Методические рекомендации для педагогов-ассистентов по сопровождению



Pdf көрінісі
бет23/72
Дата10.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#42268
түріМетодические рекомендации
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72
2-
ші режим. Оқушы 50 %-дан астам уақытында оқуды ресурстық 
бөлмеде оқиды.  
Мұндай жағдайда бағдарламаның жалпы білім беретін сыныптың/топтың 
бағдарламасына қарағанда ерекше айырмашылықтары болады. Сондықтан 
оқушы негізгі пәндерді жеке режимде және шағын топтарда ресурстық бөлмеде 
оқиды, ал қалған сабақтардың бөлігін жалпы білім беретін сыныпта оқиды. 
Оқушы кейбір сабақтарға толық баруы мүмкін, немесе сабақтың бір бөлігіне 
ғана қатыса алады. Аутизмді балалар үшін сабақтың бір бөлігіне қатысу 
мүмкіндігі аса маңызды, осыған сәйкес, жүйелілік және мақсатқа лайықтылық 
принциптерін ескеру қажет.
Жалпы орта білім беретін сыныпқа/топқа қосылатын осындай 
оқушыларды бірте-бірте дайындау процесі кезеңдерден тұрады:
1) 
Баланың сабақтар өткізілетін жалпы білім беретін сыныптың 
бөлмелерімен (спорттық зал, музыка кабинеті және т.б.) және басқа да 
бөлмелермен танысуы.
2) 
Баланың үзіліс кезінде өзінің сыныптастарымен танысуы. 


60 
3) 
Оқушы қатысатын пәндерді таңдауы. 
4) 
Сабақта болу уақытының ұзақтығын анықтау. 
5) 
Сабақ жоспарларын талқылау. Екі сыныптың мұғалімдері бірлесе 
отырып оқу процесін ұйымдастыру үшін қажетті белгіленген сабақтарға 
қатысуды және оқу материалдарын, оқушының сабаққа қатысуының негізгі 
ережелерін, жалпы білім беретін сыныптағы/топтағы мұғалім мен ассистенттің 
өзара іс-әркетін талқылайды.
6) 
Сабақ жоспары негізінде материалдарды дайындайды.
7) 
Оқушының ресурстық бөлмедегі жеке сабақ кезіндегі 
тақырыптармен алдын ала танысуы.
8) 
Баланы жалпы білім беретін сыныптардағы сабақтарда 
қолданылатын негізгі нұсқаулықтарға үйрету (қара, көрсет, қолыңды көтер, 
тақтаға шық және т.б.). 
Мектепте жобаны іске асырудың алғашқы жылы аутизмді балаларды 6 
жастан оқыту басталды. Балалар инклюзия үшін мүлдем дайын болмай келді, 
атап айтқанда, мінез-құлық проблемаларымен, топта жұмыс істей алмауы, 
барлығында бірдей фронталды нұсқаулыққа реакцияларының болмауы. 
Балалардың кейбіреулері бөлмелердің ауысуына жағымсыз тұрғыдан қараса, 
енді кейбіреулерінде карточкаға қадалып отыру көріністері орын алды, ол оны 
бір минутта қолынан шығармады. Үш балада ересектерге деген агрессия 
байқалды, оның біреуінде – балаларға да агрессия пайда болды. 6 баладан тек 
екеуі ғана оқып, жаза алды. 2016 жылы сыныпқа мінез-құлық проблемасы бар 
тағы бір бала келді. Ұнамсыз мінез-құлықтарының түрлері: қашып кету, өте 
қатты айқай, ересектерге және балаларға қатысты жоғары жиілікті агрессия, өз-
өзіне агрессия, үлкендерге түкіру, алақанмен қол шапалақтау (өзін-өзі 
ынталандыру), себепсіз күлкі. 
Қазіргі таңда, тағы да үш бала жазу мен оқуды үйренді. Балалардың 
ешқайсысында ұнамсыз мінез-құлықтары жоқ, тек 2015 жылы келген ер балада 
сирек орын алатын айқай мен шапалақ қана қалды. Балалар топтық және 
фронталдық нұсқаулықтармен жүруді үйренді. 7 баланың төртеуі тьютордың 
қолдау көрсетуінсіз өз беттерімен дене шынықтыру, бейнелеу өнері, музыка, 
еңбек сияқты сабақтарға қатыса алады. Үшеуі көбейту кестесін меңгерді, 
қалғандары калькуляторды қолдануды үйренді. Сөйлеу қабілеттері айрықша 
өзгерді, балалардың бесеуі сұрақтарға жауап береді. Екеуі көптеген 
тақырыптардағы диалогтарды қолдай алады. Біртіндеп сыныптағы 
оқушылармен қарым-қатынас жақсара бастады. Балалар асханада толығымен өз 
бетінше жұмыс істей алады, мектеп ішінде өз беттерінше жүре алады. Бес бала 
сабақтарда ұнамсыз мінез-құлықтарынсыз 45 минут отырады және мұғалімнің 
нұсқауларын орындайды.
2016 жылы жобаға Астана қаласының № 79 мектеп-лицейі мен № 25 орта 
мектебі қосылды. Қазір жобада 17 бала бар, барлығы сол немесе өзге де 
шаралармен тұрақты сыныптарға қосылады, ата-аналар академиялық, сөйлеу, 
әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларының алға жылжуын атап өтуде.


61 
Жобаға қатысушы мектептердің педагогтері тьютор немесе педагог-
ассистент аутизмді балаға тек алғашқы кездерде ғана қажет деген пікірді жоққа 
шығаруда. Деректерді талдау, қалыпты бала мен көптеген аутизмді балалар 
арасындағы алшақтықтың жылдан жылға ұлғаюын көрсетіп отыр. Ерекше 
ілгерлеушілік пен жақсы әлеуметтік дағдыларға қарамастан, мектеп 
қабырғасында аутизммен ауырған балаларға орта және жоғары буындағы 
көптеген пәндерді қабылдауы өте қиын. Практикалық тәдірибеге сүйене 
отырып, педагогтер мектептің орта буынынан бастап мектеп қабырғасында 
кәсіби бағдарлауды ЕБҚ білім алушылардың жеке бағдарламасына енгізуді 
ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет