Методические рекомендации и инструкции по решению заданий международных исследований


-мысал. «ТҮРЛІ ТҮСТІ КӘМПИТТЕР» тапсырмасы 1-сұрақ



бет27/114
Дата03.02.2022
өлшемі9,88 Mb.
#24799
түріМетодические рекомендации
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   114
4-мысал. «ТҮРЛІ ТҮСТІ КӘМПИТТЕР» тапсырмасы

1-сұрақ: Робертке анасы қораптың ішіне қарамай қораптан бір кәмпит алуға рұқсат етті.

Диаграммада қораптағы әр түрлі түстегі кәмпиттердің саны көрсетілген.


Роберт қораптан қызыл кәмпитті алуының ықтималдығы қандай?

А) 10%; В) 20%; С) 25%; D) 50%.

Орындауды бағалау:

1) жауабы толығымен қабылданады – 1 балл.



Код 1: 20%

2) жауап қабылданбайды.

Код 0: Басқа жауаптары.

Код 9: Жауап жоқ.



Берілген тапсырма: 1 деңгейлі құзыреттілікті – байланысты орнатуды тексереді.

Мазмұн бөлімі: анықталмағандық.

Жағдаят: жеке өмір.
5-мысал. «КІТАП СӨРЕЛЕРІ» тапсырмасы

1-сұрақ: Кітап сөрелерінің бір жиынтығын жасау үшін ағаш шеберіне мынадай бөлшектер қажет:

4 ұзын ағаш тақтай,

6 қысқа ағаш тақтай,

12 кішкентай қапсырма,

2 үлкен қапсырма және

14 бұрандалы шеге.

Ағаш шеберінде 26 ұзын ағаш тақтай, 33 қысқа ағаш тақтай, 200 кішкентай қапсырма, 20 үлкен қапсырма және 510 бұрандалы шеге бар.

Аталған бөлшектерден шебер ең көп дегенде неше кітап сөресін жасай алады?

Жауабы:...................................



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет