдау және 
сөйлеу тілін дамыту бойынша Н. үшін түзету-дамыту бағдарламасын әзірледі. 
Оқу жылы ішінде Н-да жазу, оқу, әңгіме құрастыру дағдыларын дамыту 
бойынша нәтижелердің жақсарғаны байқалды. Н. өте жинақы бола бастады, 
жазу техникасы жақсарды. Баланың жады мен зейіні жақсы екені байқалды, 
олар оған оқу материалын меңгеруге көмектеседі. Қосымша қолдаудың 
арқасында Н-да оқу үлгерімі өте жақсарды, ол өзінің құрбыларымен қатар 
мектептегі барлық іс-шараларға үлкен қызығушылықпен қатысады. Өзінің 
сыныбында Н. көшбасшы болып есептеледі, сыныптастары оны құрметтейді 
және қарым-қатынаста ширақтығы мен көңілді мінезі үшін бағалайды.
Әрбір осындай оқиғаның артында, кеше ғана қоғамнан оқшау болуға 
мойынсұнған, баланың тағдыры мен өмірі жатыр. Бүгінгі күні, мемлекеттік 
органдардың, мектептің және үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен күш-
жігерінің арқасында олар өзінің білім алу және өзінің қоғамдағы өмірлік 
әлеуетін іске асыру құқығын жүзеге асыра алады.
 
«Болашақ» корпоративтік қорының тәжірибесі 
«Болашақ» корпоративтік қоры (бұдан әрі - «Болашақ» КҚ) 2015 жылдан 
бастап елімізде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды жалпы білім 
беру жүйесіне біріктіру бойынша «Әр бала мектепке лайықты» жобасын іске 
асыруда.
Басқа үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері сияқты, «Болашак» КҚ 
қызметкерлері де бүгінгі күні аутистикалық спектр ауытқулары бар балаларға 
инклюзивті білім берудегі тиімді әдістердің бірі АВА-терапия (қолданбалы 
мінез-құлық талдауы) болып табылады деген сенімде, ол түзеу жұмысындағы 
мінез-құлық тәсіліне негізделген.
Қазіргі уақытта ABA аутист балаларға көмек көрсету кезінде тиімділігі 
дәлелденген жалғыз әдістеме болып табылады.
Мәселен, 2015 жылы Астана қаласының № 71 мектеп-лицейінің 
базасында Инклюзияны қолдау кабинеті (бұдан әрі - ИҚК) ашылды, онда 
ерекше қажеттілігі, оның ішінде АСБ бар білім алушылар мультипәндік 
мамандар командасының қызметтерін алады және бір уақытта жалпы білім 
беру процесіне қосылады. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап 6 бала жалпы 
білім беретін сыныптарға қосылды. Олармен қоса, үйде оқытылатын 8 бала 
ИҚК мультипәндік команданың қызметтерін алады. Оқу жылы бойына ИҚК 
қызметіне жүргізілген талдау мінез-құлық спектрін дамытудағы және түзеудегі 
оң динамиканы көрсетті.
ИҚК – бұл жеке үй-жай, онда осындай балалармен жеке және топтық 
сабақтар өткізіледі, сондай-ақ сенсорлық жеңілдену үшін арнайы аймақ 
құрылған, мұнда әр бала сабақтар арасында демалып, өзінің күшін қалпына 
келтіре алады.
Мамандардың мультипәндік командасына тьютор (ассистент) да 
қатысады, ол әрбір балада болады. Ол оқушымен бірге ресурстық кабинетте 


66 
болады және оны тұрақты сыныбына да қолдау көрсетеді. Тьютордың рөлі 
айрықша маңызды: барлық оқу күні бойы ол балаға тек ресурстық сыныпта 
ғана емес, сонымен бірге әдеттегі сыныпта мұғалімдермен және оқушылармен 
өзара іс-әрекет жасаған кезде де көмектеседі және қолдау көрсетеді.
Тьютор АСБ бар бала үшін мұғалім бейімдеген бағдарламаларды іске асырады, 
баланың даму динамикасын бақылайды, сондай-ақ бейімделген материалдың 
тиімділігіне талдау жүргізеді.
Осындай білім беру моделін пайдалану әрбір аутист бала үшін тұрақты оң 
нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біртіндеп балаларда теріс мінез-
құлық эпизодтарының саны төмендейді, олар тапсырмаларды орындауды, 
тьютордың қатысуынсыз сыныпта өздері болуды және оларға қолжетімді 
тәсілдермен тақта алдында жауап беруді үйренеді. 
Тьюторлық қолдаудың стратегиялық мақсаты баланы мектепте өз 
бетінше оқуға біртіндеп бейімдеу болып табылады.
Өз қызметінде тьютор мынадай міндеттерді орындайды: 

балалардың жұмыс орындарын және демалыс орындарын ұйымдастыру 
және бейімдеу; 

оқу материалы мен оқу құралын бейімдеу (балалардың ерекшеліктерін 
ескеріп және олар үшін әзірленген ұсынымдарға сүйеніп, тьютор фронталдық 
нұсқаулықты өзгертеді, оқу материалының меңгерілуін бақылайды, 
тапсырмаларды бейімдейді, көрнекі оқу құралдарын және сабақтар үшін 
қосымша материалдар жасайды, баланың оқу процесіне үнемі қосылуын 
қолдайды, баланың басқа әрекетке уақытында көшуіне көмектеседі және т.б.); 

балалардың әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру (мектеп 
бойынша және сыныптан тыс іс-шараларда барлық жүріп-тұрулар кезінде 
сыныпқа ілесіп жүреді, үзілістерде ойындар ұйымдастыруға қатысады, АСА 
бар балалармен қарым-қатынас жасау үлгісін көрсетеді және т.б.); 

балалардың теріс мінез-құлық реакциялары салдарынан туындайтын 
мәселелерді шешу (туындауы мүмкін қажетсіз эмоционалдық реакциялардың 
алдын алады және тоқтатады және т.б.);

балалардың әлеуетін ашуға ықпал ету (әр баланың мүмкіндіктері мен 
шектеулерін барабар бағалайды); 

ата-аналармен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру (күн сайын ата-
аналарға туындаған қиындықтар туралы әңгімелейді, үй жұмысы бойынша 
ұсынымдар береді, балаға өзінің достары мен табыстары туралы әңгімелеуге 
көмектеседі). 
Ең алдымен жобаға АСБ диагнозы бар төрт бала қатысты, ПДПК 
қорытындысының негізінде оларға жалпы білім беру бағдарламалары бойынша 
оқыту ұсынылды. Олардың үшеуі 1-сыныпта және бір бала 3-сыныпта оқитын.
Оқу жылының нәтижелері бойынша мектепке баруға арнайы әлеуметтік-
психологиялық дайындықтан өткен екі бала, АСА диагнозы бар қалған екі 
балаға қарағанда, мектепте 2-3 аптада бейімдеу кезеңінен өтті, өтпеген 
балалардың біреуі мектепте оқыту жағдайына тек оқу жылының соңында ғана 
бейімделе алды. Төртеуі де барлық оқу пәндері бойынша пәнді меңгеру 


67 
нәтижелерінің ең төменгі деңгейіне қол жеткізді. Балалардың үшеуі 
толыққанды дербестікке ие болды және сабақ режимін сақтаған жағдайда және 
олардың психологиялық ерекшеліктері ескерілсе, тьютордың көмегінсіз оқи 
алады. Сөйлеу тілі жүйелі дамымаған төртінші бала да сөйлеу тілін дамытуда, 
оны түсіну және пайдалану қырынан жақсы динамика көрсетті. Сыныппен бір 
екпінмен жұмыс істеу және барлық материалды меңгеру үшін тьютордың 
көмегіне жекелеген сабақтарда ғана мұқтаж (қазақ, орыс тілдері, математика). 
Бұл оқушы жеке меңгеретін жалғыз пән оқу болып табылады, өйткені буындап 
оқу дағдысы болған кезде оқығанын түсіну қабілеті артта қалады, осыған 
байланысты тьютор онымен жеке оқу құралы бойынша айналысады.
Қазіргі уақытта «Әр бала мектепке лайық» жобасына «Болашақ» ҚҚ 
Астана қаласының № 40 және № 83 мектептерін, Алматы қаласының № 3 
мектебін қосты, оларда ерекше қабілеттері, оның ішінде АСБ бар мектеп 
оқушылары үшін инклюзияны қолдау кабинеттері жабдықталды және табысты 
жұмыс істеуде. Жобаның шеңберінде, тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-
кеңес органы болып табылатын, сарапшылар кеңесі құрылды, оның қызметі 
елімізде инклюзивті білім беруді жетілдіру бойынша сапалы ұсыныстар 
әрілеуге бағытталған.
Жобаға 
қатысатын 
педагогтер 
мен 
мамандар 
практикалық 
тәжірибелерінің негізінде белгілі қорытындылар жасады: 
1) АСБ бар баланы мектепке 1-2 жыл бұрын жоспарлы дайындау қажет, 
ол үшін мектепте оқытуға ұқсас әлеуметтік жағдай құру керек, бұл бейімделу 
кезеңін барынша қысқартуға мүмкіндік береді. Оқыту процесінде балаларда 
туындайтын барлық проблемаларды арнайы білімі мен дағдылары бар адамдар 
шешу керек. АСБ бар баланың мінез-құлық себептерін қалыпты балалардың 
немесе басқа да бұзылулары бар балалардың даму логикасына қарап бағалауға 
болмайды.
2) Бала саны 20-дан асатын сыныпта АСБ бар баланы тьюторсыз оқыту 
өте қиын, әсіресе бейімделу кезеңінде. Бұл мінез-құлқында деструктивті 
жағдайлардың туындауына әкеп соғуы мүмкін. Тьютор қатысқан жағдайда, 
балалардың басым көпшілігі 1-сыныптың соңына бейімделеді және одан әрі 
қолдауды қажет етпейді. Сөйлеу тілінің бұзылулары ауыр балаларда өз бетінше 
оқуда қиындықтар туындайды, бірақ дұрыс тьюторлық қолдау болған жағдайда 
бұл балалардың бір бөлігі жалпы білім беретін мектепте оқуға қабілетті. Бір 
тьютор (ассистент) жұмыстың сапасын жоғалтпай, АСА бар 2-3 балаға 
жетекшілік ете алады.
3) Сыныбына АСБ бар бала келетін мұғалім, алдын ала міндетті түрде, 
АСА бар балаларды оқыту ерекшелігі бойынша біліктілігін арттыруы тиіс. 
Одан басқа, туындайтын жағдайларға талдау жасап, барлық пән мұғалімдері 
үшін мектептің базасында ай сайын семинарлар мен шеберлік сыныптарын 
ұйымдастыру керек. Бұл АСБ бар баланы оқыту кезінде заңды проблемалардың 
көп бөлігін болдырмауға мүмкіндік береді.
4) Балалар мен мұғалімдерде туындайтын психологиялық проблемаларды 
шешу, балалармен тәрбиелік, түзеу және педагогикалық жұмыс жүргізудің 


68 
практикалық дағдыларын оңтайландыру үшін АСБ бар балалармен жұмыс 
істейтін мұғалімдерге супервизия жүйесін құру қажет.
5) Баланы мектепке дайындау сәтінен басталатын, түзеу тәрбие 
дағдыларын пысықтау үшін ата-аналармен жұмыс істеу жұмыстың маңызды 
бөлігі болып табылады. Баланы мектепте оқыту процесінде ата-аналармен 
жұмыстың көп бөлігін тьютор жүзеге асырады. Ата-аналарда мектеп 
тапсырмаларын дайындау дағдыларын қалыптастыру мақсатында оларды да 
супервизия жүйесіне қосу қажет.
6) АСБ бар балалар оқитын сыныптарды қосымша білім беру жүйесіне 
белсенді қосу да балалардың, мұғалімдер мен ата-аналардың әлеуметтік және 
білім беру интеграциясына ықпалын тигізеді.


69 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет