Методические рекомендации для педагогов-ассистентов по сопровождению



Pdf көрінісі
бет5/72
Дата10.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#42268
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
қажеттіліктерін нақты білетін, осындай баламен жұмыстағы арнайы 
педагогикалық технологияларды меңгерген тьютордың сыныпта болуы 
мұғалімге балалар үшін деңгейі сәйкес келетін оқу материалын таңдауға 
көмектеседі. Осының нәтижесінде барлық оқушылардың білім алудағы ерекше 
қажеттіліктері қанағаттандырылады және барлық балалардың ерекше 
қажеттілігі бар балалардың ерекшеліктерін түсініп, қабылдаған жағдайында, 
балалар ұжымының ынтымақтастығының қажетті деңгейі қалыптасады.  
2. Кез келген туындаған мәселені тиімді шешу. Бұл жағдайда тьютор 
әдеттегі мұғалімнің серіктесінің рөлін атқарады, арнайы білім, білік және 
дағдының жоғары деңгейін меңгерген ол мұғалімге қажетті кеңестер береді. 
Тьюторлық қолдау кейбір әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді тиімді шешуге 
қажетті ресурс ретінде анықталады. Барлық балаларды білім беру ортасына 
табысты қосуға көмектесетін балалар ұжымындағы өзара қатынасты құру 
тьютордың жеке көзқарасына да байланысты болады.  
3. «Треккинг» (мүмкіндігі шектеулі баланы оның білім алуда ерекше 
қажеттілігіне байланысты басқа оқушылардан уақытша оқшаулау) және 
«стримингтің» (мүмкіндігі шектеулі баланы инклюзивті сыныпқа және одан 
қандай да бір табыстарға жеткен оқу және\немесе әлеуметтік әрекеттердің 
компонентеріне қосу) стратегияларының бірігуі.  
Тьютор мұғалімнің көмекшісі ретінде оқытудың құрамдастырылған 
тактикаларын жүзеге асыруға көмектеседі, балалар жеке оқу пәндері бойынша 
өздерінің қабілет деңгейіне сәйкес топтасқанда, сыныптың әлеуметтік аспектісі 
және басқа да кейбір оқу пәндері, қабілеттері әр түрлі оқушылар жалпы 
топтарға біріктірілген мейнстриминг мәнмәтінінде өтеді. Осыған байланысты 
тьютордың рөлі әрбір бала үшін бірыңғай бастау сәтін ұйымдастырудың және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет