Байланысты: білім беру процесінде ерекше білім беруге кажеттілігі бар балаларды қолдау бойынша педагог-ассистенттерге
қажеттілігі бар балалардың оқудағы үлгерімі мен әлеуметтік құзыретін арттыруға тікелей әсер етеді. Оқытушылар мен осындай қатынастың мақсатты ұстанымының арасындағы диалогтың мазмұнды жағынан қарағанда инклюзивті сыныптағы ЕБҚ бар балаларды қолдаудың әр түрлі командалық түрлері ерекшеленеді. Батыстық үлгілерде командалық тәсілдеменің «екеулеп оқыту» түрі жиі пайдаланылады, бұл әдеттегі мұғалім мен мұғалім ассисентінің арасында тығыз байланыс орнатуды қарастырады. Бұндай тәсіл ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың жеке бағдарламасының мазмұнын барынша сапалы қалыптастыруда өзара жауапкершілікті бөлісу жүйесін құрастыруға көмектеседі.
Біздің пікірімізше, жұмыстың бұндай түрі өте өнімді, себебі бұл жағдайда командалық тәсілдемені жүзеге асыру жалпы және арнайы білім беру элементтері құрамдасатын икемді оқу бағдарламасын қалыптастыруға негіз болады, бұл бір жағынан мүмкіндігі шектеулі баланың жеке қажеттілігін, ал екінші жағынан бала меңгеруге тиісті оқу пәнінің мазмұнын есепке алуға мүмкіндік береді. Инклюзивті сынып жағдайындағы тьюторлы қ қолдау ретіндегі
талдаудың технологиялық бірлік көрсетікшінің рөлін сипаттай отырып, батыстық зерттеушілер Т.Е. Смит, Г. Банч және Д. Митчелл тьюторды (арнайы
мұғалім) тиімді инклюзивтік білім беруді құрудың жетекші субъектісі ретінде анықтайды [4]. Оның атқарымдық қолданысы барлық балалардың
7
бұзылыстарының айқындығына қарамастан олардың сан алуан түрлі қабілеттері мен мүмкіндіктерін теңестіру болып табылады. Технологиялық жоспарда тьюторлық қолдау бірқатар маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: 1. Лайықты оқу тапсырмаларын әзірлеу. Баланың білім алудағы ерекше